Пікірлер
Елбасының жаһандық бастамалары туралы айтқанда түбі бір түркі дүниесінің ынтымақтастығына қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталмай өту мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі сөзіміз осы тақырыпқа арналады.
30 Қараша, 2021
Күні кеше Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында «мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы» деп атап көрсетті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұған дейін де: «Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде», дегені белгілі. Бұдан артық қалай айтуға болады.
25 Қараша, 2021
Елбасы Н.Ә.Назарбаев жақында өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.
24 Қараша, 2021
Көңіл шіркін шексіз мұхит секілді. Бірақ оның да сарқылатын, таусылатын кезі бола ма деймін. Бәлкім біреулер: «мынау не деп сандырақтап тұр, көңіл таусылушы ма еді, көңіл қалушы еді ғой. Көңілдің таусылғаны несі» деп уәж де айтар. Бәлкім солай да шығар. Бірақ маған қазіргі қазақ өмірінде жүріп жатқан өзгерістер көңілдің тақа таусылмаса да азая түскенін, суала түскенін білдіретіндей сезіледі. Мұны, әсіресе өткен мен қазіргіні салыстырған кезде айқын көруге болады. Мәселен, кезіндегі қазақ көңілімен бай қазақ еді. Оның көңіл кеңдігі өзінің шетсіз-шексіз сайын даласындай, ал тазалығы көк аспанындай болатын. Сол көңіл қазір бар ма? Жоқ секілді...
22 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы араға апта салмай Алаш көшіне екі рет назар аударды. Ел Президенті әуелі Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи жиынында Алтайдан Анадолыға арпалыспен жеткен ағайынды қамқорлыққа алған Аднан Мендерестің рухына тағзым етіп, қазақ халқының атынан бауырлас түрік жұртына ақжарылғап алғысын білдірген еді. Ал кеше отыз жыл бұрын елге ағылған ұлы көш жайында сөз қозғап, оны атаулы күндер тізбесіне қосуды тапсырды.
18 Қараша, 2021
Келісімшартты соңына дейін оқисыз ба?
Осы сұрақты айналамдағы біраз адамға қойдым. Таңғалдырғаны – көзі ашық, көкірегі ояу, жоғары білімі бар азаматтардың өзі келісімшартқа онда не жазылғанын оқымай-ақ қол қоя беретіндіктерін мойындап отыр. Арасында тіпті осы салғырттықтары үшін сорлап қалғандары да бар. Ал «Неге оқымайсыз?» деген сауалымызға біразы ерінетіндіктерін айтып ақталды. Енді бірі «оқығанмен, бәрібір түсінбейміз» деп жалтарса, үшіншілері «бір көз жүгіртіп, шолып шығамыз» деп, немқұрайдылықтарын жуып-шайғандай жауап берді. Түйгеніміз – адамдар әлі күнге дейін келісімшарттың маңыздылығын түсіне қоймаған.
18 Қараша, 2021
Ауырмайтын жол іздейін десең де...
Адамның ойындағысы бола бермейтіні бесенеден белгілі. «Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, діттеген жеріңе қоңырайып барып, кейде қордың күйін кешіп, қабағың қабаржып қайтатын кездер де болады.
17 Қараша, 2021
Нәтижесі болмаса, несіне оқытамыз?
Кезінде белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденов бізге өзі басқарған тіл саясаты мәселелерімен айналысатын ведомствоны Мәдениет министрлігінен алып, Білім министрлігіне бермейінше, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қиынға соғатынын айтқан еді. Арада он шақты жыл өткенде марқұм Ербол ағаның кейінгілерге қалдырған өсиетіндей болған сол ойы іске асып, кеудеміздегі ана тіліміздің келешегіне деген үміт оты маздай түсті.
15 Қараша, 2021
«Күміс кездік сүйкімді» дегендей, көптен бері қоғамда қызу пікірталасқа негіз болған Pfizer вакцинасының алғашқы легі елімізге жеткізілді. Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған қоймасына орналастырылды. Бұл партия алып шаһардың барлық емханалық ұйымына бөлінбек.
12 Қараша, 2021
Атам қазақта ежелден бері айтылып келе жатқан «Елге ел қосылса – құт» деген сөз бар. Бұл ұғымның астарында алуан-алуан сыр жатқанын біле бермейміз. Яки елге ел қосылса құт болатындығына бірінші себеп, «терең батырады, көп қорқытады» деп бұрынғы аталарымыз айтқандай, әуелі халықтың саны көбейді де, этнос ретінде жаңарған бұқараның қарым-қуаты артып, уақыт өте келе саннан сапаға көшеді. Даңғыл жырау Махамбеттің «Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік...» дегені тәрізді.
10 Қараша, 2021
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді неге білмейді?
Үкімет дайындап, Парламенттің қарауына ұсынатын заң жобалары орыс тілінде әзірленетіндіктен, қазақ тіліндегі аударма мәтіндерінен шикіліктер шығып жататыны жайлы сынды сол құжаттарды бірінші болып қарайтын Мәжіліс депутаттары да, қоғам өкілдері де айтудай-ақ айтып келеді. Алайда одан шыққан нәтиже жоқтың қасы. Себебі заң жобаларын дайындаумен айналысатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің көбі мемлекеттік тілге шорқақ екендігі жасырын емес.
09 Қараша, 2021
Қоғамда «Жемқорлық неден туындайды?», «Жемқорлар қайдан шығады?» деген сұрақтар жиі талқыланады. Бірі жемқорлықты жоқшылық туындатады десе, енді бірі бұл дертті ынсапсыздықтың асқынған түрі дейді. Түйені түгімен жұтып жатқандардың бәрі аш-жалаңаш жүрмегендері түсінікті жайт. Алайда қолына сәл билік түссе, ебін тауып екі асап қалуды ойлайтындардың әрекетін қалай түсіндіруге болады?
08 Қараша, 2021
Қоғамдық құндылықтар, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғалғанда, бұрынғымен салыстырып қарап, бүгінгіге көбіне көңілтолмаушылық байқалып жататыны бар. Мұндайда «Заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?» дейтін жаттанды сауалдың қойылуы да заңдылыққа айналғаны қашан?! Қалай дегенмен де заманды жасайтын да, заманда жасайтын да адам. Ал уақыт өткен сайын буын алмасып, жаңа адамдар, жаңа көзқарастар туады.
04 Қараша, 2021
«Мың бір түнді оқыдыңыз ба, мырза?..»
Осы сауалды министрлер мен әкімдерге қойсақ, біразы: «Иә, оқыдым» деп жауап берсе, көбі басын шайқап, көзімен жер шұқып қалатын сияқты. Себебі әйгілі ертегідегі түн жамыла жұрт танымай қалатындай қарапайым киініп, Бағдат шаһарын аралап, халықтың шынайы жағдайын, шын пікірін білуді жөн көрген Һарон Рашид халифа сияқты анда-санда «аспаннан жерге түсіп», қағаз бетіндегі және іс жүзіндегі ахуалды салыстырып жүрген шенеуніктер шамалы-ау.
03 Қараша, 2021
«Жеті жарғыны» неге жоқтай береміз?
Халқымыз үшін қадірлі Ұлт, Тіл, Тәуелсіздік дейтін үш қасиетті ұғымның тұғырын бекітіп, тамырын тереңдете түсетін Заң деген түсінік бар. Өйткені заң қай тілде сөйлеп, кімнің жоғын жоқтаса, түбінде сол ұлтқа қызмет етеді. Ал тәуелсіз мемлекетте заңмен бекітілген әрбір норма сол ұлттың кәдесіне жарауы қажет. Бір қарағанда, жалпақ жұртқа түсінікті қарапайым аксиома...
02 Қараша, 2021
Зау көкке мойнын созған зәулім үйлерге көз салғанда сан алуан күйді кешесіз. Біздің балалығымыз өткен бәкене бойлы бес қабатты сұр үйлерді сүріп өткендей, жадағай өмірді жарып шыққандай, жаңа заманның белгісіндей асқақ та сәнді үйлерге қарап тұрып, кеудеңді қуаныш кернесе, кейде көп терезелерден кезектесе жанып-өшіп жатқан шамдарға қарап, адамдардың қилы тағдыры жайлы ойға батасыз.
01 Қараша, 2021
Таңбалау және бизнестегі байбалам
Сырттан тасығанымыз, өзіміз өндіргеніміз бар, сөрелердегі тауарларды түгелдей таңбалау қаншалықты қисынды? Осы мәселе қозғалса болғаны, өндірушілер неге байбалам салып шыға келеді? Шындығында тауарларды таңбалау бағалардың қымбаттап, өнімнің азаюына алып келуі мүмкін бе?
28 Қазан, 2021
Шенеуніктер «гигантоманиядан» қашан айығады?
Бұдан бірер жыл бұрын жолымыз түсіп, Рим қаласында болғанымызда италиялықтардың үнемшілдігіне қайран қалғанбыз. Мәселен, жылына жер-жаһаннан миллиондаған турист келетін көне де ғажайып қаланың ертеде кеспетас төселген алаңдарының уақыт өте келе сәл ғана сәні тайған тұстарын біз сияқты, «қонақтардан ұят болады» деп ауыстыра бермейді екен.
27 Қазан, 2021
Тәуелсіздікті енді алған алғашқы жылдардағы саяси әлеуметтік ахуалды жас буын жақсы білмейді. Жалпы кез келген адам не нәрсеге болсын біржақты үкім айтпағаны дұрыс. Бірақ сол кездегі жағдай туралы бүгінгі аға буын, зиялы қауым әлдебір сұмдықтарды абайсызда өздері айтып қалғанда не деріңді білмей қаласың.
26 Қазан, 2021
Өткен аптада Мәжілісте Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа сәйкес, өлім жазасына қатысты бірқатар бап алынып тасталмақ. Бұл – гуманизмге жол ашатын маңызды қадам екені сөзсіз.
22 Қазан, 2021