Оқи отырыңыз
«Қара майор» туралы деректі фильм тамашаланды
Облыс орталығындағы кинотеатрда «Жизнь специального назначения» атты деректі фильмнің ІІ бөлімі көрсетіліп, қала жұртшылығы мен Петропавл әскери институт курсанттары тамашалады.
10 Мамыр, 2019
Былтыр өңірде кенеден зардап шеккен 700-ге жуық жуық тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгінсе, үштен бірі – балалар.
10 Мамыр, 2019
95 жастағы ардагер майдандастарының рухына арнап гүл шоқтарын қойды
Қасымхан Алдабергенов биыл 95 жасқа келеді. Ол соғыста болған жылдарын жиі еске алады. Соғысқа 1943 жылдың қаңтарында аттанып, 2-ші және 3-ші Украин майданында болады. Десантшылар әскерінің құрамында Еуропаны азат етуге қатысады.
10 Мамыр, 2019
Орал қаласында 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 74 жылдығы салтанатпен аталып өтті. Мыңдаған халық Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл қойып, майдангерлер рухына құрмет көрсетті.
09 Мамыр, 2019
Алматы облысында 91 ардагерге 500 мың теңгеден жәрдемақы берілді
Жетісу жерінде екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан 91 ардагер тұрып жатыр. Биыл жеңісті жақындатқан ерлерге облыс әкімдігі тарапынан 500 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы төленді.
09 Мамыр, 2019
ҚХА жаңаөзендік жалғыз ардагерді құттықтады
«Жеңіс үшін рахмет!» деген ұранмен Маңғыстау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Жаңаөзен қаласы бойынша өкілі Ерлан Қалиев мен №1 Жаңаөзен қалалық емханасы және Жаңаөзен қалалық салауатты өмір салтын насихаттау орталығы басшылығымен, сондай-ақ дәрігерлермен бірге Жаңаөзен қаласындағы жалғыз ҰОС ардагері Еңсегенов Кеңесбайдың үйіне барып, көңілін сұрап, жеңіс күнімен құттықтады.
09 Мамыр, 2019
Теріскейдегі тропикалық саябақ
Табиғаттың таңғажайып құбылыстары Петропавл ботаникалық бағында сирек болса да кездесіп, ара-тұра қайталанып тұрады.
09 Мамыр, 2019
Түркістан облысында мейірбикелер марапатталды
Халықаралық мейірбикелер күні қарсаңында Түркістан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің 127 мейірбикесі 50 мың теңгеден сыйақы, тағы алтауы табиғаты тамаша Бурабай шипажайына жолдама алды.
09 Мамыр, 2019
Мына бір фотоны көрген жан еріксіз ойланары хақ. Көрік кеудесі орденге толы, еңсесі елден биік, жүзінде арайлы шуақ, бойында қажырлы қуат... бірақ адымдап басатын, асудан іркілмей асатын екі аяғы белуардан жоқ соғыс ардагері жылжымалы тақтайша үстінде қос қолымен жер сызып, қайқая шапқан қарагердей ілгері тартып келеді. Қарияның қайратына тамсанған төрт теңізші-сарбаз қолдарын самайларына көтеріп, тік тұрып құрмет көрсетуде.
09 Мамыр, 2019
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Құлагер» ат спорты кешені ашылды. Осы өңірде үйір-үйір жылқы айдаған белгілі кәсіпкер Болат Аткеевтің бастамасымен ұйымдастырылған кешен ұлттық ат спортын дамытып, келушілердің мәдени демалысын байытуға, сондай-ақ иппотерапиялық қызмет көрсетуге ден қойып отыр.
09 Мамыр, 2019
Оқушылар жемқорлығы жоқ әлемді бейнеледі
Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде қала мектептері оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлығы жоқ әлем!» атты балалар суретінің көрмесі өтті.
09 Мамыр, 2019
Қазақстанның ең әйгілі кәсіпқой боксшысы, бірқатар белді нұсқалар бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин барлық атағынан айырылғаннан кейін өзінің жеке бапкері Абель Санчеспен қоштасқаны белгілі. Көп кешікпей жерлесіміз алдағы уақытта Джонатон Бэнкстің қол астында жаттығатыны жайында жалпақ жұртқа жария етті. Ал біз GGG-нің таңдауы түскен сол маман жайында не білеміз?
09 Мамыр, 2019
Бағдарлама қоныс тойын көбейтеді
Nur Otan партиясының облыстық филиалы қоғамдық кеңесінің көшпелі мәжілісі «БК-Строй» компаниясының құрылыс алаңында өтіп, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өңірде атқарылып жатқан жұмыс барысы қаралды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының бастапқысы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру әр отбасына баспаналы болуға мүмкіндік жасайды.
09 Мамыр, 2019
Риддер қаласы әзелден металлургтерге құтты мекен саналады. Соңғы жылдары шаһардағы кеніштерде өндірісті меңгеріп, тау қопарып, тас жарып, еселі еңбек етіп жүрген қаракөздердің қатары көбейіп келеді. Соның бірі – «Қазцинк» ЖШС-іне қарасты Риддер металлургия кешенінің қызметкері, Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасы Мақсұт Сейіткамал. Мақсұт 2014-2017 жылдары «Серпін» бағдарламасы арқылы Риддер аграрлық колледжін тәмамдады. Сол жылы бірден жұмысқа орналасты.
09 Мамыр, 2019
Екіжақты келісім ратификацияланды
Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның кезекті жалпы отырысы болып өтті.
09 Мамыр, 2019
Өткен жылдың шіліңгір шілдесінде бидай өңді, тал-шыбықтай бұралған қызды көріп, оның ізеттілігіне, инабаттылығына іштей риза болып жүрдім. Әрине, ә дегеннен ешкімнің жан дүниесіне үніле бермейсің ғой. Алғыс айту күні қарсаңында қызымдай болған Алтынаймен әңгіме-дүкен құрып отырып, оның ешкімге ұқсамайтын тағдыры жайлы естіп-біліп тағы таңғалғаным бар.
09 Мамыр, 2019
Өңірде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың штабтары құрылып, 9 маусым күні өтетін кезектен тыс сайлауға әзірліктері пысықталып жатыр.
09 Мамыр, 2019
Алдағы Президент сайлауында Nur Otan партиясынан сайлауға түсетін кандидатты қолдау үшін Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық штаб құрылды.
09 Мамыр, 2019
Атырау облысының 20 мыңнан астам тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алды
Аймақта 20 000-нан астам адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
08 Мамыр, 2019