Кейбіреулер қимастықпен еске ала беретін кешегі кеңестік кезеңде қазақ халқының жалпы абсолюттік саны артқанымен, өсімі жылдан-жылға азая берді. Әсіресе, қалалы жерде тұрып жатқан қазақтар екі баламен шектеліп қалды. Өйткені, дүниенің бәрі тапшы, үй тар, табыс төмен. Балалардың басқалардан қалмай, тең өсуі үшін жақсы киім «түсіре алатын», жақсы тамақ «әпере алатын», өскелең талаптың жақсы тұрмыстық заттарын «алып бере алатын» «блат» деп аталатын тамыр-таныстарың, құда-жегжаттарың, жерлестерің болуы керек. Ол үшін өзіңнің де «бірдеңе түсіре алатын» қабілетің болуы тиіс. Міне, осы «керектердің» бәрі, сайып келгенде, бала санын шектеп, екеуден асырмауға байлап тастаған. Жалғыз қазақ емес, барлық Кеңес Одағының халықтары да осындай күй кешті. Тек тигенді киіп, бергенді ішіп жүре беретін Қазақстан мен Орталық Азияның ауылдық жерде тұратындарының өсімі ғана тежелген жоқ. Қазір халықтың әлеуметтік жағдайы КСРО кезіндегіден аса шарықтап кетпесе де, әйтеуір, тапшылық жойылды. «Жемесең де май жақсы, бермесе де бай жақсы» дегендей, «дефицит» деген жойылып, дүкендерде барлық жақсы дүние еркін сатылатын болған соң, халықтың еңсесі көтерілді. Қымбат дүниені бірден алмаса да халық бәрібір оған қол жеткізіп, ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын жақсы киім, жағалы тон алып жетіліп қалды. Бәлки сондықтан да шығар, әйтеуір қазір, құдайға шүкір, өсім бар. Қалалы жерде тұратын қазақтардың өзі 4-5 баладан өсіріп жатыр. Тәуелсіздіктің 25 жылында 7 миллионнан артық азамат өмірге келген екен. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 17 миллионнан асты. Демографтардың айтуына қарағанда, мұндай өсімге жетіп отырғанымыз медицина мен жас отбасыларын қолдаудың артқандығының нәтижесі көрінеді. Қолжетімді тұрғын үймен қамтылу арта түссе, халық саны одан әрі де үзіліссіз өскелі тұр. Кеңес Одағы жылдарында барлық көрсеткіштердің өсімі мен кемуі 1913 жылмен салыстырылатын еді ғой. Сол сияқты Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен алынған көрсеткіштерді біз КСРО-ның соңғы 1991 жылымен салыстыратын болсақ, 2015 жылдың қорытындысы бойынша (2016 жыл әлі шығарылмаған) мынадай айырмашылықтарды көреміз: адам жасының орташа ұзақтығы 1991 жылы 67,6 болса, 2015 жылы – 72 жас; 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім 1991 жылы 8,2 болса, 2015 жылы – 7,48; жас баланың өлімі 1000 адамға шаққанда 1991 жылы 27,3 болса, 2015 жылы – 9,34, яғни үш есе азайған. 100 мың адамға шаққандағы ана өлімі 1991 жылы 67,2 болса 2015 жылы 12,5. Яғни, ана өлімі бес есе азайған. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынып, салынып жатқан жүздеген әлеуметтік нысандар, соның ішінде жоғары білікті медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлік кешендердің тиімділігі көзге көрініп тұр. Ал балабақша жасындағы бөбектер саны 1991 жылы 1 миллион 23 мың болса, 2015 жылы 758,8 мың болыпты. Сол сияқты мектеп оқушыларының саны да төмен. 1991 жылы олар 3 миллион 147 мың болса, 2015 жылы 2 миллион 799 мың екен. Алайда, өсім ресурстарына қарағанда, бұл көрсеткіштерге жақын жылдарда-ақ жетіп, асып түсетін боламыз. Қазірдің өзінде, негізінен туудың есебінен артатын жылдық табиғи өсім 1991 жылғыдан артық. Нақтырақ айтсақ, ол 1991 жылы 218 850 адам болса, 2015 жылы – 266 372 адам. Тағы бір дерек келтіре кететін болсақ, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында қазақстандықтар саны 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 255,1 мың адамға артқан. Бөгде қатерлер мен апаттардан құдай сақтап, осындай қарқынмен өсе беретін болсақ, алдағы жылдардың өкіндірмесі анық. Қазір қазақстандық қала халқының үлесі де 60 пайызға жетіп қалды. Оның ішінде бүкіл халықтың 65 пайызынан асқан қазақтардың үлесі үлкен. Барлық елде мемлекет құраушы халықтың қаладағы үлесі артық болуға тиісті екен. Демек, бұл да Қазақстанның өмір көшінен қалмай, қарыштап өсіп, өркендеп келе жатқандығының бір көрінісі десек, жарасар. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық форумға қатысты
Президент • Кеше
Парықсыз пранк шеңберден шығып барады
Қоғам • Кеше
Жастар қаржылық қауіпсіздікке әзілмен үн қосты
Мәдениет • Кеше
ІІМ-де журналистерге арналған баспасөз туры өтті
Қоғам • Кеше
Президент Минск қаласына барды
Президент • Кеше
Президент орман шаруашылығы туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Темір Құсайынды туған жері еске алды
Аймақтар • Кеше
БҚО тілшілері тапанша атып жарысты
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Отандық режиссер Аустрияға шақырылды
Мәдениет • Кеше
БАҚ өкілдеріне «ŪLAR» сыйлығы табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет • Кеше
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Мәдениет • Кеше
Қазақстандағы демалыс саябақтарының саны артты
Қоғам • Кеше
Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді
Энергетика • Кеше
Әлемде бір ғана ел өзін өзі асырауға қабілетті
Әлем • Кеше
Енді телефон сәйкестігін тексеру қызметі нарыққа ашық болады
Digital • Кеше
ШҚО-да журналистер марапатталды
Форум • Кеше
Қазақстан Тәжікстан нарығына астық экспортын арттырады
Шаруашылық • Кеше
Фурманов каналы 40 жылдан кейін алғаш рет тазартылды
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Қызылордада «Көкарал» бөгеті қалпына келтіріліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Бүгін бірнеше өңірде қатты жел соғып, жаңбыр жауады
Ауа райы • Кеше