Пікірлер
Көпвекторлы саясат – ерекше даму моделі
Қазақстан соңғы ширек ғасырда халықаралық қоғамдастықтың белді мүшесіне айналды. Осы қысқа мерзімде Қазақстан өзінің ерекше даму моделін таңдап, талайға үлгі бола білді.
17 Шілде, 2017
Дала демократиясы мен демографиясы
Осыдан біраз жыл бұрын демограф ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы Мақаш Тәтімовпен азаматтық некеден өрбіп жатқан ұрпақ жайлы ашық пікірталасқа түсіп, бір тоқтамға келе алмай, тарқасып едік.
14 Шілде, 2017
«Мультикке» миллион көптік етпейді
«Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды» деген қағида бар. Бұл кішкентайларға берген жақсы тәрбие де, жағымсыз әдет те бала есейген сайын бірге ұлғая беретінін аңғартса керек. Ал телеөнім мен интернетті тел еміп өскен бүгінгі «бұзықтардың» тәрбиесінде анимациялық фильмдердің орны ерекше екендігі белгілі.
14 Шілде, 2017
Түлектерді «түрлендіргеннен» не ұтамыз?!
Күні кеше ғана соңғы қоңырауы соғылған 2016-2017 оқу жылы бірқатар жаңалығымен қазақстандық білім беру ісінің дамуындағы айрықша жыл болғаны анық. Ең алдымен, бұл оқу жылы орта мектепті бітірушілердің аттестат алу үшін бұрынғыдай мемлекеттік емтихан тапсыруға көшірілген кезеңі ретінде есте қалатын болды. Бұл сөз жоқ, дұрыс қадам. Аталған жаңалық, әсіресе, ауылдық мектептердің түлектері үшін ерекше қуанышты болды. Олар биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтары орталықтарына жету үшін жолсапар сүргінін көрген жоқ. Сөйтіп, өмірлерінің ең қиын да жауапты күндерінде ата-анасының ыстық ұясынан еріксіз ұзап шығып, жатақханаларға уақытша тұрақтау мәжбүрлігінен құтылды.
13 Шілде, 2017
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан өзінің сыртқы саяси ерік-жігерін жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін күрделі саяси кикілжіңдерді реттеуге жұмсап келеді. Бүгінде еліміздің бұл бағыттағы ауқымды жұмыстарын әлемдік қоғамдастық ашық мойындайды.
13 Шілде, 2017
Қазақ елі өз тарихының соңғы үш ғасырдағы бақытты 25 жылын да артқа тастап, келесі белесіне де аяқ басты. Кейде осындайда арғы-бергі еске түсіп, түрлі ойларға батасың. Өткенді өскелең ұрпаққа үнемі білдіріп, бардың қадірін бағалатып отыру керек-ау деген ой түйесің. Әйтпесе, бүгінде бәрін оңай келгендей көретіндер көбейіп бара жатқан секілді көрінеді.
12 Шілде, 2017
Несие алдың, қалтаға салдың...
Ұлттық банк мәліметі бойынша, қазірге дейін жеке тұлғалар мен екінші деңгейлі банктер арасында жасалған несие келісімінің саны рекордтық деңгейге жетіп, 5 383 000 шарт жасалған екен.
12 Шілде, 2017
М.Әуезов музей-үйінде Алматы қалалық Қазақ әдебиеті мен өнер университеті ұлт руханиятының жанашыры әрі жаршысы академик Рахманқұл Бердібайдың жетекшілігімен ұзақ жылдар бойы жүйелі қызмет жасағаны баршамызға мәлім. Сол кездерде ұлт мәдениеті мен ғылымының майталмандары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани, Ісмет Кеңесбаев, Орынбек Жәутіков, Кемел Ақышев мазмұнды лекциялар оқып, тыңдармандардың мейірін қандырып, ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын, көзқарасын, рухани болмысын жетілдірген-ді.
11 Шілде, 2017
«Ең әуелі сөз болды», дейді Інжілде. Атам қазақ «тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар» деп тұжырымдайды. Яғни, сөз – құдірет. Асқақтатып өсіретін де, тұқыртып өшіретін де, көңілден көшіретін де сөз. Бағзыдан қалыптасқан тілмен тіресіп, сөзбен семсерлесу тәсілін бүгінгі әлемдік өркениет дәуірі «ақпараттық соғыс» деген ауқымы зор ұғыммен алмастырды.
11 Шілде, 2017
Қазақ елі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жан-жақты дайындық жасағанын жұртшылық жақсы біледі. Елбасының өзі әу бастан-ақ әзірлік шараларын қатаң қадағалауға алды. Ал Үкімет көрмеге дайындық мәселесін күн тәртібінен түсірген жоқ.
10 Шілде, 2017
Биыл Қазақстанның дипломатиялық қызметінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы аралықта еліміздің сыртқы саясатында көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Бұл міндеттерді орындауда отандық дипломатияның еңбегі айрықша.
10 Шілде, 2017
Пассионарлық рухтың парасатты қаласы
Күлтегін ескерткішінде: «Түрік қағаны Өтүкен қойнауында отырса, елде мұң жоқ. Өтүкен қойнауында отырсаң, мәңгі елдігіңді сақтайсың» деп, тасқа жазып қалдырған екен. Одан беріде данышпан әл-Фараби «парасатты қаланы», Асанқайғы «Жиделібайсынды» аңсады. Бабалар армандаған Өтүкен мен Ергенеқон, жер жәннаты Жерұйық пен Жиделібайсын – соның бәрі бүгінде ақиқатқа айналып, Астанамен астасып жатқандай...
06 Шілде, 2017
Астана: сұлулықпен үндескен жылулық
Астанаға газ жеткізу мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осыдан біраз бұрынғы бір шарада «Үкімет Астанаға көгілдір отын жеткізу жөнінде көп жылдан бері уәде беріп келеді, сол уәдесін қашан орындайды?» деген сауалға «Астанаға газдың қашан жеткізілетіндігін бір Құдай ғана білер» деп жауап беріп, үмітті көңілдердің әптігін басып тастаған еді.
06 Шілде, 2017
Байқар болсақ, «астана» деген сөз қазақта ежелден бар. Мұның өзі халқымыздың бағзы замандардан бері іргелі ел, тегеурінді бел болғандығын айғақтап көрсеткендей. «Тауға да керек астана, тасқа да керек астана» деп қазақтың аяулы ақыны Төлеген Айбергенов жырлағандай, ұйысқан ұлыс, еншілескен ел болған соң астаналы жерге, асқаралы белеске елордасы да тігілмей тұрмасы анық. Бұл ақиқатты қазақ тарихының қатпарлы шежіресінен көреміз.
06 Шілде, 2017
ЭКСПО елге не береді деген сұрақтың ішінара жауабын беретін кез келгені анық. Мәселен, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында қалың көпшілікті соншалықты қызықтыра қоймайтын көптеген салалық шаралардың өтіп жатқанын біреулер білсе, біреулер біле бермейді.
05 Шілде, 2017
Елдің есінен 1992 жылдың күзінде Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қалай ұмытылсын! Сол жиында алғаш рет 11 қандасымызға Қазақстан азаматтығы беріліп, төлқұжат тапсырылса, бұл күнде атажұртына 1 миллионға жуық қандасымыз оралған екен. Тек биылғы алғашқы тоқсанда-ақ шет мемлекеттерден көшіп келген 2601 отбасы, 4860 қазақ азаматы қоныстанды.
05 Шілде, 2017
Зейнет жасы ма, зерігудің басы ма?
Халық «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деп бекер айтпайды. Өмірден көргесін, ой түйгесін, бар мен жоқты безбендеген соң ауыздан шыққан бір ауыз тіркес қанатты қағидаға айналып кетеді.
04 Шілде, 2017
Ел тыныштығы елордадан басталады
Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мен Ішкі істер министрін қабылдап, онда 2017 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді. Бәрімізге мәлім, Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шара- лардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті.
04 Шілде, 2017
Мың жерден төрткүл дүниенің оқуын тауысса да, азаматтық ұстанымы болмаса адам баласы білім саласындағы жиған-тергенін халықтың қажетіне жаратуы қиын-ақ. Осы тұрғыдан келгенде алаш қайраткері Әлихан Бөкейханнан асыра айту мүмкін емес: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден». Біздің жұртына қызмет етуде тек білім аздық етеді дегенді меңзеп отырғанымыз да сол.
03 Шілде, 2017
Астана – ерен еңбек пен ерік-жігердің айғағы
Сәні мен салтанаты келіскен елорда аса қысқа мерзімде барша қазақстандықтардың маңдайға басар мақтанышына, сүйікті Астанасына айналды. Бұл – айтуға оңай болғанымен, қыруар қаржылық ресурсты қажет ететін әрі ұйымдастыру, орындау, қадағалау тұрғысынан жүздеген, мыңдаған адамдардың ерік-жігеріне, қарым-қабілетіне, ең ақыр аяғы ниетінің оң-терістігіне тәуелді жұмыстарды табанды түрде еңсерудің нәтижесінде ғана мүмкін болды.
03 Шілде, 2017