Оқи отырыңыз
«Тобыл» УЕФА Конференция лигасының үшінші кезеңіне өтті
Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Швейцарияның «Базель» командасымен кездесті.
04 Тамыз, 2023
«Мөлдір бұлақ» балалар игілігіне берілді
Мемлекет басшысы өңірлердегі Президент резиденцияларын балабақша немесе сауықтыру лагерлеріне айналдыруды тапсырған болатын. Сол тапсырмаға сәйкес Жамбыл облысындағы ғимарат «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды.
04 Тамыз, 2023
Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында бір алтын, бір қола жүлде
БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында 12-17 жас аралығындағы жаcөспірімдер арасында аралас жекпе-жектен өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің екі спортшысы топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2023
Таулы аймақ тұрғындары үшін малдың қысқы азығын дайындау – аса жауапты іс. Бұл науқанға Райымбек ауданының шаруалары шалғыларын шыңдап, білектерін сыбана кіріскен.
04 Тамыз, 2023
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев жұмыс сапарымен Ұлытау облысында болды. Ол облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесіп, аймақтағы агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты бірқатар мәселені талқылады.
04 Тамыз, 2023
Павлодар қаласында 14 жастағы жеткіншекті өз қатарластарының аяусыз соққыға жығуы жұрттың ашу-ызасын тудырып отыр. Жасөспірімді әбден қорлап, адам айтқысыз дене жарақаттарын салғандар мен олардың ата-аналары жазадан құтылып кетпесе екен дейді көпшілік.
04 Тамыз, 2023
Шомылу маусымы бастала салысымен жұрттың өзен-көлді, бассейн, каналдарды жағалап кететіні белгілі. Оңтүстіктің ми қайнататын аптап ыстығында жергілікті жұрт тау суына түсіп, салқындайтыны да бар. Әйткенмен, тұрғындар кейде рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп, зардап шегіп жататыны ақиқат.
04 Тамыз, 2023
Газ Қарағандыны ыстан құтқарады
Қарағанды жұртшылығы қыс түсе қаланы тұмшалайтын көк түтіннен арылатын шақ көп күттірмейді деп үміттенеді. Бүгіннің өзінде біраз көшеге газ келіп тұр. Ендігі шаруа тұрғындарға тікелей байланысты. Көшесіне жеткізілген газды үйіне тартып алу ғана қалып тұр. Осы тұста жергілікті биліктің де қамсыз қарап отырмағанын атап өтуіміз керек-ақ. Пайызсыз несие мен әлеуметтік көмек қарастырылып отыр. Кететін шығын есебін сұрасаңыз, шамамен бір үйдің 150,2 текше метр аумағын жылыту үшін 770 мың теңге көлемінде қаражат қажет.
04 Тамыз, 2023
Алматыда жұмыссыз жүрген 400 адам кәсіптік білімге тегін жолдама алды. Олардың 687-сі білім беру ұйымдарына, ал 313-і арнайы жұмыс орындарында кәсіптік білім алатын болады.
04 Тамыз, 2023
«IT-медицинаның» алғашқы түлектері
Қарағандыдағы «IT-медицина» инновациялық білім беру бағдарламасының алғашқы 38 түлегі диплом алды. Қолдарына жаңа диплом алған жас мамандар маңызды саланың, яғни ақпараттық технологиялар мен денсаулық сақтау жүйесінің байланыстырушы буыны болады.
04 Тамыз, 2023
...Енді Еуропа лигасында ойнайды
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан елорданың «Астанасы» жанкүйерлер сенімін ақтай алмай, клубтар арасындағы ең мәртебелі турнирдің жарыс жолынан шығып қалды. Електік кезеңнің екінші айналымында Загребтің «Динамосымен» кездескен елордалық ұжым екі ойынның қорытындысы бойынша хорватиялық клубтан 0:6 есебімен тас-талқаны шығып жеңілді.
04 Тамыз, 2023
Тура бір жылдан кейін Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жалауы көтеріледі. Қазақ елі үшін бұдан бұрынғы олимпиадалар табыссыз өткен жоқ. Әсіресе Атланта мен Сиднейде көк туымыз көкке көп мәрте көтерілді. Тек мұның алдындағы Токио Олимпиадасында пандемияның салдары ма, жоқ дайындығымыз нашар болды ма, еңсеміз түсіп, елге 8 қоламен оралдық. Мұның аса нашар көрсеткіш екені айтпаса да түсінікті.
04 Тамыз, 2023
Жуырда Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазақстан ауылдық округінде жамбы атудан халықаралық жарыстарда топ жарған жасөспірімдер Мадияр Шәріпбай мен Марал Төлепбергенқызына ерекше құрмет көрсетілді.
04 Тамыз, 2023
13-19 тамыз күндері Тайландтың бас шаһары – Бангкокта баскетболдан әйелдер арасындағы Азия кубогі (Б дивизионы) додасының шымылдығы түріледі. Сары құрлық бәсекесіне қатысатын еліміздің ұлттық құрамасы бұл күндері елордадағы «Тарлан Арена» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Азия біріншілігінің қарсаңында ұлттық құраманың бапкерлері мен федерация басшылығы команданың дайындығы туралы баяндап берді.
04 Тамыз, 2023
Қуанай хазіретке тақта орнатылды
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында кеңестік репрессия құрбаны, Алаш қайраткері Қуанай хазірет Қосдәулетұлына ескерткіш тақта орнатылды.
04 Тамыз, 2023
Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.
04 Тамыз, 2023
Үздіктер қатарында екі өкіліміз бар
Кәсіпқой бокстағы ең беделді ұйымның бірі – Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) боксшылардың әлемдік рейтингін жаңартты.
04 Тамыз, 2023
5-13 тамыз күндері Шотландияның бас шаһары – Глазгода тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионатының алауы тұтанады. Ұлыбританиядағы сайыста Қазақстан құрамасының 18 спортшысы өнер көрсетеді.
04 Тамыз, 2023
Алматының аптап ыстығында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Болатты кескіндеме» атты көрмеден тау қойнауының бой мұздатар салқын лебі еседі. Өмір бойы теңіз бен толқынды жырлап өткен Айвазовский сынды суретші, архитектор, музыкант Болат Ахметов те шығармашылық ғұмырын жер шарындағы ең сұлу саналатын шыңдар мен мұздықтар тақырыбына арнады.
04 Тамыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК 4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2023