Аймақтар • 23 Наурыз, 2020

Қостанай дәріханаларында медмаска жоқ болып кетті

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бүгінге дейін аймақта коронавирус жұқтырғандар тіркелмегенін хабарлады. Қазір облыста 39 адам госпитальда жатыр. 41 адам – үй карантинінде.  Эпидемиялық аһуал тұрақты.

Қостанай дәріханаларында медмаска жоқ болып кетті

Таяуда аймақ басшысы облыстағы медициналық сақтандыру шараларына 2,1 млрд теңге бөлінгенін хабарлап, медициналық маска сатып алуға қомақты қаржы  жұмсалатынын айтқан. Алайда облыс орталығындағы дәріханаларда маска жоқ. Кейбіреуіне 1 айдан бері түспеген. Ең бастысы, соңғы күндері аптекаларға маска түсу тоқтап қалып отыр.  

Осыдан бір жеті бұрын «Большевичка» тігін фабрикасының медмаска шығаруға кіріскенін хабарлаған едік. Ресми орындардың мәліметінше, фабрика күніне 10 мың маска тігеді. Бірақ соның небары 500-і ғана Қостанай дәріханаларына түседі. Қалғаны тапсырыс берген ұйымдарға жөнелтіледі. Қалай десек те жергілікті кәсіпорын халықсұранысын толық өтей алмай отыр. Мәселенің анық-қанығын білмек болып, денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып едік, «Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті біледі»  деген жауап алдық. Ал аталған мекеме бұл мәселе біздің құзырымызда емес, - деді.

Бейресми деректер бойынша, қазір кейбір жеке тігіншілер қолдан маска тігіп сатуға көшкен. Оның қаншалықты қорғаныш болатынын ешкім білмейді.  

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15