Пікірлер
Елордаға келгенше ел ішінде еңбек еттік. Елдің еңсесін көтеретін де, қабаққа кірбің түсіретін де дүниесі бар. Жақсысы жан семіртеді. Жете алмай жатқаны жабырқатады. Екі қолға бір күрек, бір құрық ұстамай жүрген азаматтардың масыл күйін көргенде көңіл құрғыр еріксіз пәсейіп қалады.
25 Қаңтар, 2017
Осы күні не көп, әртүрлі деңгейдегі өнер сайыстары, байқаулар мен фестивальдар көп, әлбетте, бұл шаралардың бәрі жас өркен – жеткіншек ұрпақтың талабын өсіруге бағытталатыны бесенеден белгілі. Республикалық дәрежесі бар дәстүрлі байқауларымыздың жөні бір бөлек, әңгіме кейінгі кезде қызыл науқанға айналған ақылы байқаулар туралы, олардың кәсіби маңызы мен мақсаты қандай, ұлттық өнеріміздің беделінің артуына ықпал-себі қаншалықты дегенде.
24 Қаңтар, 2017
Жол жүрісін қадағалаудағы оң өзгерістер
Қазір көшелерге көз жүгіртсеңіз, жол-патрульдік полициясы көліктерін жиі көресіз. Бұл, бір жағынан, көңілге кәдімгідей үлкен демеу беретіні рас. Өйткені, жол-патрульдік полициясына тек жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау секілді маңызды міндеттер жүктелгенін ұмытпаған жөн.
24 Қаңтар, 2017
Музыкамыздағы ата-бабадан жеткен қоңыр үндестік жайлы не айта алады екенбіз?! Бұл жерде, қоңыр үндестік дегенде, қазақтың төл музыкалық аспаптарының оркестрлердегі және ұлттық ансамбльдердегі естілу шегі мен мүмкіндігін айтып отырмын.
23 Қаңтар, 2017
«Қазақтың көшпелі тұрмыс – салты біздің буынмен аяқталды…» деп әзілдесек, оқырман оң қабақ танытар ма екен? Бірақ осы зілсіз сөзіміздің астарында шындық жатыр. Біз ақ қар, көк мұзда қыстау сағалаған, көктемде сақыман өткізген, жер қыза жайлауға көшкен, шөп басы сарғайғанда күзек жайлаған шопан әулетінің бір мүшесі ретінде көшпелі тұрмысты көріп өскен буынбыз.
23 Қаңтар, 2017
Биылғы жыл әлем назарын Астанаға аударған айтулы оқиғамен басталды. Қарулы қақтығыстар толастамағанына алты жылға жуықтаған Сирия мәселесіне байланысты басты тараптарды бір алаңға тоғыстырып, бір үстелдің басына жинап, олардың өзара бітімгерлік келіссөздер жүргізуіне мұрындық болу миссиясы Астанаға сеніп тапсырылды.
23 Қаңтар, 2017
Балаға гаджет қаншалықты қажет?..
Бүгінде телефонсыз, әсіресе, ішінде не керегіңнің бәрі бар смартфондар мен планшеттерсіз өмірді көзге елестетудің өзі қиынға айналып бара жатқан сияқты. Керек десеңіз, телефон қазіргі уақытта байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге, жаңалықтарды жеткізетін ақпарат көзінің, тіпті уақыт өткізетін «ойыншықтың» да рөлін атқара бастады.
18 Қаңтар, 2017