Оқи отырыңыз
Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысындағы ең шалғай аудандардың бірі. Әрдайым орманды даласымен, жалпы табиғат байлығымен, алтын кеніштерімен ерекшеленген аудан бүгінде ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өнім өндіру орталығына да айналып келеді.
17 Мамыр, 2019
Қарағандыдағы «Мәміле» клубының танымалдығы артып келеді
Кеншілер астанасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптей отырып, қолайлы тілдік орта қалыптастыру мақсатында биылғы жылдың басында «Мәміле» сұхбат клубы құрылған болатын.
17 Мамыр, 2019
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі еліміздің заңнамаларына 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен бірге шетелге шығу кезінде фотосуреттерін олардың төлқұжаттарына жапсыру талабын алып тастау бойынша түзетулер енгізуде.
17 Мамыр, 2019
Cyber & Digital Security-2019 атты конференция өтті
Астана экономикалық форумы аясында өткен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференцияға АКТ саласының, АТ-компанияларының, мемлекеттік орган және бизнес-орта өкілдері қатысты. Кәсіби қауымдастық ғаламдық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ағымдағы тапсырмалар мен мәселелерді бірлесе шешу жолдарын талқылады. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Әлеуметтік желіде кең таралған видеода Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаевтың бір топ адамның алдында күрең төбел атқа секіріп мінген сәті жұртшылық арасында қызу талқыланып жатыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жетіп, Президент Твиттердегі парақшасында аталған жайтқа қатысты Ішкі істер министрлігінің басшысына арнайы тапсырма бергендігін хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Мексикада Қазақстандағы сайлау туралы ақпарат ұсынылды
Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов жергілікті БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен саясаттанушылар үшін Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға арналған баспасөз конференциясын өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
17 Мамыр, 2019
Адам құқықтары бойынша есеп тыңдалды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің елдегі адам құқықтарының ахуалы туралы жыл сайынғы есебінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық ортаның және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
17 Мамыр, 2019
Теректіде «Туған жер – тұнған тарих» атты конференция өтті
Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының орталығында «Туған жер – тұнған тарих» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында тарихшы ғалымдар мен өлкетанушылар Теректі өлкесінің арғы-бергі тарихына тоқталып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.
17 Мамыр, 2019
Ақжайықта оқушылардың аймақтық айтысы өтті
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ақын Жұбан Молдағалиевтың келер жылғы 100 жылдығына, «Мен қазақпын» поэмасының жазылғанына 55 жыл толуы құрметіне орай мектеп оқушылары арасында аймақтық айтыс өтті.
17 Мамыр, 2019
«Ақтерек» ауылында 5 отбасы баспаналы болды
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ақтерек ауылы жайында ел-жұрт жақсы білуі тиіс. Осы ауылда белгілі меценат, ел мен жер жанашыры Темірлан Шайнүсіпов тұрады. Шағын ауылдың шашуын шығармай, «Ақтерек» атты шаруа қожалығына біріктіріп отырған шаруақор басшы жыл сайын жаңа үй салып, тұрғындарды толықтай баспанамен қамтуға ұмтылып келеді.
16 Мамыр, 2019
Әйгілі бапкер альпинизм тарихы жайында әңгімеледі
Алматы қалалық альпинизм федерациясы «Қазақстан альпинизмінің тарихы» атты тақырыпта дәріс оқуды жақсы бір дәстүрге айналдырды. Бұл жолы КСРО-ға еңбек сіңірген жаттықтырушы, 40 жылдан аса уақыт бойы әскерилердің спорт клубы мен Қазақстан құрамасына жетекшілік еткен білікті бапкер Ерванд Ильинский Қазақтың Спорт және туризм академиясының студенттерімен кездесіп, әлемнің ең биік шыңдарына шыққан қазақстандықтар жайында әңгіме қозғады.
16 Мамыр, 2019
Елімізге көпфункционалды Авантрон емдік аппараты әкелінді
Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығына көпфункционалды бірегей экстракорпоральді магниттік ширықтыру (ЭМШ) жамбас бұлшықеттеріне арналған аппарат – АВАНТРОН әкелінді. Енді ол жамбас бұлшықеттерін емдеу үшін ғылыми орталық пациенттеріне қолжетімді.
16 Мамыр, 2019
Жалағашта кәсіпкерлік қанатын кең жайып келеді
Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Таң LTD» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылған спорт кешенінің жұмысымен танысып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.
16 Мамыр, 2019
Қызылорда облысында 100 орындық аурухана салынады
Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап көрді және аудандық аурухананың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
16 Мамыр, 2019
XVI Еуразиялық медиа форумының хэдлайнері кім?
XVI Еуразиялық медиа форумының спикерлері құрамында белгілі саяси қайраткер, қазіргі АҚШ президенті әкімшілігінің ең беделді қызметкерлерінің бірі болған Стивен Бэннон және тағы басқалар бар.
16 Мамыр, 2019
Қызылорда облысында 1597 сенімді өкіл тіркелді
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдері партия мүшелерімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттардың Үгіт жұмыстарының өткізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.
16 Мамыр, 2019
Панфилов ауданында мал басы көбейіп келеді
Алматы облысының Панфилов ауданында мал басы көбейіп келеді. Бүгінде өңір тұрғындарының қорасынан 75 015 бас ірі қара, 279 608 бас ұсақ мал өріп шығады дейді деректер.
16 Мамыр, 2019
Алматыда «АНА мен БАЛА» халықаралық форумы өтіп жатыр
Бүгін Алматыда екі күндік «АНА мен БАЛА» халықаралық ғылыми-білім беру форумы басталды.
16 Мамыр, 2019
Шайбалы хоккей: Әлемдік додаға қатысатындар анықталуда
Шайбалы хоккейден 2020 жылы Швейцарияның Цюрих пен Лозанна қалаларында өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болған бес команда қазірдің өзінде белгілі.
16 Мамыр, 2019
«Менің Жібек жолым» атты сурет көрмесі ашылды
Мемлекеттік орталық музейінде батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесі ашылды. Оның Жібек жолы құрылымы айрықша, өзгеше ешкімге ұқсамайтын жүйе деп біліңіз. Танымы әспеті бөлек. Өзіне шақырып тұратын Жанардың Жібек жолы риясыз сымбатымен тартады.
16 Мамыр, 2019