Оқи отырыңыз
Табысын жасырған 46 отбасы 52 миллион теңгені қайтарды
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 3487 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған.
23 Наурыз, 2020
100 жылда бір рет Жерге үлкен ауру келеді. Сәйкестік пе?
«Жер бетіндегі адамзаттың саны қалыпты мөлшерден асып кеткенде оның саны табиғи жолмен реттеледі» деген пікір басым. Әр 100 жылда планетада пандемия өрши түседі деген теория талай ғасырдан бері айтып келеді. Мұны кездейсоқтық деп айтуға болады, бірақ хронологиялық дәлдік алаңдатады.
23 Наурыз, 2020
Қызылорда: Жалған ақпарат таратқаны үшін жауап беріп жатыр
Қызылорда полицейлері облыстың үш тұрғынын WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
23 Наурыз, 2020
Қарт адамдарға азық-түлікті еріктілер тасиды
RG Brands компаниясының өнімдері бар 5 мың қоржын Қазақстанның 18 қаласындағы жасы ұлғайған адамдарға жеткізіледі.
23 Наурыз, 2020
Мұнай баррелі – 21,32 долларға төмендеді
23 наурыздағы сауда-саттықтың ашылуында мұнайдың әлемдік бағасы 8–9% төмендеді. Бұған биржалардың мәліметтері дәлел, деп хабарлады Известия.
23 Наурыз, 2020
Екібастұзда бірнеше қабатты маскалар тігілуде
Екібастұзда кәсіпкер Гүлперизат Өтебаеваның тігін үйі негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Қыз ұзату тойына арналған қоржындар, әшекейлер, жасайды.
23 Наурыз, 2020
Ертіс-Успен арналарының суын пайдалану тиімді
Өңірдегі басты су көзі - Ертіс өзені. Өзеннің суы облыстың 3 қаласы мен 7 ауданы аумағынан өтіп, шаруалардың суармалы әдісті қолдануына мүмкіндік беріп отыр. Ал, екінші су көзі - 282 шақырымдық «Ертіс-Қарағанды» су арнасы. Келесі жылы аталған су арнасы маңындағы 40 мың гектар жер суармалы алқапқа айналады. Бұл Екібастұз және Ақсу қалаларына қарасты ауылдық аумақ тұрғындары үшін көкөніс өсіруге тиімді.
23 Наурыз, 2020
Бөрлі ауданында төтенше жағдайға байланысты тиісті шаралар қабылданды
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов Facebook парақшасында жазды.
23 Наурыз, 2020
Қаз-қалпында: Кеншілер астанасы және коронавирус елесі
Шаш алдыру керек болды да такси шақырдым. «Онлайн-такси» қызметін пайдаланып жүргенімізге бірер жылдың жүзі болған. Жалпы алғанда, өз басымның бұлардың қызметіне алғыстан басқа айтарым жоқ. Талай асыққан кезде жолымнан бір де бір қалдырған емес...
22 Наурыз, 2020
«Еңбекші қазақ» газеті: Наурыз – жыл басы
1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің №304 санына шыққан «Наурыз туралы» мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
22 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан - Қарағанды бағытындағы блок-бекеттен фоторепортаж
Тура бір сағаттан соң Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында вирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шаралары күшіне енеді. Яғни, елдегі ең ірі екі қалаға кіріп-шығу 22 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап тоқтатылады.
21 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтанда тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
21 Наурыз, 2020
Ұлттық фильмдерді онлайн бірге тамашалайық!
Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын үйде отырып тойлаудың да өзіндік пайдасы бар. Қазан толы көжені ыстық пештің үстінде бүлк-бүлк қайнатып қойып, ұлттық фильмдерді көруден асқан қандай рухани мереке болуы мүмкін!? Ендеше, мұндай тамаша демалыс күндерін бос жібермей, қазақ кинематографиясының алтын қорында сақталған ұлттық өнер жауһарларын бірге тамашалайық, құрметті киносүйер қауым!
21 Наурыз, 2020
Түркістанда үй тонағандардың жолы кесіледі
Бүгінгі күні Түркістан облысында пәтер ұрлығы қылмысының ашылу көрсеткіші артып келеді. Ұрлықтың алдын алу мен болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері қырағылық танытуда. Әсіресе, криминалды полиция бөлімінде қызмет атқаратын шенділердің еңбегі жоғары.
21 Наурыз, 2020
Қазақстандық туристердің шетелден оралуы туралы брифинг өтіп жатыр (видео)
Қазақстандық туристердің шетелден оралуы, сондай-ақ пайдаланылмаған туристтік пакеттердің төлемақысының қайтарылуы туралы брифинг өтуде.
21 Наурыз, 2020
Президент Үкіметтің алдында тұрған аса жедел әрі шұғыл міндетті атады
Мемлекет басшысы пандемияға қарсы еліміздегі күрес жұмыстарын үйлестіретін Орталықтың жұмысымен танысты.
21 Наурыз, 2020
Меценант Серік Толықбаев 200 млн теңге аударды
Коронавируске қарсы күрес мақсатында арнайы қолдау танытып жатқандар көп. Солардың бірі - меценат Серік Толықбаев.
21 Наурыз, 2020
Жас жазушы Мирас Мұқаштың бұл әңгімесі алғаш жарияланған 2007 жылдары кітапсүйер қауымның жапа-тармағай сүйсіне оқығаны күні кешегідей әлі есте. Өмірде түу шалғайға алыстаса да, көңілде мәңгі сақталған сол бір алғаусыз бала шақ кімнің де болсын сағынышқа толы ең аяулы естелігі. Қайта оралмас сол уақыттарда біреудің қуанышы, біреудің қайғысы, біреудің өкпесі, енді біреудің сағынышы қалды. Бәлки осы үшін де мына жұрт тұнық шақтың бір үзігін «Меруерттен» көре қалып, сағыныса қауышқандай болатыны. Тіптен алғашында-ақ оқығандар автор туралы сөз қозғай қалсаң, бұрынғы «Ащы алма», бертіндегі «Шырғалаң» мен «Ауланы» ауызға алмастан, «Меруертті» ойлап, ескі бір жылдардағы ып-ыстық естелігі есіне мезет түсе қалғандай, көңілі тебірене босап, бір сұмдық күй кешеді. Дәстүрлі баяндауға құрылған әңгіме анау айтқандай классикалық шығарма атанбаса да, «Меруертті» оқығанның һаммасы Меруертті ұмытпайды. Сәл асыра сілтеп айтсақ, жымиғанда бетінде сәл ғана шұңқыр пайда бола қалатын нәркес көзді қыздарды кезіктірсең, Меруерт емес пе екен деп елеңдейсің. Шынында, автор сол бір бейнені кездестірді ме екен?..
21 Наурыз, 2020
Азық-түлік сатып аларда да вирус жұқтырудан сақтану керек
Сауда орындарында азық-түлік сатып аларда өзіңді вирустан қалай қорғау керек? Заттардың сыртқы орамасынан ауру жұқтырып алу қаупі бар ма? Эпидемия кезінде балаларды далаға шығаруға бола ма? Елдің көкейінде жүрген бұл сауалдарға әйгілі Asklepios клиникалар желісі аурухана гигиенасы бөлімшесінің жетекшісі, Гамбургтың пульмонологы, медициналық кеңесшісі, доктор Сюзанна Хаггет жауап беріпті. Жұртшылыққа пайдалы кеңес болғандықтан біз де сұхбатты тәржімалап, оқырман назарына ұсынып отырмыз.
21 Наурыз, 2020
Меценат С. Сейтжанов коронавирус індетіне қарсы күреске 100 млн теңге бөледі (видео)
Елдегі төтенше жағдай кезінде коронавируспен күрес үшін тынбай еңбек етіп жатқан мамандарға қолдау білдірушілер көбейіп келеді. Бұл жолы Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын шымкенттіктер іліп әкетті. Меценат Серікжан Сейтжанов коронавирус індетіне қарсы күреске компаниясы атынан 100 млн теңге ақша аударатынын мәлімдеді.
21 Наурыз, 2020