Digital • 31 Желтоқсан, 2024

Отандық стартап олжасы

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Astana Hub» алаңында «Draper University»-мен серіктес­тік аясында жүзеге асырылатын «Hero Training» бағдар­лама­сының үшінші легі қорытындыланды. Бес апталық акселерациядан өткен стартаптар өз өнімдерін жетілдірумен қатар, БАӘ, Қырғызстан және басқа елдермен серіктестік байланыстарын нығайтып, АҚШ нарығында келісімдер жасасты.

Отандық стартап олжасы

Сурет: bluescreen.kz

Биыл бағдарламаға Қазақ­стан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінен 49 стартап өтінім берді. Алғашқы іріктеу кезеңі мен онлайн диагностикадан кейін үздік 10 жоба таңдалды. Қорытынды кезеңге шыққан стартаптар арасында отандық «Outpeer», «Beksar», «BULT», «BeyimTech», «AMAN», «Oqylyq», «Ecodata», «Pwron.ai», «Q-send» және қырғызстандық «Onbir.app» стартаптары бар.

«Hero Training» бағдар­ламасы өз тиімділігін дәлелдей отырып, стартаптардың ауқым­ды деңгейге шығуына мүм­кіндіктер ұсынып келеді. Алдыңғы лектерде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжік­стан, Моңғолия, Әзербайжан және Түркиядан 37 финалист қатысып, олар жалпы 2,7 миллион доллар инвестиция тартты. Біз стартаптарды жаңа деңгейге көтеріп, олардың ғаламдық деңгейге шығуына көмектесетін платформа ұсы­нып отырғанымызды мақтан тұтамыз»,  деді «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев.

Үшінші лек финалистері Кремний алқабындағы жетек­ші сарапшылардың мен­торлығымен жоғары нәти­желер көрсетті. Олар бірнеше воркшоптарға қатысып, «Survival Week» сынағы барысында экстремалды жағдайда өмір сүру және жылдам шешім қабылдау дағдыларын игерді.

Айта кетейік, тарихта ал­ғаш рет елімізден шыққан «BeyimTech» компаниясы «Hero Training» бағдарламасында бірінші орын иеленіп, 26 елден келген 70 қатысушының арасынан «Draper University 2024 үздік командасы» атағын алды.

«Стартабымыздың цифр­лық білім беру саласындағы инно­ва­циялық шешім ретінде мойын­да­луы біздің алдағы да­муы­­мызға жол ашады. Енді ком­па­­ниямыздың атауы «Draper University»-нің құрмет тақтасынан орын алатын болады. Сонымен қатар біз «Arizona State University»-мен стратегиялық серіктестік орнатып, «beyim.ai» платформамызды енгізу бойын­ша келісім жасастық. АҚШ-тағы «GSV Cup 50» беделді жүлдесіне үміткер атанғанымыз да мақтанышпен айта аламыз», деді «BeyimTech» компаниясының бас директоры Нұрсұлтан Дүйсебаев.

Сонымен қатар еліміздегі ал­ғашқы цифрлық және физи­калық қауіпсіздік қызметін ұсынушы – «AMAN» жобасы да бірнеше гипотезаны сынап көріп, АҚШ нарығына шығуға қажетті құнды ақпарат жинады.

«Біз 26 елден келген стар­тап­тардың негізін қалаушы­ларымен таныстық. Бұл  бізге халықаралық масштабқа шы­ғу мүмкіндіктерін ұсынды. Сондай-ақ бағдарлама бізге көшбасшылық дағдыларды меңгеріп, команда ішінде жұмыс істеуге көмектесті», деді «AMAN» компаниясының негізін қалаушы Шыңғыс Ерболат.

Блокчейн негізінде ақша аударымдарын жасауға арналған платформа «Q-Send» АҚШ және Қырғызстан компанияларымен серіктестік орнатты. Ал бизнес-процестерді автоматтандыру және мәліметтерді талдау мақсатында жасанды ин­теллектіні қолданатын стар­тап – «Pwron.ai»  Майами нары­ғында сату туралы келісімге қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30