Пікірлер
Заң үстемдігіне басымдық – заман талабы
Еліміздің елдігін, халқымыздың бірлігін, ұлттар мен ұлыстардың татулығын, бейбіт өмірдің баяндылығын айқындайтын, іс жүзінде олардың жүзеге асуына жол ашатын сындарлы заңдарымыздың ізгілікті саясаты екендігі даусыз. Осы міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік тұрғыдан барлық қолайлы жағдай жасалынып келе жатқаны да әмбеге аян. Экономикамыздың жандануы, кәсіпкерліктің қанат жаюы, осының нәтижесінде халықтың әл-ауқатының артуы, алдымен, тәртіпке, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білген бірлігімізге тікелей байланысты.
11 Қаңтар, 2017
Әдебиетімізді әлем танысын десек
Қазіргі таңда Қазақстанның мәдениет саласында өзін өзгеге танытудан гөрі өзгені өзімізге танытуға арналған қарекет басым ба деп елеңдейсің. Әлем әдебиетінің туындыларын том-томдап қазақ тіліне тәржімаладық. Арнайы аударма баспасы ашылып, шетел классиктерінің 100 туындысын ана тілімізде сөйлеттік.
11 Қаңтар, 2017
Табалдырығымыздан тағы бір жыл аттады. Жақсылыққа, табысқа толы жыл болғай деген тілек үстіндеміз.
05 Қаңтар, 2017
Аласапыран кезде ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқын арайлы азаттыққа бастады. Сол арқылы арқауы үзіліп қалған елдік дәстүр жалғанып, төрт құбыласы түгел мемлекеттің негіздері орнықты. Күн астында алтын қыраны қалықтаған аспан түсті көк байрақ асқақ желбіреді. Ұлт ұйысып, қаймағы бұзылмаған берекелі бірлік орнады.
17 Наурыз, 2015