Оқи отырыңыз
«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихатқа кірісті
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды штабы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11 Мамыр, 2019
Роман Скляр Екібастұздағы жұмысы тоқтап тұрған «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-на барды
Өңірге арнаған жұмыс сапары барысында Индустрия және инновациялық даму министрі Роман Скляр алдымен «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бозшакөл тау-кен байыту кешеніне келді.
11 Мамыр, 2019
Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды
Үгіт-насихат үш жолмен жүзеге асырылады: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихат, кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесулері, сондай-ақ баспа, аудиовизуалды насихаттау материалдарын шығару және тарату арқылы. Қоғамдық пікірге сұрау салулар тек бес жылдан кем емес тәжірибесі бар заңды тұлғаларға ғана беріледі. Бұл ұйымдар алдын ала ОСК туралы хабардар етуге міндетті. Науқан 8 маусымға дейін жалғасады.
11 Мамыр, 2019
Нұр-Сұлтанда масалармен күрес басталды
Есіл ауданында кешкі және түнгі уақыттарда жәндіктерді зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
11 Мамыр, 2019
Қызды құтқармақ болған әскери қызметші мерт болды
ҚР Қорғаныс министрлігі суға батып бара жатқан қызды құтқару кезінде Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 47762 әскери бөлімінің кіші сержанты Ерлан Райымқұловтың қаза болу дәйегін растайды.
11 Мамыр, 2019
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында шоқ жұлдыздай шағын ғана Сәуле ауылында ақ түйенің қарны жарлған өнегелі оқиға орын алды.
11 Мамыр, 2019
Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовке І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі табысталды
Жеңіс күнін мерекелеу күні қазақстандық армия әскери қызметшілері Алматы облысының құрметті азаматы, әскери жазушы, ҰОС-қа қатысушы, отставкадағы полковник Леонид Гирша мен КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, жазушы, ҰОС-қа қатысушы Әбдіжәміл Нұрпейісовке І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі табысталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
11 Мамыр, 2019
Петропавлда үш күнде екі автобус өртке оранған
Петропавлдағы аялдамада автобус өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
11 Мамыр, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Алишер Усмановты марапаттады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «USM Holdings» компаниясының құрылтайшысы Алишер Усмановты «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің баспасөз қызмет.
11 Мамыр, 2019
Көкшетаулық полицей эпилепсиямен ауыратын жігіттің өмірін сақтап қалды
Көкшетауда полицей эпилепсиясы ұстаған 27 жастағы қала тұрғынының өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11 Мамыр, 2019
ҚР Х-шы жазғы Универсиадасының ашылуына арналған «AQTÓBE RUN - 2019» ашық марафоны өтті
Бүгін күні алғаш рет Ақтөбе шаһарында Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан «AQTÓBE RUN - 2019» ашық республикалық марафоны өткізілді. Қаламыздың төрінде орын алған марафонның ерекшілігі оған басқа аймақ тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуға мүмкіндік алды.
11 Мамыр, 2019
Жиырмаға жуық баланың кіндік шешесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында тұратын Тыл ардагері Айымжан Кәдірбекованың төлқұжаттағы туған жылы 1922 жыл делінгенмен оның інісі Ізбасар апасының бір жыл бұрын туғандығын растайды. Ол кезде төлқұжатты шамамен асықпай жаза беретін кез көрінеді. Сонда 1921 жылы туған болып шықса, әжеміз 98-ге аяқ артқан екен. Он үш жаннан түрлі қиындықтармен жалғыз өзі қалған Айымжан апаның бүгінде он баласынан 39 немересі, 45 шөбересі бар. Айдана мен Рысалды шөберелерінен екі шөпшегінің қолынан су ішіп отыр. Күні бүгінге дейін 18 баланың анасын босандырып алып, шынайы кіндік шешесі атанған көрінеді. Сәбиді босандырып алып қана қоймай, дүниеге келісімен құйрығын шар еткізіп ұрып, кіндігін кеседі.
11 Мамыр, 2019
Әзербайжанның ұлт көшбасшысы Гейдар Алиевтің туғанына 96 жыл
«Гейдар Алиев жан-жақты және терең саяси дағдылары мен энциклопедиялық білім иесі болып қана қоймай, Әзербайжанның ұлттық көшбасшысы ғана емес, әлемдік ауқымдағы көрнекті адам болған». Бұл туралы Әзербайжанның ұлттық көшбасшысы Гейдар Алиевтің туғанына 96 жыл толуына орай Әзербайжан елшілігінде өткен «Тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуындағы ұлттық көшбасшылардың рөлі» атты конференцияда айтылды.
11 Мамыр, 2019
Ертең Аманкелді Таспиховтың сайлауалды штабы ашылады
12 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың республикалық қоғамдық сайлауалды штабы ашылады.
11 Мамыр, 2019
Қарағанды облысында жүкті келіншік пойыз ішінде басанды
Қарағанды облысында Балқаш қаласына бара жатқан Саяқ елді мекенінің тұрғыны пойыз ішінде аман-есен босанды.
11 Мамыр, 2019
Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты
Құрамында АҚШ, Қазақстан және Ресей ғалымдары бар Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты
11 Мамыр, 2019
Бүгін Дания Еспаева сайлау алды үгіт науқанын бастайды
Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер тұңғыш әйел – Дания Еспаева сайлау алды үгіт науқанын 11 мамырда бастайды
11 Мамыр, 2019
Гура-Выкулайда Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің ескеркіші орнатылмақ
Биыл туғанынына 100 жыл толып отырған Қанаш Қамзин Ақсу қаласына қарасты Жолқұдық ауылында дүиеге келген. Бұл күндері ауылда Қанаш Қамзин атындағы мектеп бар.
11 Мамыр, 2019
Автомотожорық 9 мамырда ұйымдастырылды. Автокөліктер легі Атыраудың орталық көшелерімен және шетімен жүріп өтті. Шара рекордтық көрсеткіштегі қатысушыларды жинады.
11 Мамыр, 2019
Балаларын жүксалғышқа қамап, өзі мерекені «тойлауға» кеткен
Аяқ астынан ұлы мен қызынан көз жазып, қанатымен су себелеген қарлығаш құсап шырылдаған бейбақ ананың Ұлттық ұлан № 6637 әскери бөлім басшылығына алғысы шексіз.
10 Мамыр, 2019