Оқи отырыңыз
Сағат ондарда балконнан қарағанымда көктемгі жаймашуақта аулада ойнап жүрген бірен-саран балаға көзім түсті. Сәлден соң көрші кіреберістен тәрелкесіне жеті шелпегін алып шыққан келіншекті байқадым. Шатырлы сәкіде сөйлесіп отырған екі-үш ересектеу жігітке бірнешеуін ұстатқан келіншек әлгі ойнап жүргендердің ішінен он-он бір жас шамасындағы қыз балаға тәрелкесіндегі қалған екі шелпекті беріп, әлдене деп тапсырмасын айтты да босаған тәрелкесімен үйге қайта кіріп кетті.
15 Мамыр, 2019
Қазақ тілін академиялық деңгейде оқыту қажет
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі Назарбаев Университетте халықаралық семинар-тренинг өткізуде. 13-17 мамыр аралығындағы шараға еліміздегі және шетелдегі университеттердің тіл мамандары қатысуда. Аталған жиын қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында қазақстандық және халықаралық мамандардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, интеграциялық жолмен жаңа оқыту технологияларын меңгеруді көздейді.
15 Мамыр, 2019
Талондық жүйе несиелеуді тездетеді
Биыл 1 қаңтардан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ клиенттерге қызмет көрсетудің талондық жүйесін енгізген болатын. Клиенттерге несие алу үшін өтінім тапсырған кезде жоспарланған несие бойынша негізгі мәліметтер көрсетілген талондар беріліп жатыр. Қазіргі уақытта бұл талондық жүйе шаруашылық бастауға өтінім берушілер үшін өте тиімді екенін көрсетіп отыр.
15 Мамыр, 2019
Құрамажем – мал бордақылаудың алғышарты
Сапарға шыққанда трасса маңындағы ауылдардан өтуге тура келеді. Таңертеңгілік мал өріске айдалады, кешқұрым қайтады. Мүйізді ірі қара күйісін қайырған күйі басқа жол таппағандай автомагистраль дәлізінде тұрып алады. Мың айдағанға былқ етпейтін сиыр малы өрістен келе жатса да тірсегіне іліккен сүйегін зорға сүйреп келе жатқанын көресің. Себеп көп қой. Баяғы айдындар тартылған, жайылымдық жерлер азайған. Күніге тар жерді шиырлап жайылған мал қалай ет қоссын...
15 Мамыр, 2019
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қуаты артып келеді. Мәселен, сәуірдегі жағдайға сәйкес, қаржы орталығының биржасында (AIX) қаржы айналымының көлемі 22, 6 млн АҚШ долларына жетті.
15 Мамыр, 2019
Елордада Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесі мен «Валдай» халықаралық пікірталас клубы ұйымдастырған үшінші Қазақстан-Ресей сарапшылар форумы басталды. Оған Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин, «Валдай» халықаралық пікірталас клубының бағдарламалық директоры Андрей Сушенцов және өңірдегі басқа да жетекші саяси сарапшылар қатысуда.
15 Мамыр, 2019
Павлодарда 3718 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш қабылдау 1 сәуірінен басталған.
15 Мамыр, 2019
Кеншілер астанасында облыстық бейнелеу өнері мұражайы мен «Құпия база» шығармашылық бірлестігі тізе қосып, «Картиналар. GIF» атты тосынсыйға толы қойылымды көрермен назарына ұсынды.
15 Мамыр, 2019
Жас кезімде көнекөз, кәріқұлақ қариялардан естіген мына бір әңгіме есіме жиі түседі.
15 Мамыр, 2019
Мемлекет басшысының Қызылорда облысына барған жұмыс сапарына шолу (видео)
Мемлекет басшысы аймақтардан түсіп жатқан ұсыныстарды ескере отырып, өңірлерді дамытуға бағытталған арнайы кешенді мемлекеттік бағдарламаның іске қосылатынын айтты. Сондай-ақ Қазақстан Президенті осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін облыс басшылығы шешуі тиіс бірқатар мәселеге тоқталды.
14 Мамыр, 2019
Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болдырмау туралы келісім ратификацияланды
Мемлекет басшысы «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болдырмау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
14 Мамыр, 2019
Қазақстан Президенті Қызылорда қаласындағы көпсалалы балалар ауруханасына барды
Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында 2017 жылы пайдалануға берілген мекеменің жұмысымен, ондағы балаларды емдеу және сауықтыру үшін алынған заманауи медициналық құрылғылардың жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
14 Мамыр, 2019
Облыс халқы тұрғын үйден мұқтаждық көрмейді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарында Қызылорда қаласының сол жағалауының құрылысында болды.
14 Мамыр, 2019
Халық Арал тағдырына алаңдайды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы тұрғындармен кездесу барысында өңірдегі экологиялық проблемаларға, соның ішінде, Арал проблемасына, айналасына зиянын тигізіп отырған мұнай-газ және уран қалдықтарына назар аударды.
14 Мамыр, 2019
Қазақстан Президенті жұмыс барысында облыстық бейінді балалар ауруханасында болды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
14 Мамыр, 2019
Головкин жаңартылған рейтингте екінші орынды ешкімге бермеді
ESPN телеарнасының сайты орта салмақтағы кәсіпқой боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
14 Мамыр, 2019
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа салада мамандар даярлау мүмкіндігіне қол жеткізді
Бүгінгі таңда Қазақстанда фармацевтика саласы айтарлықтай дамып келеді. Яғни, бұл салада да білікті мамандарға сұраныс артуда. Сондықтан да қазір білікті фармацевт мамандарын даярлау кезек күттірмес міндеттердің бірі болып отыр.
14 Мамыр, 2019
Қостанай қаласында фронт-офис, яғни Көмек алаңы ашылды. Тұрғындарға бір кедергісіз мемлекеттік қызмет көрсету және ағымдағы сұрақтарына жауап беру Көмек алаңының басты мақсаты болып саналады. Сонымен қатар фрон-офистің мақсатына сыбайлас жемқорлыққа тәуекелді азайту да кіреді. Арнайы бөлінген 170 шаршы метр болатын бөлмеде жергілікті жердегі барлық атқару органдарының өкілдері отырады.
14 Мамыр, 2019
Пауэрлифтинг: Азия чемпионаты аяқталды
Алматыда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста 300-ден аса спортшы бақ сынап, үш күн бойы олар түрлі-түсті жүлделерді сарапқа салды.
14 Мамыр, 2019
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Сенат депутаты, еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және балалардың тәрбиесіне қоғамның назарын аудару мақсатында Талғар қаласының активімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
14 Мамыр, 2019