Қоғам • 17 Ақпан, 2021
Күнделікті нәпақасын осы жерден тауып, күнде таңы осы жерде атқан соң, Асқарбай Элмурадов пен оның егіз ұлы Асан мен Үсен Рудный қаласының тұрғыны болып саналады. Әйтпесе, еш мемлекеттің де азаматы емес, құжатсыз қалған Асқарбай мен Асан-Үсен құдайдың ғана есебінде бар, адамның есебінде жоқ сияқты. Өзі Өзбекстаннан қоныс аударған қандасымыз.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2021
Қазақстанда тұщы су тапшылығы болуы мүмкін бе?
Әлқисса, түбі адамзат баласы таза су тапшылығымен бетбе-бет келуі мүмкін екен. Яғни, ғаламшар тұрғындарының тіршілік нәріне деген сұранысы уақыт өткен сайын еселеніп отыр. Есесіне ауыз су қоры азайып бара жатқанға ұқсайды. Демек, күндердің күнінде таңдайымыз кеберсіп, бір жұтым суға зар болып қалуымыз кәдік...
Қазақстан • 11 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер қатынастарының маңызды рөл атқаратынын айта келе: «Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», деді.
Қоғам • 09 Ақпан, 2021
Мұраны бөлу – өте күрделі іс. Сондықтан да қазақ дүние үшін талас-тартыс пен дау-дамайды ежелден қалыптасқан енші беру, әмеңгерлік пен рулық жүйе арқылы реттеп, тастай бекітіп қойған. Еншісін алған ұл мен жасауымен ұзатылған қыз әке мұрасына таласпайтын. Бірақ қазір заң басқа, заман бөлек...
Руханият • 09 Ақпан, 2021
І. «Мақсат алыс, өмір шақ» Абай Орыс ғалымы, этнолингвист Д.Н.Овсянико-Куликовскийдің (1853-1920) пікірі бойынша сәбидің тілі шыққанға дейін ұлттық психологиялық белгілері болмайды, ол «интернационалист».