Оқи отырыңыз
Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты
Қатаң тәртіппен жүретін әскери өмірде де шығармашылыққа орын бар. Мұның жарқын үлгісі – 5573 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Айдын Рахымов. Ол әскери қызметін өтей жүріп, мультфильм арқылы патриотизм мен достықты насихаттап жүр, деп жазады Egemen.kz.
28 Қазан, 2025
Ризабек Айтмұқан әлемдік аренада тағы бір жүлдеге қол жеткізді
Еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері Ризабек Айтмұқан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
28 Қазан, 2025
Химия пәнінен халықаралық олимпиада басталды
Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театрында Қаныш Сәтбаев атындағы 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанаты болды. Халықаралық олимпиада 27 қазан - 1 қараша аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
28 Қазан, 2025
Географиясы Гиннеспен өлшенген
Қазақстан – мұхитқа немесе теңізге тікелей шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі ел. Осы ерекшелігі үшін Қазақстан Гиннесс рекордтар кітабына енген.
25 Қазан, 2025
Астана – әлем картасындағы ең жас әрі жаңа қала. Елорданы жай ғана әкімшілік орталық емес, тәуелсіздіктің нағыз туындысы деуге болады.
25 Қазан, 2025
1991 жылы Семей полигонының жабылуы – адамзат тарихындағы ең үлкен гуманистік шешімдердің бірі.
25 Қазан, 2025
Кітап – ақыл мен білімнің қайнар көзі. Астанада Республика күні қарсаңында жаңа кітапхана ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәдениет саласының өкілдері қатысты. Кітапхана Астана қаласы әкімдігінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарайды.
25 Қазан, 2025
Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты
Азаттық алар тұстағы қазақ қоғамы жаңаша саяси жаңғыруды бастан кешіргені белгілі. Елдік мүддені көздеп, ұлт рухын оятқан ұрандар жиі көтеріліп жатты. Әсіресе 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында өмірге келген бейресми саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың белсенділігі жоғары еді. Олар әкімшіл-әміршіл жүйенің сеңін бұзып, демократиялық қоғам орнату мен мемлекеттік егемендік алуға қандай үлес қосты? Сол оқиғалардың бел ортасында жүрген белгілі қоғам қайраткері Дос Көшімді әңгімеге тартып, жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеген едік.
25 Қазан, 2025
600 роботты жұмысқа қабылдайды
Әлемдегі ең ірі электрондық коммерция алпауыты «Amazon» алдағы он жылда қойма жұмыстарын жаппай автоматтандыруды көздеп отыр. 600 мың жұмыс орнын роботтарға бермек.
24 Қазан, 2025
АҚШ армиясы ауадан таза су өндіретін инновациялық технология жасап шығарды. Жоба бойынша үшжылдық зерттеу және тәжірибелік келісім «AirJoule Technologies» компаниясымен жасалған.
24 Қазан, 2025
Әлемдегі ең жылдам пойыз жолға шығуға дайын. Сынақтың соңғы кезеңі ғана қалды. Қытай инженерлері жасап шыққан пойыздың жылдамдығы сағатына 453 шақырым, яғни қазіргі қолданыстағы жылдам пойыздардан 100 км/сағ-қа жоғары.
24 Қазан, 2025
Неке тұрақтылығы – татулық пен береке негізі
Отбасы – қоғамның басты тірегі, берік арқауы, ұлттың ұйытқысы. Мықты мемлекет ырыс-ынтымақты отбасыдан құралады. Отбасы құндылықтарын сақтау ел өміріндегі тұрақтылыққа, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамда моральдық негіздерді, отбасы құндылықтарын нығайту – Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыттарының бірі.
24 Қазан, 2025
Екі ел университеттері арасындағы әріптестік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемнің жетекші оқу орындарының филиалын еліміздің іргелі жоғары оқу орындарының жанынан ашу туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасынан Түркияның айтулы оқу ордаларының бірі – Гази университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді.
24 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жоба – «Таза Маңғыстау» тақырыбымен 45 күндік челлендж өтіп жатыр.
24 Қазан, 2025
Семейдегі «Абай-Арена» спорт кешенінде бокстан еліміздің чемпионаты мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасында өткен дүбірлі додаға 371 боксшы қатысты. Бұл – егемендік алғалы бергі ең жоғары көрсеткіш. 2024 жылы ерлер – 13, әйелдер 12 салмақ дәрежесінде бақ сынаса, биыл жүлделер World Boxing ұйымы бекіткен 10 салмақта сарапқа салынды.
24 Қазан, 2025
Темірлан Анарбеков үздік қақпашылардың үштігіне енді
Алматының «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасында тамаша өнер көрсетіп, Sofascore статистикалық порталының ең жоғары 10 балдық бағасын алған санаулы қақпашылардың бірі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қазан, 2025
Қазақстандағы ең бойшаң сарбаз теңіз жаяу әскерінде қызмет етіп жүр
«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихындағы ең бойшаң әскери қызметші — қатардағы сарбаз Әлішер Назымбек қызмет атқарып жүр. Оның бойы — 2 метр 9 сантиметр, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қазан, 2025
Мал дәрігеріне де мәртебе керек
Мал дәрігерінің байырғы мәртебесі келмеске кеткендей. Өйткені ветеринар маманның бейнеті қалың, жалақысы мардымсыз. Бұл енді жер-жердегі мәселе. Мәселен, біздің өңірде 100-ге тарта мал дәрігері жетіспейді. Мемлекет басшысы ветеринария саласын реформалау мен цифрландыру қажеттігін Жолдауда қадап айтқан болатын. Алайда аталған саланың айналасындағы шикіліктің көптігінен болар, кадр тапшылығы көп шаруаның шешілуіне кедергі болып отыр.
23 Қазан, 2025
Жасанды интеллект саласында жаһандық бәсеке күшейіп жатқан шақта «OpenAI» технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге кірісті. Компания енді өзіне тиесілі арнайы чиптерді шығармақ.
23 Қазан, 2025
Қытай әлемде тұңғыш төрт арналы кванттық бірфотонды детектор жасап шығарды. Аньхой провинциясындағы Кванттық ақпараттық инженерия зерттеу орталығында құрылғыға «Фотон ұстаушы» деген атау берілді.
23 Қазан, 2025