Оқи отырыңыз
Төлқұжат мерзімі өтсе де жарамды
Төтенше жағдай кезінде жеке құжаттарының мерзімі өтіп кеткен азаматтар жауапкершілікке тартылмайтын болды. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті хабарлады.
23 Наурыз, 2020
Баянауыл ауданын су басу қаупі бар
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегеновпен бірге аудандағы су тасқыны қаупі бар аумақтарды арнайы тікұшақпен аралап шықты.
23 Наурыз, 2020
Таразда 4000-ға жуық медициналық маска тегін таратылады
Әлемді шарпыған аты жаман індеттен барынша қорғану – әрбір адамның міндеті. Дәрігерлердің белгілеп берген сақтану жолдары – қауіптің алдын алудың тиімді жолы. Десе де, Жамбыл облысында медициналық маскалардың тапшылығы туралы тұрғындар тарапынан талай сын айтылды. Нәтижесінде, өңірде 70 мың данаға дейін медициналық маска шығарылатын болды. Ал, жуырда тараздық «Асыл-Ай» тігін фабрикасы өз есебінен 1000 медициналық маска тігіп, оны көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін таратқан болатын.
23 Наурыз, 2020
Президент тапсырмасын орындау үшін Алматыда жол картасы жасалады
Алматыда Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жедел жол картасы әзірленеді. Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президентінің Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия жиынында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі қалалық жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді.
23 Наурыз, 2020
Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінен Қазақстан азаматтары елге оралды
Қазақстан дипломаттарының күш-жігерімен Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінен Қазақстан азаматтары елге оралды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
23 Наурыз, 2020
Қостанай дәріханаларында медмаска жоқ болып кетті
Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бүгінге дейін аймақта коронавирус жұқтырғандар тіркелмегенін хабарлады. Қазір облыста 39 адам госпитальда жатыр. 41 адам – үй карантинінде. Эпидемиялық аһуал тұрақты.
23 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында шет елдерден келгендер оқшаулануда
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелмеген. Басқарма жүргізген мониторингке сәйкес, облыста ағымдағы жылғы 23 наурыз күнгі жағдай бойынша Италия сынды 1A санатындағы елдерден келген 3 азамат карантиндік стационарға оқшауланса, 1Б санатындағы елдерден келген 17 азамат үй карантиніне оқшауланған. Ал, Филиппин, Катар, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Таиланд, АҚШ сияқты 2-санаттағы елдерден келген 18 азамат медициналық бақылауға қоңырау шалу арқылы алынған.
23 Наурыз, 2020
Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат жалған
Бұл туралы Шодиев халықаралық қорының баспасөз қызметі хабарлады.
23 Наурыз, 2020
Мәскеуде оқушылардың қоғамдық көлікте жүру жеңілдігі уақытша тоқтатылды
Коронавирусқа байланысты Мәскеуде мектептер уақытша жабылып, оқушылар үйден онлайн оқу жағдайына көшірілген болатын.
23 Наурыз, 2020
Алматы полициясы бүгін арнайы көліктерін іске қосты
Бірнеше көлік құралы қала маңын аралап карантиннің шарттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды бүгін Polisia.kz.
23 Наурыз, 2020
Облыстар шекарасына блокпост қойылды
Батыс Қазақстан облысының Ақтөбе және Атырау облыстарымен шекарасына санитарлық блокпост қойылып, полиция мен санэпид қызмет мамандары кезекшілік етуге кірісті.
23 Наурыз, 2020
Короновирусқа байланысты үздіксіз зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдар бүгінге дейін вирус балалар үшін онша қауіпті емес екенін, ауру көбіне жеңіл түрде өтетінін айтқан болатын. Алайда соңғы зерттеулер бұл болжамды жоққа шығарып отыр.
23 Наурыз, 2020
Италияда эпидемияның өршуіне тестілеу стратегиясы әсер еткен
Италияда коронавирустың кең етек алуы елдегі демографиялық ахуал емес, тест жүргізу жүйесіне байланысты деп атап өтті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Брюс Эйлвард.
23 Наурыз, 2020
Коронавирус кезінде қазақстандықтарға Ресейге баруға тыйым салынбайды
Коронавирусқа қатысты шектеулер Ресейге баратын қазақстандықтар үшін ТМД елдері, оның ішінде Қазақстан және Абхазия, Оңтүстік Осетия азаматтары үшін 18 наурыз бен 1 мамыр аралығында тыйым салынбайды.
23 Наурыз, 2020
Ресей әскери мамандарын Италияға коронавируспен күреске аттандырды
Ресей Федерациясының Әуе-космос күштері Италияға 100 әскери мамандары мен техникаларын коронавирусқа жұмылдырды.
23 Наурыз, 2020
Өскеменнің екі көңіл көтеру мекемесі төтенше жағдай режимін елемеді
Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері рейд кезінде тәртіп бұзушыларды анықтады.
23 Наурыз, 2020
Алматы полициясы төтенше жағдай тәртібін бұзғандардың аты-жөнін жариялады
Полиция материалдары негізінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 15 істі қарады. Бұл туралы Алматы полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Наурыз, 2020
Ипотекалық төлемдерді үш айға кейінге қалдыруды ұсынды
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) Қазақстанда төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде мемлекеттік және меншікті бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынады.
23 Наурыз, 2020