Пікірлер
Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?
Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» депті.
20 Ақпан, 2018
Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баяндамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толыққанды дайындық жұмыстары қамтамасыз етілетін болады» деп атап көрсетті.
19 Ақпан, 2018
Жақында АҚШ өзінің жаңа ядролық стратегиясын жариялады. Онда қандай қауіп болған жағдайда Пентагонның аждаһа қаруға жүгінетіні нақты айтылған.
19 Ақпан, 2018
Гумилев анықтамасына жүгінсек, пассионарлық – жұлдыздардың әсерімен, табиғат пен тарихаттың қилы дүмпулерімен қайталанып тұратын заңды құбылыс. Пассионарлар бойларында тасыған күш-қуатты, жүректеріндегі жалын жігерді айнала төңірегін, келе-келе күллі қауым-жұртын өзгерту орайындағы мақсатты жұмысқа жұмсайды. Олай болса, пассионарларды қоғамдық қозғалыстың неғұрлым белсенді тегершіктері, жаңашылдар, жасампаздар десек те жарасады.
16 Ақпан, 2018
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» дейді халық мақалы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үлкен ұлағат жатқанына шек келтірудің өзі күнә.
16 Ақпан, 2018
Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын салық жинау жүйесінде қолдануды құптаған болатын. Бұл – бүкіл әлемге сыйы мен сынын қоса әкеле жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияның бір жаңалығы.
15 Ақпан, 2018
Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демократиялық одағы және Христиан социалистік одағы Германия социал-демократиялық партиясымен ұзаққа созылған келіссөздерден соң, коалициялық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.
15 Ақпан, 2018
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға қайшы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қойған еді. Бірер күн бұрын Әзербайжан да қосымшаға тыйым салған болатын. Қазақстандық қалтафон қолданушылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?
14 Ақпан, 2018
Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» атты іргелі еңбегінде әу бастағы «саяси-символикалық идеяның» «барыс бітімді, самұрық серпінді», «Тәуелсіздік тәжінің жақұты» – Астана шаһарына арнайы тоқталып, оның географиялық, климаттық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әскери-стратегиялық, көлік және инженерлік инфрақұрылым, мәдени-ғылыми, білім беру жағынан тарихи маңызын айрықша атайды.
14 Ақпан, 2018
Қалада тұратындардың бәрі емес, бірақ дені қоңсыларының аты-жөнін білмейді, тіпті танымайды. Өйткені бозала таңнан қас қарайғанға дейін жұрттың бәрі жұмыста.
13 Ақпан, 2018
Билік ісінде береке болса, елге құт келеді
Қайткенде елдің жағдайы жақсара бермек? Халықтың биліктің қызметіне көңілі қашан толады? Ол үшін не істеу керек? Ал халыққа керегі елде тәртіптің болғаны, жұмыстың жүргені, шенеуніктердің талапқа сай өз міндеттерін атқаруы, адам құқықтарының заңға сай қорғалуы.
13 Ақпан, 2018
Орыс көркем ойына тереңдеп дендеу ешкімге оңай соғып көрген емес. Қоңсылас қонған көп жұрттар арасынан жан жүрегімен жақындап, ұлттық тілегін оған жалғастыра білген халық дүниеде екеу болса, соның бірі қазақ. «Татьянаның қырдағы әні» арқылы сезім дүниесінің өзгеше құбылысымен әуелі Жидебайда табысып ап, сонан күллі даланы шарлай жөнелуінің өзі тегін емес. Сахараның ұлан-асыр төсіндегі көшпенді ел көкейіне нық орнығу үрдісінің кәміл дұрыстығын өмір әлдеқашан дәлелдеді.
12 Ақпан, 2018
Ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмайық
Мына дүниені құлпыртатын да, құбылтатын да, жаңартатын да, жасартатын да, барыңды жетілдіретін де, орындасам деген мақсатыңа жеткізетін де – бір ғасыр бұрын ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы айтып кеткен білім жарысы. Сол жарыста, яғни ақыл-ойдың самғауында қанатыңды талдырмайтын, ауырыңды жеңілдететін – білім мен ғылым. Осы ақиқат жолында ел білімін қайтсек жақсартамыз, ғылымын қалай өрістетеміз деген ұлы ұғымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», деп азаттық алғаннан бері айтып келеді.
12 Ақпан, 2018
Сонымен өткен жылы түсірілген көркемсуретті фильмдердің саны отыз алтыға жетті. Шындығында, бұл – соңғы ширек ғасырда қазақ киносының тарихында болмаған көрсеткіш. Ал енді жаңағы отыз алтының ішіндегі «Оралман» (реж. С.Құрманбеков) және «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» (реж. Р. Әбдірәш) фильмдері ғана «Қазақфильм» киностудиясында, қалған отыз төрт фильм жеке студияларда түсірілген. Яғни еліміздің бүгінгі кинокеңістігін негізінен жеке студиялардың өнімдері қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда фильм санының күрт өсуіне қуануымыз керек пе, әлде саннан гөрі сапасына мән бергеніміз дұрыс па?
09 Ақпан, 2018
«Бешбармақ» сөзі һәм Голощекиннің сайқымазағы
Астанаға келген жылдың күзінде тіркеуге тұру үшін Алматы аудандық ардагерлер ұйымының кеңсесіне бардым. Ұйым төрағасы Сайлаубек Дүйсенбекұлы жылы қабылдады. Сөзінің соңында «Тілімізге мүлдем жат «бешбармақ» сөзінен қалай құтыламыз? Ұлттық асымызға лайықты атау тапсаңыз айтыңызшы» деді.
09 Ақпан, 2018
Халықнама немесе Тәтімов мұраты
Бүгінгі қазақ қоғамы демограф Мақаш Тәтімовтің деректеріне жиі жүгінеді, болашақта да жүгіне бермек. Ол қазақтың демография ғылымының негізін салып қалыптады, әділетті түрде еліміздің бас демографы атанды. Халықнама пырағын ерттеп мініп, ақтық деміне дейін туған халқына адал қызмет етуден, өзінің өмір бойғы айнымас асыл мұратынан жазбады.
08 Ақпан, 2018
Еуроодақпен ынтымақ – дамудың көзі
Қазақстанның жаһандық беделінің нығая түсуі оның Еуропа одағына (ЕО) біріккен мемлекеттермен қатынастарының жақсаруына байланысты. Елбасы сыртқы саясаттың осы бағытын анықтайтын «Еуропаға жол» бағдарламасын ұсынған болатын.
08 Ақпан, 2018
Аманат дегеніміз не? Бұл сұраққа мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат – адамгершіліктің шыңы» деп жауап беріпті. Әрі қарай сөзімізді тәпсірлеп, тарқатар болсақ, «аманат» ұғымы бір адамның екінші адамға сеніп тапсырған мүлік-заты немесе қоғамдық қатынастар барысында өте терең маңызға ие тарихи-әлеуметтік оқиға.
07 Ақпан, 2018
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықпен күрес және заң үстемдігіне ерекше тоқталды.
07 Ақпан, 2018
Әркім өзінің көргенін, естігенін, басынан кешкенін айтады. Мен өзімнің туған Торғайымда өмір кешкен, қалтасында табақтай дипломы болмағанымен, ынсап пен иманды жоғары қойған қазақтың оқымаған қарапайым қариялары жайында әңгіме қозғағым келеді.
06 Ақпан, 2018