Оқи отырыңыз
АҚШ: Барлық елдерге виза беру тоқтатылды
Коронавирус пандемиясына байланысты Америка Құрама Штаттары шетел азаматтарына виза беруді белгісіз мерзімге тоқтатты. Бұл туралы Қазақстандағы Америка Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
21 Наурыз, 2020
Түйенің түйгендері «Түйе байқұс бойына сенемін деп жүріп, жылдан құр қалыпты», деген сөз сонау ықылым заманнан бері айтылып келеді. Енді бірде: «Түйенің танығаны жапырақ» деп мені кемсітеді. Сол айтқыштардың айтуынша, жер бетіндегі мақұлықты тұтас жиып жаңа жылды қарсы аламыз депті, дейді. Түйенің үстіне мына келген жылдың иесі тышқан шығып алып: «Әне, жыл келе жатыр» – деп айқайлапты. «Түйе жарықтық аңқаулығының арқасында жылдан құр қалыпты» деген сөз содан тараған деседі. Сол жиында сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, маймыл, тауық, ит, доңыз атаққа іліккен. Алыстағыны бойы ұзындары бірінші көрсе – жылқы қайда қалған. Қоян, ұлу, жылан жылқыдан қалай бұрын тұр? Сондықтан, мен он екі жылдың тұтас құрамына қарсымын. Мәңгі осы он екісі басқара ма? Мен әрқайсының істеген ісі, қоғамға келтірген пайдасы мен залалы жайлы айтпақпын. Жыл басы Тышекең өзінің тұқымдас жүздеген түрі барын біле ме? Жайнап тұрған бау-бақшаны қазып тастайтын көртышқан атты бауырына күні бүгінге дейін қой деген емес. Мұнысымен қоймай, ішіп отырған адал асыңды аралап кетеді. Тұмау таратады. Қағазды көрсе, жүндей түтеді. Соңғы жылдары тісі қышығаны сонша, пластмасса құмыраны да тесіп тастайтын бопты. Ауыл мен қаладағы егеуқұйрық пен тышқан қиын болып тұр.
21 Наурыз, 2020
Наурыз мерекесінің рухани маңызын зорайтатын тетіктерінің бірі – татулық мейрамы екендігі. Яғни наурыз күні араздасқан адамдар кешірісіп, татуласады. Өйткені татулық – берекенің басы. «Төртеу түгел болса – төбедегі келеді, алтау ала болса – ауыздағы кетеді» дегендей татулықтың туы желбіреген жерде елдің ырысы өседі, бағы артады, болашағы баянды болады.
21 Наурыз, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясының Наурыз мейрамымен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы – өзара түсіністікті, мейірімділікті, бірлік пен татулықты және келісімді бейнелейтін айрықша мереке. Көктемнің шуағы мен үкілеген үміттеріміз рухани жаңаруға ықпал етеді.
21 Наурыз, 2020
COVID-19: Сыртқы істер министрлігінде тәулік бойы жедел штаб жұмыс істейді
Біздің дипломаттар шетелде жүрген Қазақстан азаматтарынан күнделікті келіп түсетін жүздеген хабарламалар мен телефон қоңырауларын өңдейді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
20 Наурыз, 2020
Израиль ғалымдары коронавирусты 30 секундта анықтайтын жаңа әдіс ойлап тапты
Дүниежүзіне жаппай таралып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина ойластырып, індетті жылдам анықтайтын экспресс-тестер шығарып жатқанын қазір көптеген елдер жарыса айтуда. Күні кеше Израиль ғалымдары адам бойындағы вирус жұқпасын жарты минутта анықтайтын бағдарлама ойлап тапқанын қуана жариялады.
20 Наурыз, 2020
Жеке және заңды тұлғалардың кейбір құқықтарына шектеу қойылады - Марат Бекетаев
Төтенше жағдай кезінде жеке және заңды тұлғалардың кейбір құқықтарына шектеу қойылады. Азаматтар мұны түсіністікпен қабылдауы қажет. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар алаңындағы онлайн брифингте айтты.
20 Наурыз, 2020
Қазақстан Елшісі Камбоджа Короліне сенім грамоталарын тапсырды
Пномпень қаласында Қазақстанның Вьетнамдағы, сондай-ақ Камбоджа Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Ерлан Байжанов Ұлы мәртебелі Камбоджа Королі Нородом Сиамониге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
20 Наурыз, 2020
«Наурыз-думан» әні қалай туды?
«Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда». Осы бір рухты да салтанатты әннің Наурыз мейрамының бойтұмарына айналып үлгергені қашан. Әнмен бірге қазақтың жүрегі қатар соғып тұрғандай. Әннің бағы – Мұқағали Мақатаевтай ақиық ақынның кестелі сөзіне Талғат Сарыбаевтай кәсіби композитордың сырлы сазы үндесіп, оны Роза Рымбаевадай талантты әншінің орындауы. Міне, осы шығармашылық үштік одақ «Наурыз –думанға» ғаламат тағдыр сыйлады.
20 Наурыз, 2020
Тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер жауапқа тартылады
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мегаполистегі аумағы 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда үйлері мен сауда ойын сауық орталықтары жабылды. Мұндай шара адамдардың жиналуына жол бермеу үшін қабылданды. Алайда, осы орталықтарда орналасқан супермаркеттер, дәріханалар мен екінші деңгейлі банктер жұмысын жалғастырады.
20 Наурыз, 2020
Қазақ әдебиетінде жаппай форма іздеу науқаны жүріп жатыр
Қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар үш ақын қыз Талдықорған қаласында тұрады. Сағыныш Намазшамова, Гүлбақыт Қасен және Айнұр Төлеумен аймақтағы әдеби орта, шығармашылық байланыс және қаламгерізденісі жайында әңгімелескен едік.
20 Наурыз, 2020
АҚШ Президенті қосымша өкілеттіліктерге ие болды
АҚШ Президенті Дональд Трамп өнеркәсіпті коронавируспен күреске жұмылдыру үшін қосымша өкілеттіктерді жауапкершілігіне алатынын мәлімдеді. Бұл ақпаратты кеше golos-ameriki.ru таратты.
20 Наурыз, 2020
Елордада коронавирус жұқтырғандардың 68 пайызы 30-49 жас аралығында
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30-49 жас аралығында екенін айтты.
20 Наурыз, 2020
Қарағандыда екі адамның коронавирус жұқтырғаны расталды
Қарағанды қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев кеншілер астанасына Минск қаласынан ұшып келген екі жолаушыдан коронавирус ауруының белгісі табылғанын растады.
20 Наурыз, 2020
Коронавирусты суық тиюден қалай ажыратамыз?
CoViD-19 вирусын жұқтырғандар саны 179 мыңнан асты, оның 7,4 мыңы көз жұмған. Қытайдағы Ухан университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
20 Наурыз, 2020
Қостанай әуежайына Мысырдан келген ұшақ қонды
Бүгін Қостанай әуежайына «Шарм-эль-Шейх – Қостанай» бағытындағы ұшақ келіп қонды. Әуе жолаушыларын полиция қызметкерлері мен эпидемиолог дәрігер мамандар қарсы алды.
20 Наурыз, 2020
А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді
2020 жылғы 19 наурызда ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлады.
20 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жолаушыларға арналған теміржол рейстеріне қатысты ақпарат
Ағымдағы жылғы 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
20 Наурыз, 2020
«Онлайнға шығу оңай емес»: Интернеті жоқ ауылдағы студенттер сабаққа қатыса алмай жүр
Жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесіне көшкелі, ауылға оралған біраз студент кесте бойынша бекітілген күнделікті онлайн сабақтарға қатыса алмай жүр. Бұған кейбір елді мекендерде интернеттің жоқтығы себеп. Мәселен, Қарабалық ауданына қарасты Өрнек ауылына Алматы, Павлодар, Қостанай, Нұр-Сұлтан қалаларында оқитын 6 студент оралған. Мұндағы алты балаға Moodle жүйесі арқылы онлайн дәріс тыңдап, тапсырмаларды уақтылы орындау, оны қайта жіберу қиынға соғып отыр.
20 Наурыз, 2020
Түркістан: 13 тонна «құрғақ қымыран» Қытайға экспортталды
Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары қабылданды. Жоспарға сәйкес биыл Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында қосымша 3962 түйе сатып алынып, сүттің көлемі 14 250 тоннаға ұлғайтылуы тиіс. Осылайша, Түркістандағы түйе сүтін қайта өңдеу зауытының қуаттылығын 15 %-ға арттыру көзделіп отыр.
20 Наурыз, 2020