Ғылым • 15 Қаңтар, 2026
Қ.Сәтбаев университеті жанындағы Физика-техникалық ғылыми зерттеу институтының базасында іске қосылған тәжірибелік-өнеркәсіптік желі жұмысы қорытындыланды. Елімізде күн панельдерін отандық негізде өндіруге бағытталған жаңа жоба нақты нәтижесін бере бастады. Жоба «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған. Өндірістік желі жылына қуаты 150 мегаваттқа дейінгі күн модульдерін шығаруға есептелген.
Балалар • 15 Қаңтар, 2026
Балаларға қамқорлық: іргелі іс-шаралардың нәтижесі
Ел халқының 34 пайызы балалар әрі бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттің міндетін күшейте түседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда бұл мәселені әлеуметтік тақырып аясынан ұлттық жауапкершілік деңгейіне көтерді. Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділерінің бірлесіп, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты.
Ғалам ғажаптары • 15 Қаңтар, 2026
«Hyundai» 2028 жылдан бастап адам тәрізді роботтарды АҚШ-тың Джорджия штатындағы зауытында іске қоспақ. Қазір кәсіпорын жылына 30 мыңға дейін құлтемір өндіруді көздеп отыр.
Үкімет • 15 Қаңтар, 2026
ЕАЭО-да өнімді бақылау ережесінің өзгерістері ратификацияланды
Парламент Мәжілісінің биылғы жалпы отырысы оннан аса заң жобаларын жұмысқа қабылдаудан басталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет, Алатау қаласының арнайы мәртебесі, инвестициялық қорлар, машина жасау саласын дамыту, жол қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызметке қатысты құжаттар бар. Одан бөлек, жиында депутаттар өңірлерге сапары барысында жұртшылықты алаңдатқан түйткілді мәселелерді ортаға салды.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2026
Қайтқан қаражат – халық игілігіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында «заңсыз активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру – конъюнктура не болмаса жұртқа жағу үшін жасалған саяси науқан емес, бұл мемлекеттің мызғымас ұстанымы» деп атап айтты. Заңсыз активтерді елге қайтару жөніндегі комитеттің жұмысына тоқталған Президент олигополия өкілдерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаржы өндірілгенін, соның 1 трлн теңгеден астамы мемлекет қазынасына түскенін жеткізді.