Оқи отырыңыз
Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының мамандары үш күн бойы өңірде болып, облыстық, қалалық ауруханаларда, Қостанайдағы көпсалалы онкологиялық аурухана мен кардиология орталығында, сондай-ақ Рудныйда ұзын саны 20 шақты науқасқа күрделі операция жасады.
29 Тамыз, 2023
Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке инвестор есебінен заманауи медициналық орталық салынады. «Al-Razi Medikal» ЖШС 3 гектар жерге емхана мен көпбейінді реабилитациялық орталық салуды көздеп отыр. Жоба құны – 7 млрд теңге.
29 Тамыз, 2023
Биыл Тамыз кеңесі әр өңірде түрлі тақырыпта ұйымдастырылды. Қостанай облысындағы кеңес «Инклюзивті және арнайы білім» бағытында өткізілді.
29 Тамыз, 2023
Шымкенттегі білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесіне Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов қатысты. Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда цифрлық технологиялар бойынша тәрбиеленушілер, яғни шығармашылық үйірме қатысушыларының жұмыстары қойылып, қонақтарға таныстырылды. Сонымен қатар әртүрлі цифрлық білім беру платформалары келушілер назарына ұсынылды.
29 Тамыз, 2023
Кейінгі жылдары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын мамандықтардың алуандығына баса көңіл аударылып келеді. Ендігі жерде колледждер өздерінің жұмысын жаңаша бағытта түзуі керек деген міндет қойылып отыр.
29 Тамыз, 2023
Еліміздің сара жолы қандай болмақ?
Биыл Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, экономика ғылымдарының докторы Оразалы Сәбденұлының «Қазақстанның сара жолы» атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбек әбден кемеліне жеткен ғалымның қазіргі шақ туралы 45 ой-толғамынан тұрады. Кітап әлемдік көзқараста елімізді жаңа өркениетке жетелеу жолында жазылған. Сол мақсатта қоғамды жаңғыртуды, ұлттық сана өзгерісін ұсына отырып, жаңа технологияны ізгі мақсатқа жұмсау жолын көрсетеді.
29 Тамыз, 2023
Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен республикалық «Мәдениет» порталы бірлесе маусым айының басында «Ұлытау: Сөз бен сурет» атты республикалық байқау жариялаған еді. Байқауға 40 ақын мен 50 суретші қатысып, бақ сынады.
29 Тамыз, 2023
Шымкенттегі Тәжікстанның мәдени күндері
Қазақстан мен Тәжікстан Республикалары арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл толуына орай Шымкентте көрме өтті. Көрмеге тәжік бауырлар ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын қойды. Атшаптырым жерді алатын көрме ішіне осының бәрі сыйса, далада бақша дақылдарынан тізілген пирамида көздің жауын алды. Сонымен бірге Қажымұқан стадионында тәжік шаруалар өндірген тауарлар көрмесі мен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
29 Тамыз, 2023
Алматы қаласының Ұлттық кітапханасында белгілі балалар жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Пернебай Дүйсенбиннің 80 жылдық мерейтойына орай «Дарынымен дараланған дарабоз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
29 Тамыз, 2023
Деннің саулығынан асқан байлық жоқ. Бірінші байлықтың қадірін біліп, бұқаралық спортты серік ететіндер көбейіп келеді. Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановтың айтуынша, қазір 227 мыңнан аса тұрғын спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға өскен.
29 Тамыз, 2023
Айналасы он күн өтті, өткендегі «Қазақстан» шахтасындағы апатты жағдайдан кейін тағы да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясына тиесілі «Саран» шахтасынан өрт шықты. Кеншілер аман. Ал алпауыт компания қауіпсіздік шараларына келгенде әлі де қамсыз, алаңсыз секілді...
29 Тамыз, 2023
«Құлан жорытқан Ұлы далада оның ізі де қалмаған» дегенге адам сене ме? Жыр-аңыздарымызда жылқымен қатар айтылатын желмен жарысқан жануарды қалпына келтіру жобасы Қазақстанда қолға алынғаны да белгілі.
29 Тамыз, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің Білім және ғылым бөлімінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақын АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы «The George Washington University» университетіне журналистика саласы бойынша, Саясат және құқық бөлімінің тілшісі Гүлнар Жолжан Англияға тағлымдамадан өтуге жолдама алған болатын. Міне, олар енді шетелде білімін жетілдіреді.
29 Тамыз, 2023
Алматылықтар оннан астам шет тілін меңгеретін болды. «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жобасының қатысушыларына шет тілі тегін оқытылмақ.
29 Тамыз, 2023
Теннисші Григорий Ломакин Тайландтың Накхонситхаммаратта қаласында ұйымдастырылған ITF санатындағы турнирдің чемпионы атанды.
29 Тамыз, 2023
Санаулы күндерден кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындарының алауы тұтанады. Азияның Олимпиадасына айналған дүбірлі дода жақындаған сайын Сары құрлық сайысында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі бола бастады.
29 Тамыз, 2023
Бұл күндері Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде нысана көздеуден 53-әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Байрақты доданың кезекті жарыс күнінде жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатындағы тарихи жүлдеге қол жеткізді.
29 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
28 Тамыз, 2023
Жаздың соңғы үш күніне арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 29-31 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2023
Түркістандық спортшы Париж паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Германияның Дуйсбург қаласында байдарка, каноэ есу және паракоаноэден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2023