Пікірлер
Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар
Қойнауы құт қазақ жері тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді.
16 Тамыз, 2018
Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім.
15 Тамыз, 2018
«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?
1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?
14 Тамыз, 2018
Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар
Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өзгерістер жүзеге асырылады. Жаңа технологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл шаруашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.
13 Тамыз, 2018
Бесінші саммит және Каспий «бестігі»
Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатысты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, теңізде экономика, көлік-транзит, экология, қауіпсіздік және басқа да салалар бойынша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады.
13 Тамыз, 2018
Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды.
10 Тамыз, 2018
Халық санының артуы – елге құт
Халық санының артуы Қазақстан сияқты жер көлемі үлкен, халық саны аз мемлекеттерге ежелден маңызды мәселелердің бірі болып келеді.
09 Тамыз, 2018
Қандайда бір әлеуметтік тұрғыдан топтасқан қоғамдық жүйені шайқалтпай ұстап тұратын, жүздеген ғасырлар бойы шыңдалған мызғымас рухани-мәдени ұстыны болады. Бұны ғылыми тілде «институционализм» деп атайды. Яғни бұл дегеніміз – көптеген ғасырлар бойы эволюциялық жолмен дамып, ұзақ сұрыпталу арқылы толық мойындалған, сөйтіп әркез қоғамдық қатынасты реттеуші нормалар мен әлеуметтік топтар арасындағы құқықтық статустарды сақтауға бағытталған аса қуатты құрылым.
08 Тамыз, 2018
Қазақтың тойы немесе Абайдың көмегі
Құдайдың қазынасына баланатын қазақтың тойы дүрілдеп-ақ тұр. Бизнестің басы десе боларлық. Тойхана ғимаратын салу бәсекеге айналды. Алтынмен аптап, күміспен күптеген сарайлар бірінен-бірі асып түседі. Ондай жерде той жасаудың өзі де мақтаныш. Мақтанышпен жасаған керемет тойлардағы марапат сөздер – қызыл тілде буын жоқ деген осы екен ғой дегізбей қоймайды. Тойға келген 20-30 үлкен-кішіні тізіп қойып сөйлеткен кездегі сөздер – ағыл-тегіл, бәсекенің бәсін қыздырады.
07 Тамыз, 2018
Қазіргі қазақ мұғаліміне қажет қасиет – қайраткерлік. Қайраткерлік қайдан шығады? Қажыр-қайраттан, мамандыққа құштарлықтан шығады. Ғасыр бұрынғы Алаш қайраткерлерінің ғұмыр дерегіне үңілсеңіз, барлығы дерлік мұғалім болды. Алыс ауылдарда бала оқытты. Айталық, Сұлтанмахмұт Алтайдың қойнауында, Міржақып Торғай өңірінде, тіпті Зайсанда мұғалім болып еңбек етті. Бұл бұл ма? Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптай аяулы азаматтар жеке шығармашылықтарын жиып қойып, бұрқ-сарқ қайнап тұрған қабілетін қазақ баласына қажетті педагогикалық әдістемелер жазып ұлт мектебінің соны соқпағын салуға, негізін қалауға арнады. Міне, қайраткерліктің үздік үлгісі!
06 Тамыз, 2018
Әке тәрбиесіне қатысты сөз қозғалғанда әйгілі Әуезов әңгімелеген Құнанбай мен Абай арасындағы классикалық диалог еске түседі. Сол мәслихатта «мұқым қазақ тегіс ақыл сұраған» айбарлы аға сұлтан ертеңгі Алаш мұратының алтын қазығы Абайға «жайдақ су сияқтысың» деп мін тағады.
03 Тамыз, 2018
Алматы қаласы мен Ян Гейлдің жобасы
Алматы қаласы өзінің тарихында дәл мұндай қарбалас сәтті бұрын-соңды басынан кешпеген шығар! Шаһардың шынайы тіршілігіне жан-тәнімен әбден қанық әрі қандай да бір тосын іс-әрекетке кірпияздық мінез танытатын тұрғындар да бұл іске аса беймазалық жасамай, аңысын аңдып отырған сияқты. Ал меймандар қаланың қазіргі күйін көріп, таң-тамаша!..
02 Тамыз, 2018
Ұлтты өсіретін, ұлы ететін ақаусыз мөлдір бағыт бар, ол – ұлт тағылымы. Ұлттық тағылымы мықты мемлекеттер қанша жерден тығырыққа тірелсе де, береке-бірліктің, ақыл-ойдың, алып жетекшілердің бастауымен қиындық атаулыны жеңіп, шөңгедей жабысқан пәленің бәрін жолда қалдырады.
01 Тамыз, 2018
Ресми деректерге сенсек, соңғы жылдары Қазақстанда қылмыс асқынған үстіне асқынып барады. Мұндай құбылысты түсіну де, түсіндіру де қиын. Өйткені біріншіден, миллиард халқы бар елдерді айтпағанда, жүз миллионнан астам халқы бар Ресей сияқты тұрғындары көп мемлекет емеспіз. Екіншіден, қазақ ешқашан қылмыскер, басбұзар халықтардың қатарына жатқан емес. Біз ғасырлар бойы тыныш малымызды бағып, ағайын-туыс, құда-жегжаттарымызбен араласып, бейбіт қана өмір сүрген ұлтпыз.
31 Шілде, 2018
Ақпарат көзінің дерегі бойынша, елімізде 11 мың 500-ге жуық кітапхана бар екен. 17 млн халық үшін бұл әжептәуір байлық.
30 Шілде, 2018
Технология дамып, адам санасы «жаңғырған» сайын, Жаратылыстан берілген құндылықтар құмға сіңген судай болып жойылып барады. Айтайын дегенім, интернет пен әлеуметтік желідегі виртуалды өмір туралы бірер сөз еді.
27 Шілде, 2018
Сюрреалистер сара жолын салған инсталляция туындылары бұл күнде қалалардың өзіндік эстетикалық ерекшелігі мен көрікті келбетін қалыптастырудың құралына айналғаны мәлім. Көптеген көркем шығармашылық өкілдерінің кеңістікке арналған композициялық инсталляциялары қазақстандық қалаларда да орнатыла бастады.
26 Шілде, 2018
Соңғы жылдары елімізде басқа салаларға қарағанда құрылыс саласы біршама қарқынды дамыды. Оған астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі де белгілі бір дәрежеде түрткі болғаны анық. Сонымен бірге тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, онда белгіленген межелер толық болмаса да, белгілі бір көлемде орындалып жатты. Соның арқасында көптеген әкімшілік ғимараттармен қатар тұрғын үйлер де молынан салынды. Оның өзі үйсіз-күйсіз жүрген біраз халықтың баспаналы болуына айтарлықтай мүмкіндік туғызды.
25 Шілде, 2018
Абай хакімнің даналығына жіті үңілсек, әлемді ең әуелі махаббат пен мейірім құтқаратынын аңғарар едік. «Әлемді сұлулық құтқарады» дейді Достоевский. Осы сұлулықтың негізі де махаббат пен мейірімде жатыр. Мейірбандық болмаса жан сұлулығы жайында айтып та қажет емес. Сөйтіп әлемді мейірім құтқарады десек, бұл арадағы әлеміміз – адамзат. Ал адамзатты түрлі бәле-батырлардан, кесір-кесапаттан, әсіресе ауру-сырқаудан Алладан кейінгі басты қорғаушы құтқарушылардың бірегейі медицина екені аян.
24 Шілде, 2018
«Адамзат сапарының мейманымыз, бір мезет жер бетіне кетер соғып», деп жырлады Қасым Аманжолов. Қазір жер бетіне мейман болып келгендердің бір шоғыры атақ қуып әлекке түсіп жүрген секілді. Бұлай деуге себеп, атақ қуғандар шын талантқа көлеңкесін түсіріп, оны кейінге ысыра береді. Ал шын талант ұятқа ұйиды. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді», депті Шәкәрім. Ақыл көзін атақ қуған кезде бас көзі билеп кететіндей болады да тұрады.
23 Шілде, 2018