Оқи отырыңыз
Елімізде 14 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді
Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 937 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
26 Маусым, 2024
Елімізде 7 мыңнан астам кенші ерте зейнетке шықты
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 2024 жылғы 26 маусымда қанша кеншінің мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Маусым, 2024
Түркістандағы балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды
Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды. 34 бала зардап шекті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Маусым, 2024
«Қазақ концерт» – Қытай төрінде
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері мен шығармашылық ұжымдары 20-22 маусым күндері Қытай Халық Республикасының Дэчжоу және Ланфан қалаларында өнер көрсетті.
26 Маусым, 2024
Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы – ұлттық қауіпсіздік органдары бөлімшелерінің жедел қызметіне мамандар даярлайтын еліміздің элиталық, бірегей және жалғыз оқу орны. Бүгінгі күннің академия түлектері – өз білімін, шеберлігі мен дағдыларын қазіргі заманға сай қолдануға қабілетті, жан-жақты дамыған парасатты офицер. Ең алдымен, Отанға, халқына, қызметке адал.
26 Маусым, 2024
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысында 4 065 мәрте тест тапсырылған. «Талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде тестілеуден өтті» дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Назгүл Мұхамбетжанқызы.
26 Маусым, 2024
Жәрмеңкеде жұмыс орны ұсынылды
Облыс орталығында «Шығыс маманы» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, 100-ден астам жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңкеде 1 500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Айта кету керек, әсіресе шалғай аудандарда маман тапшылығы байқалады.
26 Маусым, 2024
Саяси ұйымның салмақты бетбұрысы
«Ауыл» партиясы саяси ұйымның ХХIV съезін өткізіп, оған өңірлерден 112 делегат қатысты. Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев партия атауынан «Халықтық-демократиялық патриоттық» деген тіркестің алып тасталуға қатысты ұсыныс білдіріп, оны делегаттар толық қолдады. Атау ғана өзгерген жоқ, ендігі кезекте партия саясаттағы имиджін жаңартып, оны заманауи және жаңа ұрпақ үшін тартымды етуге күш салмақ.
26 Маусым, 2024
«Масс-медиа туралы» заң шамамен екі айдан соң қолданысқа енеді. Ал жекелеген баптары келер жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асады. Құжат негізінен қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадиотарату туралы» заңдардан түзілген. Мұндағы жаңа ереже мен нормалар үлесі 10 пайыздан аспайды. Сонымен кейінгі екі жылда қызу талқыланған құжатта не өзгеріс бар? Бұл туралы жұмыс тобының мүшелері Қалима Тәжіқұл мен Есенгүл Кәпқызы толығырақ ашып айтты.
26 Маусым, 2024
Жауапкершілік пен бақылауды күшейту керек
Үкімет алдағы жылыту маусымына ерте қамданып, көктемде тиісті ведомство басшылары мен облыс әкімдері нақты тапсырма алған еді. Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста осы жұмыстың есебі тыңдалды. Сондай-ақ жиында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудің жай-жапсары талқыланды.
26 Маусым, 2024
Қалауын тапса, қоқыс та кәдеге жарайды
«Тазалық табалдырықтан басталады» демекші, әр адам өзінің мекен ететін жерін аялап, күтуі қажет. Жыл сайын әлемде 300 млн тонна пластик бөтелке өндіріледі. Бөтелке қалдықтарын қайта өңдеп, кәдеге жаратып, пайдалы дүние жасап шығару әркімнің қолынан келе бермейтіні рас. Осы үрдісті тап басып таныған технологиялық фандоматтар жүйесі елорданың іргесінде 2023 жылы іске қосылды. «Sparklo KZ» компаниясы бөтелкелерді сұрыптап, өңдеуге дайындайды. Қазіргі таңда, Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен қаласында 123 фандомат қондырғысы халыққа қызмет етеді.
26 Маусым, 2024
Дарынды жастар цифрлық киіз үйде бас қосты
NU орналасқан цифрлық киіз үйде тамаша іс-шара өтті. Онда аталған жоғары оқу орнын әр жылдары бітірген түлектер бас қосты. Сондай-ақ биыл әлемдегі үздік университеттердің 30 пайызының қатарына кіретін NU оныншы бітірушілер легіне диплом табыс етілді. Мазмұнды іс-шара барысында университет түлектері өздерінің іске асырып жатқан іргелі жобалары туралы әңгімеледі.
26 Маусым, 2024
Сенат спикері ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Маусым, 2024
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді
Синоптиктердің болжамына сәйкес, ертең, 26 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бірқатар өңірде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
25 Маусым, 2024
Қарағанды облысында сақ кезеңіне жататын темір қанжар табылды
Талды тарихи-археологиялық паркінде қазба жұмыстары қызу жүріп жатыр. Себебі қарағандылық ғалымдар мен Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың 120-дан астам студенті құнды әрі тарихи жәдіргерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
25 Маусым, 2024
Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады
ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлеріне құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салуды енгізу туралы петицияны қарау бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Маусым, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 3414 отбасы жаңа үйге кірді
Тасқыннан зардап шеккендерді баспанамен қамту туралы Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Маусым, 2024
Астанадан еліміздің оңтүстігіне қосымша пойыздар жүреді
Жаз маусымында елдің оңтүстігіне баратын жолаушылар саны едәуір көбейеді. Осыған байланысты Көлік министрлігі екі бағатта қатынайтын қосымша пойыздар қосылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Маусым, 2024
Париж-2024: Ең көп жолдама – боксшыларда
XXXIII жазғы Олимпиада ойындары – Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ, деп жазады Egemen.kz.
25 Маусым, 2024
Елімізде колледждерге құжат қабылдау басталды
Қазақстанда колледждерге түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды. 25 маусым мен 1 шілде аралығында талапкерлер оқу орындарына қағаз түрінде құжаттарды тікелей тапсыра алады. 1 шілдеден бастап қабылдау egov.kz порталы арқылы жалғасады, онда үміткерлер төрт колледжге құжат тапсырып, төрт мамандыққа дейін таңдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Маусым, 2024