Оқи отырыңыз
Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
19 Шілде, 2019
Жастар «Абай» журналының жаңа шығарылымымен танысты
Абай атындағы әмбебап кітапхананың «Bilim ortalyǵy»-ында жастардың рухани құндылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет аясында Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ШҚО жастар мен балалар қауымдастығы Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен әдеби сағат өткізді.
19 Шілде, 2019
Қазақстандықтардың отандық автокөлік өндірісіне жұмсаған қаржысы көбейіп келеді
Бұған отандастарымыздың төлем қабілетінің жақсарғаны себеп болып отыр дейді мамандар. Бұл жаңалық бүгін Алматыда «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы 2019 жылдың І жартыжылдығында республиканың автоөндірушілерінің жұмыс нәтижелері туралы баспасөөз жиынында белгілі болды.
19 Шілде, 2019
Солтүстік Қазақстанға 169 дәрігер жұмысқа келеді
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов облыстық мәслихат депутаттары мен актив алдында алғашқы жарты жылдық бойынша есеп беріп, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге кеңінен тоқталды.
19 Шілде, 2019
Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды
Арыс қаласында орналасқан тұрғын үйлердің Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақта 14 көше барлығы 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан.
19 Шілде, 2019
Жаңа жұмыс орындары көбейіп келеді
Арал ауданында өз ісін ашып, ауыл тұрғындарына жұмыс көзін ұсынған кәсіпкерлер көбейіп келе жатыр. Өз кәсібін дөңгелетіп, іс бастаған кәсіпкерлік субъектілерінің саны бүгінде 4206-ға жетті. Оның 3665-ы тұрақты іс жүргізуде. Соның нәтижесінде ауданда 7547 адам тұрақты жұмыс тапқан. Өңірлік Коммуникациялар баспасөз қызметінің деректері осылай дегізеді.
19 Шілде, 2019
Көпбалалы отбасыларға бизнес бастауға мүмкіндік бар
Енді Қызылорда облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған гранттар беріле бастайды. Бұл 2021 жылға дейінгі аймақтық Жол картасы шеңберінде іске аспақ.
19 Шілде, 2019
Азаматтарға арналған үкімет арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
2019 жылдың І жартыжылдығында Азаматтарға арналған үкімет арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтып берді, деп хабарлады primeminister.kz.
19 Шілде, 2019
mGov жаңартылған мобильді қосымшасы биыл тамыз айында іске қосылады
Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов биыл тамыз айында mGov жаңартылған мобильді қосымшасын енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Мобильді қосымшадағы қолжетімді қызметтер тізімі апта сайын жаңартылатын болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Шілде, 2019
Петропавл тұрғыны сәбиді ажалдан арашалап қалды
Дмитрий Зайцев есімді азамат төртінші қабаттың терезесіне шыққан сәбиді құтқармағанда оның ақыры қайғылы оқиғаға соқтырары кәміл еді.
19 Шілде, 2019
Вице-министр телефонға қауіпсіздік сертификаты не үшін керектігін түсіндірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов ұялы байланыс операторларынан абоненттерге қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігі туралы тараған SMS-терге қатысты түсінік берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
19 Шілде, 2019
Арыс балалары Бөбекте демалады
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында балаларды профилактикалық-сауықтыру демалысының «Денсаулыққа қадам» жобасы басталды. Бұл маусымда орталықтың қонақтары - осы жылғы жазда ауыр оқиға болған Арыс қаласының балалары.
19 Шілде, 2019
Сауда үйінде дүниеге келген сәби
Енесімен бірге қайынапасының үйінде қонақта болған Зәуре қайтар жолда «Керуен» сауда үйіне соға кетуді жөн көрді. Ол айы-күні жақындап жүргенімен, дәл сол күні аяқ астынан толғақ қысады деп ойлаған жоқ еді. Алайда бижутерия бутигіне бас соққан кезде осындай күйге тап болғанын жас келіншек өзі де сезбей қалды. Қасында енесі мен қайынапасы болғаны қандай жақсы болған. Аман-есен босануына сатушылар да қол ұшын берді. Ең бастысы бәрі де сыни сәтте аспай-саспай, абыржымай сәбидің дүниеге келуіне көмек берді.
19 Шілде, 2019
«Аралтұз» АҚ Арыс тұрғындарына қаржылай көмек берді
«Аралтұз» АҚ Арыс қаласының тұрғындарына өз қаражаты есебінен бір күндік жалақы қорынан материалдық көмек көрсетті.
19 Шілде, 2019
Отандық жеңіл атлеттер Беларусь ашық кубогінен екі медаль жеңіп алды
Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогінің алғашқы жарыс күні аяқталып, қазақстандықтар екі медаль еншіледі. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
19 Шілде, 2019
Ғасыр бұрынғы оқулықтардағы ғақлия
«Бұ дүниеден түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақтың арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», депті саналы ғұмырын ұлт қызметіне арнаған Алаш арысы Халел Досмұхамедұлы.
19 Шілде, 2019
Павлодардағы «Сарыарқа» шағын ауданында мердігердің кесірінен қыс кезінде қиындық болуы мүмкін
Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде 2417 тұрғын үй қысқа дайындалуда.
19 Шілде, 2019
Асхат Маемиров: «Өнер оқу орнындағы транспаренттілік – заман талабы»
– Асхат Максимұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында биылғы оқуға қабылдау жүйесіндегі айқын жаңалық – академия ғимараты алдындағы алаңға арнаулы LED экран қойылып, 8-13 шілде аралығында өткен шығармашылық емтихан тапсырған талапкерлердің өнерін олардың ата-аналарының, жақындарының және жалпы ықылас білдірген көпшіліктің көріп тұруына жағдай жасалуы болды. Бұл идея әу баста неден туындады?
19 Шілде, 2019
Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін
Жаз аптабының кейде апатқа ұрындыратыны бар. Аспан айналып жерге түскен болған ыстықта өрт шығу ықтималдығының жоғары болатыны елдің бәріне белгілі. Әсіресе табиғаттың байлығы саналатын орман алқаптарының да бір сәтте отқа орану қаупі осындайда туындайды. Сонымен қатар табан ақы, маңдай терімен жер жыртып, егін еккен диқандардың да әп-сәтте еңбегі еш, тұзы сор болып шығуы мүмкін.
19 Шілде, 2019
20 әйел «Жәрдем» жобасымен тігіншілік курсынан өтті. Олардың арасында көп балалы аналар, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен отырған немесе түрлі жайтқа орай үйден шыға алмайтын әйелдер бар. Шараны Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен «Ютария» тігін фабрикасының қолдауымен ұйымдастырды.
19 Шілде, 2019