Аймақтар • Бүгін, 08:40

Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орналасқан түріктің «Nord Panels» компаниясы биыл наурыз айынан бастап ағаш қалдықтарын терең өңдеу жолымен әртүрлі көлемдегі жүктерге арналған ағашқап жасауды қолға алмақ. Компания жаңа жарақтарды сатып алу мақсатында «Солтүстік ӘӘҚ» АҚ-дан 670 млн теңге қарыз алған.

Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын

«Біз «Qyzyljar» арнайы экономика­лық аймаққа 2021 жылдан бастап кірдік. Бүгінге дейін фанералар шыға­рып келдік. Ағашты терең өңдеу­дің кластерін құрдық. Арнайы эконо­микалық аймақтың аумағынан  5 гек­тардай жер сатып алдық. Қазір аума­ғы 30 шаршы метрді алып жатқан зама­науи зауытымыз жұмыс істеп тұр. Оның қуаты жылына 50 мың текше метрге тең фанера шығаруға жетеді. Өнімнің түрі сан алуан. Оның ішінде құрылыс, көлік және жиһаз жасауға қолданылатындары бар», дейді кәсіпорынның атқарушы директоры Айваз Бакиров.

Жоғарыда айтқанымыздай енді кәсіпорын қалдықтардан ағашқап­тар құрастыруды қолға алып отыр. Мұн­­дайды дамыған елдер баяғы­дан шы­ғарады екен. Қалдықтан құ­растырылатын болғандықтан тара ретінде қолданылатын ағашқаптардың өзінді құны төмен. Ағашқаптар тер­миялық өңдеуден өт­кендіктен олардан фитосанитарлық сертификат талап етілмейді. Яғни, қосымша шығынға жол берілмейді. Сондықтан экспортерлер өз жүктерін мұндай қапқа салуға қуана келіседі.

Ағашқаптың төменгі бөлігі мың тоннадай салмақты көтере алады, бұл оның беріктігін айғақтайды.

«Біз Қазақстанда бірінші болып осындай өндіріспен айналысуды қолға алып отырмыз. «Солтүстік ӘӘҚ» біздің баста­мамызды қолдап, қарызды екі айдың ішінде рәсімдеп берді. Бұл өте жылдам уақыт деп санаймыз. Ақшаны аударған бойда Қытайдан алғашқы жа­рақтар келіп, қазір құрастыру жұ­мыс­­тары қызу жүріп жатыр. Жоспа­ры­мыз бойынша жылына 1 млн дана ағаш­қап өндіруді белгілеп отыр­мыз. Оны Қазақстанның барлық аймағы­на шы­ғарамыз. Сонымен қатар алыс-жа­қын шетелдерге де шығару ойымыз­да бар. Осы жаңа өндірістің арқа­сын­да кәсіпорнымызда қосымша 30 жаңа жұ­мыс орны ашылады», дейді А.Бакиров.

Айта кететін жайт, «Солтүстік ӘӘҚ» АҚ биыл облыс аумағында осымен төртінші инновациялық жобаны қаржыландырып отыр. Осыған дейін ӘӘҚ Петропавл қаласында жылыжай тұрғызу мен саңырауқұлақ егетін ферманы құруды қаржыландырған еді. Бұған қоса Айыртау ауданында құрғақ қымыз өндіретін зауытты қаржыландырған. Сонымен бірге Қызылжар ауданында жоңышқадан жемазық дайындайтын зауытқа да қаржы бөлген.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Сыр бойына жүгері де жерсінеді

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Цифрлық мәдени мұра

Мирас • Бүгін, 08:30

Үй емес, музей дерсің!

Мирас • Бүгін, 08:20