Сұхбат • 14 Қаңтар, 2026
Қазақ қызы қалай «Bloomberg»-ке жұмысқа орналасты?
Америкадағы алпауыт «Bloomberg» корпорациясында жалғыз қазақ қызы еңбек етеді. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Дана Бөкенова қаржылай талдау жасайтын компанияда жасанды интеллект бағытындағы ірі жобаларды басқарып отыр. Кәсібилігімен көптің көзіне түскен маманмен әңгімелесудің сәті түсті. Жүріп өткен жолын, шетелде жиған-терген тәжірибесін сұрап білдік.
Құрылтай • 14 Қаңтар, 2026
Ұлттық құрылтай – қоғам трансформациясының арқауы
Қоғам дамуының әр кезеңінде ел тағдырын айқындайтын, тарихи бағыт-бағдарды белгілейтін ерекше алаңдар болады. Ол – жай ғана жиналыс емес, мемлекеттің болашағына әсер ететін шешімдер тоғысатын, билік пен халық арасындағы жауапкершілік көпіріне айналатын кеңістік. Қазақстан үшін кейінгі жылдары дәл осындай маңызға ие институт – Ұлттық құрылтай.
Жастар • 14 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында жастардың талапшылдығы мен елге деген сенімін оң бағалады. Әрі қазіргі жас буынның көзқарасы мен қоғамдағы рөліне қатысты пікірін білдіріп, өскелең ұрпақтың ел болашағындағы маңызына айрықша тоқталды. Ендеше, Президент жастарға қандай міндет жүктеп отыр?
Пікір • 14 Қаңтар, 2026
Жыл ауысқан шақта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айшықтайтын көлемді мақалалар жариялап, сұхбат беруі игі дәстүрге айналды. Мемлекет басшысы өткен жылдары «Egemen Qazaqstan», «Ana tili» басылымдары арқылы халықпен ой бөліссе, осы жылдың басында «Turkistan» газетіне сұхбат берді. Бұл – халықтың көкейіндегі көптеген сауалға бүкпесіз жауап қатып, қоғаммен ашық диалог орнатудың тиімді жолы.
Өнер • 14 Қаңтар, 2026
Музыка тарихындағы іргелі бастама
Қазақтың ұлттық құндылығының бірі – төл өнері. Біздің ұлтты басқалардан ерекшелендіріп тұрған да осы – ұлттық өнер. Сол себепті бұл саланы дәріптеуге, дамытуға ерекше бетбұрыс бар.