Әне-міне дегенше біздің елімізге де кезек келді. Иә, жас республика, егемендігін қайтарып алған мемлекет ретінде біздің де көшемізде бүгін той болып жатыр. Қаңтардың алғашқы он күндігінде Қазақстан 2017-2018 жылдар кезеңінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өкілеттіктерінің басталуына орай бірінші отырысын өткізді. Оған ұдайы мүше бес мемлекет, әр континеттен барлығы он мемлекет қатысты. Дәл осы тұста Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне саяси Үндеу жариялады. Онда еліміздің мойнына артқан жоғары жауапкершілік пен халықаралық қоғамдастықтың біздің елімізге, оның бейбітшіл саясатына сенімі ерекше атап өтілді. Нью-Йорктегі бас кеңседе күн тәртібіне орай бірнеше мәселе қаралды. Жалпы, Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының реттік тәртібі, ең алдымен, кеңесуден тұратынын еске салайын. Екінші кезеңде пікірлер сайысына – дебаттарға, талқылауға кезек беріледі. Ал үшінші кезеңде қарар қабылданады, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары орындалуы керек, өйткені, ол халықаралық құқықтың талаптары болып табылады. Талаптар орындалмаса, санкция салынуы әбден мүмкін. Тіпті, қатты кетсе, ол аумаққа тәртіп орнататын күш те жіберіледі. Ал енді соған қарамай, әлемде мұндай қарарларды орындамайтын мемлекеттер де кездесіп қалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихында мұндай да оқиғалар қайталанып тұрады. Сонымен, біздің арнайы жұмыс тобымыз бар, күн тәртібіміз бекітілген. Енді соған сәйкес құрылған тапсырмаларды орындауға міндеттіміз. Алғашқы отырыста осыған орай он бес мемлекеттің ішінде кеңесу өтті. Кеңесуге түскен басты мәселе – Сирияда химиялық қару бар ма, жоқ па, бар болса қандай дәрежеде, ИЛИМ (ДАИШ)-мен елдегі қантөгістен болған қасіреттің ауқымын анықтау еді. Мұның сыртында Сомалидегі азамат соғысы, Орталық Африкадағы төзгісіз жағдайлар – бәрі-бәрі өзге де мәселелер қатарында күн тәртібіне қойылған. Мен мұны үш кезеңді жұмыс талқылау үдерісі дер едім. Бұған қоса, осы арада Қазақстанның бұрыннан да мойнына алған міндеттемелері бар екенін, ол өңірдегі мемлекеттерге септігін тигізу болып табылатынын да қаперге іле кетейін. Ол – Ауғанстандағы ахуалдың жақсаруына көмектесу. Қазірдің өзінде біздің мемлекетіміз ауғандық 1000 студентке грант берді. Олардың біразына мен өзім дәріс беріп жүрмін. Сол сияқты көршіміз – қуаты бәсең Қырғызстан мемлекетіне де көмек қажет. Бұдан басқа толып жатқан іс-шаралардың қатарында халықаралық маркетингтік әдістерге баруға мәжбүрміз. Оны да ескерейік. Мәселен, БҰҰ-ның ақшасына бидай өсіріп, нан сатудың несі айып?! Бейбітшілік шара, иманды іс, көмек қолын созу – жас Қазақстанға тән қасиет. Осы айдың аяғында Астанада Сириядағы соғысушы тараптар бас қосып келісуі керек. Бүгін оған күллі әлем мемлекеттерінің назары ауып отыр. Олар ымыраға келе ме, келмей ме белгісіз, өйткені, олардың ішінде ешкімге де бағынбайтын топтар бар. Бірақ, соғыстан шаршаған халықты бейбіт өмірге тарту әлем таныған Қазақстанның мойнында тұр. Сирияда бейбітшілік орнату оңайға түспесі анық. Тағы бір айтарым, Украинадағы жағдай да күн тәртібінен түспей күйіп тұр. Украина басшысы бізге сенеді. Сол секілді Ресей мен Батыс та бізге сенім артып отыр, ендеше, Украинаға бір жақсылық жасау игілікті міндет. Әрине, мұндай әлемдік шиеленісті факторларға біркелкі кепілдік беру оңай да, мүмкін де емес, дегенмен, Қазақстан тарапынан мұның барлығы үшін әрекет ету ниеті бар. Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы АЛМАТЫ
Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Спорт • Бүгін, 11:13
Наурыз айында ел тұрғындары қатарынан бес күн демалады
Мереке • Бүгін, 11:02
ФИФА: Футбол клубтары трансферге 13 млрд доллардан астам қаражат жұмсады
Футбол • Бүгін, 10:43
Балбал тастан баспасөзге дейін: Әлем неге газет оқи бастады?
Мәдениет • Бүгін, 10:32
Босану саны 35%-ға артты: Астанада екі перинаталдық орталық бой көтереді
Медицина • Бүгін, 10:29
Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:11
Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:03
Ұлы күйшінің туғанына – 165 жыл: Астанада «Күй анасы – Дина» атты рухани кеш өтті
Руханият • Бүгін, 09:51
Теңге • Бүгін, 09:43
Ауа райының қолайсыздығы: Қай өңірлерде жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Синоптиктер Қазақстанның тоғыз қаласында ауа ластанатынын ескертті
Ауа райы • Бүгін, 09:15
Ұрланған техниканы сатып алудың салдары қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:07
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады
Президент • Бүгін, 09:00
Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды
Медицина • Кеше
Баянауыл ұлттық паркіне жаңа өрт сөндіру техникалары берілді
Аймақтар • Кеше