Оқи отырыңыз
Бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің 70%-ға жуығы қазақ тілін таңдаған
Жаңа 2023-2024 оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2023
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Тамыз, 2023
Жаңа оқу жылы ұзартыла ма? Министр жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2023
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарына 25 Президенттік стипендия бөлінді
Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет, өнер және туризм бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына Президенттік стипендия бөлу туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2023
Орыс мектебімен қоштасқан облыс
Медальдің екі жағы болатыны тәрізді, аралас мектеп туралы көпшіліктің пікірі біркелкі емес. Бірі жақтайды, бірі даттайды. Жақтайтындар аралас мектептерді ұлттық мектептерге апаратын алтын көпірге балайды. Даттайтындар «мұндай мектептерде бәрібір орыс тілі басымдыққа ие, қазақша сынып дегеннің әншейін аты ғана» дейді. Дегенмен, қазақтілді ортада жақтайтындардан гөрі даттайтындардың басым екенін ашық айту керек. «Аралас мектептерден қайтсек арыламыз?» дейтін сұрақтың қойылуы да сондықтан.
15 Тамыз, 2023
Шалғайдағының шырайын кіргізген бастама
Әншейінде бұйығы күн кешкен, қоңырқай тірлікті місе тұтқан Вознесенка ауылы биыл дүр сілкініп, алпыс екі тамырына қан жүгіріп, ажарланып сала берді. Қай тарапқа қарасаң да, құрылыс жүріп жатыр. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген жағымды жайдың бірегейі су құбырының тартылуы екен. Елді мекен тарихында алғаш рет жүзеге асып отырғаннан ба, кездескен жұрттың бәрі осы қуанышты айтып мәз-мейрам.
15 Тамыз, 2023
Сайлаушылар аманаты депутаттарға қандай міндет жүктейді?
Сенат пен Мәжіліс депутаттарының кезекті жазғы демалысы аяқталуға жақын. Жылдағы дәстүрге сай шілденің шіліңгірі басталғанда олар еліміздің әр аймағына іссапарға шығып, жергілікті мәслихаттардың депутаттары, түрлі мекеме ұжымдары, қарапайым тұрғындармен кездесіп, өкпе-наздарын тыңдап, қоғамды алаңдатқан сан қилы проблеманың шешу жолдарын талқыға салды.
15 Тамыз, 2023
Табиғи апат салдарымен күрес жалғасып жатыр
Жетісуда нөсерлеп құйған жауын-шашынның салдарынан бірнеше елді мекенді ағын су басып, тұрғындар әбігерге түсті. Қуанышқа орай, қаза тапқандар жоқ, жауапты мамандар жанталаса жұртты қауіпсіз жерге көшірді. Жедел штаб құрып, облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы жиын өткізді. Қазір, табиғи апат сейілгенімен, жетісулықтарға әлі де сақ болған жөн.
15 Тамыз, 2023
Қарияның аяғын аман алып қалды
Қазір қоғамда МӘМС жүйесіне қатысты сын-пікірлер аз емес. Рас, қаншама азамат медициналық әлеуметтік сақтандыруға ақша төлейді, бірақ өзі тіркелген емханаға дер кезінде емделе алмайды. Өйткені кезек күту керек. Алайда МӘМС жүйесімен күрделі операция жасатып, оңалып жатқан азаматтар да жоқ емес.
15 Тамыз, 2023
ТМД елдерінің II ойындары аяқталды
Белорусь мемлекетінің Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша, Солигорск қалаларында 10 күн бойы өткен ТМД елдерінің II ойындары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2023
Тау-кен өндірісін технологиялық жаңғырту жолы
Бизнеске арналған цифрлық шешімдерге сұраныс артып келеді. Ақпараттық технологиялар күшейген сайын отандық компаниялардың бұлт провайдерлерінің Деректер орталықтарында (Data center) орналасқан бұлтты есептеу ресурстарына деген сұраныс та жоғары. Ал цифрландырудың қарқын алуына бұлтты есептеу технологиялары ықпал етеді. Кейінгі жылдары өндірістің әртүрлі саласында цифрлық технологияларды өндіріске кеңінен енгізу қажеттігіне байланысты уақыт пен кеңістікте әртүрлі ішкі жүйені жедел басқару және үйлестіру қажеттігі туындады.
15 Тамыз, 2023
Адам және оның тағдыры – Оралхан Бөкей шығармашылығының басты лейтмотиві. Ол жазу әлеміне «мал, малшы, өндіріс, жұмысшы» деп күбірлеп, сыбырлап келген жоқ, бар даусымен айқайлап «Адам!» деп келді. Адам, Адамның тағдыры дейтін үлкен гуманистік мұраттарға ұмтылды. Жазушының алғашқы шығармаларының бірі – «Мұзтау» повесінен (1974) бастап соңғы жарық көрген «Атау кере» романына (1989) дейінгі аралықтағы қай туындысында да кейіпкерлер – «адам орманда» адасқан жандар немесе сол «орман» қиындығын жеңгісі келіп, жол іздеген пенделер.
15 Тамыз, 2023
Мұхтар Мағауиннің «Өмір жыры» хикаясы кімге болсын әсер етпей қоймайтын шығар, сірә. Тілінің жатықтығы, бәлен-түген демей-ақ қоялық, оқиғаларының тартысты, табиғилығы, жанға жақындығынан болса керек. Сәулелі сезімге оранған сәттерінде кім де болсын кешетін күй ортақ. Самал қай жағыңнан соғып, қалай тербейді?..
15 Тамыз, 2023
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, әріптесіңе кеше ғана оқыған шығарма туралы айтасың. Сол әсерден арылмаған қалпы автордың шеберлігіне ерекше тоқталып, әңгіменің динамикасы оқиғаларды ұстап тұрғанын, кейіпкерлердің ішкі толғанысы, жан тебіренісі қалай суреттелгенін беріле баяндайсың. Ал өзі де көп кітап оқитын әріптесің шығармадан алған әсеріңе селт етпейді. «Ол жазушының бір әңгімесін бастап, аяқтай алмадым» дей салады самарқау.
15 Тамыз, 2023
Биыл 97 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы өседі
2020 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін білім беру саласында қызмет ететін мамандардың жалақысы жыл сайын 25%-ға өсті. Биыл 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ға артады,
14 Тамыз, 2023
Бастауыш сынып оқушылары мектептерде тегін тамақтанады
Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептеріндегі барлық бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
14 Тамыз, 2023
Елде қаржы пирамидалары «балалатқан», екінші деңгейлі банктердің атын жамылған алаяқтарға қатысты оқиғалар қоюланып кетті. Соңғы кезде алаяқтар құбылмалылыққа, валюталық шектеулерге, ішінара жұмылдыруға байланысты жаңа сценарийлерге көшті. Мазасыздық тудырған оқиғаның бәрі алдап-арбауға жол ашты. Банк несиесі пайызының тым жоғарылығы олардың қолындағы көзір картасына айналды. Ә дегенде арбаған ұсыныс асығыс шешім қабылдауға мәжбүрледі.
14 Тамыз, 2023
Халықтың өмір сүру деңгейін айқындайтын бір өлшем қауіпсіз де жайлы ортаны қалыптастыру болса керек. Алайда апатты және тозығы жеткен үйлер проблемасы жұртшылықты талайдан толғандырып келеді. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі күмәнді үйлерде бірнеше мың адам тұратынын ескерсек, тұрғындардың тынышын қашырған мәселені тездетіп шешу қажет.
14 Тамыз, 2023
Көпшілік қазір инвестициялаудың не екенін біледі. Біразы қор нарығына қадам басып, тырнақалды қадамдарын жасап та жүр. Қор нарығы – құмар ойындар ордасы емес. Бұл жерде ақыл мен есепке жүгіну қажет. Сондықтан саланың кәсіби мамандары айтатын кеңестерге құлақ түрудің де артығы болмайды.
14 Тамыз, 2023
Текелі жұрты қашан таза су ішеді?
Былтыр да бұл тақырыпты кеңінен тарқатып жазғанбыз, биыл тағы оралып отырмыз. Қаншама жылдан бері ауыз судан тарыққан жұрттың арызын ескермеген шенеуніктердің әрекеті бейқамдық секілді. Себебі өзеннен су ішіп отырған тау етегіндегі жұрт жаңбыр жауып, дауыл тұрса, лай ішуге мәжбүр. Осы түйткілге келгенде әкімдіктің ақылы жетпейді. Қыруар қаржы жұмсалғанымен, Текелі халқы жыл сайын кедергімен күресуге құмбыл.
14 Тамыз, 2023