Оқи отырыңыз
Абай хакімнің өлмес өлеңдері Алашты асып, Түркия төрінде салтанат құруда. Ақын мерейтойын елімізден бөлек түркітектес халықтардың көбі атап өтіп жатыр. Мерейтойға тарту ретінде Түркияның опера әншісі Айбен Ерсой ұлы ойшылдың әнін әуелетіп, тіпті бейнебаян да түсірді. Бұл туралы газетіміздің сайтында алғаш жариялап, оқырмандарымызға Ұлыстың ұлы күні қарсаңында сүйіншілеген болатынбыз. Кейін ҚазАқпарат тілшісі, әріптесіміз Айжан Серікқызы әншімен сұхбаттасып та үлгерген екен.
27 Наурыз, 2020
Бір әндер болады, бір ғана елде, бір ғана жерде айтылады. Өйткені ол ән о баста сол топырақта туған. Сол төңіректің әншілері ғана біледі. Келе-келе ол өнерпаздар дүниеден өтеді. Есіл ән иесінен айырылып, қарапайым жандардың жүрегінде ғана сақталған. Бірақ өріс жая алмаған...
27 Наурыз, 2020
Театр – қызық әлем. Өнер қандай көркем болса, сахна сыртындағы сыр одан да әсерлі, шытырман. Театр өлкесінің ескірмейтін естелікке толы шымылдық сыртындағы сондай сан қырлы сырларының бір парасын кезінде Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белді әртісі болған, бүгінде елордалық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың өз аузынан халықаралық театр күні қарсаңында арнайы барып жазып алған едік. Қалың көрермен үшін жұмбаққа толы әлемнің біраз құпиясы тарқатылған естелік-сырласу сұхбаты газетіміздің оқырмандарын да бейжай қалдырмайды деп сенеміз.
27 Наурыз, 2020
Қаншалықты қисынды екенін қайдам, қазіргі біздің қоғам «қазақты не құртады?» деген қыңыр сауалмен бас қатырып, қызылкеңірдек болып қырқысып жатады. Ортаға осындай сұрақ тасталғанда таласып, тартысып отырып, жіпке тізгендей талай кертартпа кем-кетігіміз түгенделіп қалады. Таяқтың бір ұшы тоқмейіл пейілді тәубешілдігімізге келіп тиеді.
27 Наурыз, 2020
Екінші дүниежүзілік соғысқа сандаған қазақ офицер-ұшқыштың қатысқаны тарихтан белгілі. Ал бізге олардың көшін бастап тұрған әйгілі ұшқыш Талғат Бигелдиновпен тұстас бірнеше ұшқыштың ғана аты-жөндері таныс. Көпшілігін біле бермейміз. Есімдері мен ерлік істері аз айтылып келген ұшқыштардың бірі – Рашид Нұрсұлтанұлы Бекетов.
27 Наурыз, 2020
Алматыға ақшамен кіріп-шығуға болатыны туралы ақпараттар расталған жоқ
Бүгін Алматы полициясы қаланың шекарасынан ақылы түрде өту мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тараған хабарлардың ешқайсысы расталмағанын мәлімдеді.
26 Наурыз, 2020
12 жыл бір мүшелге жатады. Яғни, адам 12 жасқа толып, 13-ке аяқ басқанда алғашқы мүшелді толтырып, «Бозбала» немесе «Бойжеткен» атанады. Екінші мүшел – 25 жас. Нағыз жігіттік кезең. Үшінші мүшел – 37, төртінші мүшел – 49, бесінші мүшел – 60 жас... осылай кете береді. Ежелгі түркілер 5 мүшелді, яғни 60 жылды бір цикл (жарын) деп атап («Григориан» жыл есебіндегі ғасыр сияқты), заман барысын жаңартып отырған.
26 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда соңғы тәулікте 14 адамның қайдан індет жұқтырғаны анықталды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында елордада соңғы тәулікте 14 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғанын айтты.
26 Наурыз, 2020
Түркияда коронавирустан тағы 15 адам көз жұмды
Түркияда соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны 561-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды.
26 Наурыз, 2020
Алматы: Көгершіндер неден қырылуы мүмкін?
Алматыдағы Ауыл шаруашылығы министрлігі 28 панфиловшылар саябағында құстардың қырылып қалу себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Сәкен Ділдахмет facebook парақшасында мәлімдеді.
26 Наурыз, 2020
Мәжіліс Төрағасы Президент тапсырмаларының орындалуына қолдау білдірді
Мәжіліс Төрағасы, «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин фракция депутаттарының атынан төтенше жағдай кезінде елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету және коронавирус эпидемиясының таралуына қарсы әрекет ету үшін қабылданатын шараларға қолдау білдірді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Наурыз, 2020
Мәжілісте бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы заң жобасы мақұлданды
Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Наурыз, 2020
iQala қалалық қызмет көрсету орталығы онлайн режимге көшті
Орталық кеңседе азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
26 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан қаласында карантин аумағын кесіп өту бойынша 56 факт тіркелді
Қазақстан астанасында наурыздың 19-25 аралығында карантин аумағын кесіп өту бойынша 56 факт тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция басқармасының басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді.
26 Наурыз, 2020
«Астана Опера» көп рет қолдануға болатын маскалар тігуде
«Астана Опера» коронавируспен күрес мақсатында көп рет қолдануға болатын маскаларды әзірлеуге кірісті. Басшылық алғашқы партияны UMC корпоративтік қорының Ұлттық балаларды оңалту орталығына тапсыру туралы шешім қабылдады, ол жерде әрбір 25 күні 300-313 бала 230 ата-анасымен ем қабылдауда. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
26 Наурыз, 2020
Бауыржан Байбек: 11 600-ден астам отбасыға көмек көрсетілді
6 күнде бүкіл ел көлемінде 11 600-ден астам отбасыға 214 млн теңгеге көмек көрсетілді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook парақшасында жазды.
26 Наурыз, 2020
Шымкентте адам көп шоғырланатын орындарға дезинфекция жасалынды
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және Арбат демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді.
26 Наурыз, 2020
Өскеменде кәсіпкерлер төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды
Облыс орталығындағы көңіл көтеру мекемесінің иесі тыйым салуды елемей, жұмысын 22.00-ден кейін жалғастырғандығы үшін қамауға алынды деп хабарлайды жергілікті Устинка газеті.
26 Наурыз, 2020
АҚШ Сауд Арабиясынан мұнай соғысын тоқтатуды сұрады
Америка Құрама Штаттары Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) көшбасшысы болып саналатын Сауд Арабиясын Ресеймен мұнай нарығындағы баға соғысын тоқтатуға шақырды. Бұл туралы CNBC жазды.
26 Наурыз, 2020
Маңғыстау: Полицейлер ерікті жастарды жұмысқа шақыруда
Маңғыстау облысы Полиция департаментi Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 16-22 жас аралығындағы жастарды ерікті жұмысқа шақыруда. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
26 Наурыз, 2020