Оқиға • 26 Маусым, 2024

Түркістандағы балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды. 34 бала зардап шекті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандағы балабақшада балалар тамақтан жаппай уланды

Фото:ult.kz

Анықталғандай, 24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11:00 шамасында балалар өздерін нашар сезіне бастаған. Балабақша ұжымы дәрігер мен медбикені шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлер қазір ауруханаға түскен балалардың жағдайын жіті бақылап жатыр.

«Жекеменшік балабақшадағы бүлдіршіндердің улану оқиғасы қазір Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Тексеру жұмыстарын аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі жүргізді. Балаларға таңғы асқа берілетін ботқаның құрамы мен сүттің құрамы сараптамаға жіберілді. Дәрігерлер ауруханадағы балалардың жағдайын жіті бақылап отыр. Осы жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды», деп мәлімдеді Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.