Оқи отырыңыз
Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньжэнь қаласының 200-ден аса кәсіпкері қазақ-қытай бірінші бизнес форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады.
17 Тамыз, 2023
Шикізатқа тәуелді экономика: Тығырықтан шығар жол қайсы?
Дүниежүзілік банк зерттеуі бойынша биыл ел экономикасы бірқалыпты қарқынмен өседі және ішкі жалпы өнім 3,5 пайызға көтеріледі. Ал 2024 жылы 4 пайызға өсуі мүмкін. Өсімнің басты тірегі – көмірсутегі секторы (мұнай өндірісінің артуы есебінен) болмақ. 2023 жылға арналған болжам геосаяси шиеленіске дейінгі болжамдардан төмендетілді. Оған себеп – негізгі сауда серіктестерінің экономикасында өсудің баяулауы және ішкі инфляция.
17 Тамыз, 2023
Теңгенің нығаюы қай жағынан тиімді?
Таяуда еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк теңгенің нарықтағы бағамы өткен айдың қорытындысы бойынша 445,89 теңгені құрап, 1,4%-ға нығайғанын мәлімдеді.
17 Тамыз, 2023
Кешегі ҚазМУ, бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Тұрсекең – Тұрсынбек Кәкішев өмір бойы «Біздің ҚазМУ» деумен өтті. ҚазМУ-ына ешқандай оқу орнын теңгермейтінін ашық айтты да, жазды да.
17 Тамыз, 2023
Өткен аптада ел астанасында XIV Халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалі өтті. Елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған өнер мерекесі астаналық цирктің дәстүрлі жобасы ретінде танымал.
17 Тамыз, 2023
Биыл 27 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы Жарлыққа қол қойғанына екі жыл толып отыр. Ат төбеліндей ғана Қосшы ауылы аз уақыттың ішінде етек-жеңі кең пішілген, ажар-келбеті кемел, ынтымағына орай ырысы молайған қалаға айналып келеді. Халық та тығыз қоныстана бастады.
17 Тамыз, 2023
«Жақсы болса жағдайың, бес күн қонып қайтайын» дегендей, елімізге келген шетелдік қонақтардың қанша күн ел аумағында аунап-қунайтыны белгілі болды.
16 Тамыз, 2023
Балқаш көлі: жауапкершіліктен қашқан құзырлы орындар
Балқаш көлі туристік аймағының жайы – жұрт назарында. Жолы оңалар емес, демалушыларға жөнді жағдай жасалмаған. Осы бағытта былтыр жағалауды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жаңа жоба әзірленген еді. Оның сметалық құжатына бюджеттен 120 млн теңге бөлінген. Әйтсе де бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әлі анықталмай отыр. Министрлер жауапкершіліктен қашып, жобаны бір-біріне сілтеп отыр.
16 Тамыз, 2023
Абай облысындағы өрт: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр?
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мемлекет басшысының 2023 жылғы 11 маусымда Абай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі жедел штаб отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Тамыз, 2023
Қазақстан – Қытай: Тиімді серіктестік
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің ҚХР-ға жұмыс сапары ең ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласынан басталды. Мұнда «Global Fortune» 500 әлемдік рейтингіне кіретін 10 қытайлық компанияның кеңселері орналасқан. Онда осы тізімге кіретін екі конгломерат – «Amer International Group және Huawei technologies» басшылығымен кездесу өтті.
16 Тамыз, 2023
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторындағы негізгі ахуалдар, соның ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) өзгертуге байланысты газет редакциясынан жолданған сауалға жауап берді. Олар Ұлттық банктің ақша-кредит статистикасының дерегіне сілтеме жасай отырып, тұтынушылық қарыздардың көлемі 8,5 трлн теңгеге жеткенін хабарлайды. Бұл – бөлшек несиелеудің жалпы көлемінің 54,2 пайызы.
16 Тамыз, 2023
Рубль құлдыраса, теңгені жел шайқай ма?
Долларға қатысты рубль бағамы 2022 жылдың наурызынан бері алғаш рет 100 рубльден асып түсіп, мини-рекорд орнатты. Еуро бағамы 110 рубльден жоғары кетті. Айырбас бағамы Ресей Орталық банкінің төл валютаны тежеп ұстауға тырысқан әрекетіне бағынатын емес. Бұл біздің теңгеге және ел экономикасына қандай да бір әсерін тигізуі мүмкін бе? Жалпы, валютамызға қысым көрсететін басқа қандай факторлар бар, ондай жағдайда теңге өзін қалай ұстауы мүмкін?
16 Тамыз, 2023
Ресми мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде елімізде екі қолына бір күрек таппай, жұмыссыз жүрген 80 мыңдай жас бар. Ал 194 мыңнан астам отандасымыз, яғни халқымыздың 1 пайызына жуығы, негізінен жастар шетелге барып еңбек етіп жүр. Бұл «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген ежелгі нақылдың ескіріп, бүгінгі заман шындығына сай келмей қалғандығын аңғартқандай.
16 Тамыз, 2023
Гендерлік теңсіздік – күрделі мәселе. Ол қоғамдық мінез-құлық, әлеуметтік институттар, нормалар мен тәжірибелер, ресми және дәстүрлі заңдар арқылы реттеледі. Жақында осы тақырыпты жіті зерделейтін, төрт жылда бір рет жарық көретін «Әлеуметтік институттар мен гендер индексінің» жаһандық есебі жарияланды. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының 179 елді қамтитын осы зерттеуіне сүйенсек, гендерлік әділдікке қол жеткізу үшін әр ел үкіметі жәбірлеуші көріністерді гендерлік теңдік нормаларына айналдыруы керек.
16 Тамыз, 2023
Қаңыраған ғимарат, қамкөңіл халық
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев аудан-ауданды аралап, халықтың әлеуметтік жағдайымен танысып жүр. Өткен апталарда Зайсан, Тарбағатайға жұмыс сапарымен барса, бұл жолы Ұлан ауданына ат басын бұрды. Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, халықпен кездесті.
16 Тамыз, 2023
Өртті ауыздықтаудың әлемдік тәжірибесі
Маусым басында Семейде болған орман өрті бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз тағы да алапат апатпен бетпе-бет келді. Еліміздің тосын табиғат құбылыстарына, төтенше жағдайларға қарсы қорғаныс әлеуеті тағы да сынға түсті. Барынша қырағылық пен жинақылықты талап ететін саланың қызметіндегі кемшіліктер, келеңсіздіктер қалың бұқара тарапынан батыл айыпталды.
16 Тамыз, 2023
Тегінде, тегін бе еді Ақан сері! Бұл да бір емес пе еді елдің ері...
Қазақтың дүлдүл ақындарының бірі Ілияс Жансүгіров осылай жырлаған арқаның ардагері – ақын-сазгер, әнші-мерген, құсбегі-атбегі, сал-сері болып, бір өзі бір театрдың қызметін атқарған Ақан серінің 180 жылдық мерейтойы туып-өскен жері Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында кеңінен аталып өтті.
16 Тамыз, 2023
Ақмола облысы Ақкөл ауданының прокуратурасы сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесін мемлекетке қайтарды.
15 Тамыз, 2023
«Погонды журналист»: Тергеушінің бір күні
Тергеушінің қызметі инемен құдық қазғандай деп жатады. Расында, солай. Өйткені ел ішінде қандай қылмыс орын алса да, оның ақ-қарасын ашу үшін егжей-тегжей зерттеп, жәбірленуші және айыпталушы тараптармен бетпе-бет жүздесіп, айғақтар жинап, ақ пен қара айқасының алдыңғы шебінде жүретін солар. Ол үшін тергеушілер заңды бүге-шігесіне дейін білумен қатар, алдында отырған адамның ойын оқи алатын кәнігі психолог те болуы қажет. Одан бөлек, шешендік пен батылдық та бір бойынан табылуы шарт.
15 Тамыз, 2023
Бүгін қазақ вальсінің королі - Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15 тамыз - даңқты композитор, мемлекеттік Әнұран авторларының бірі, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
15 Тамыз, 2023