Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
Цифрлы трансформация: Пойыздар қозғалысын басқару орталығы ашылды
Ақтөбе қаласында ашылған пойыздар қозғалысын басқару орталығы өткен жылдың желтоқсан айынан бері кідіріссіз жұмыс істеп, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары аумағынан өтетін пойыздардың қозғалысын реттеп отыр. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың цифрлы трансформация бағыты бойынша елімізде іске асырып отырған тұңғыш қанатқақты жобасы. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ корпоративті даму және HR жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов Ақтөбеге келген сапарында пойыздар қозғалысын басқару орталығында болып, Орал, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда қалаларынан осы орталыққа ауысып келген қызметкерлердің жағдайымен танысты.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр...
«Егеменнің» Алматы облысындағы тілшілер қосынына Іле ауданына қарасты Қоянқұс ауылының тұрғындары хабарласып, өздері тұратын елді мекендегі бірқатар мәселе туралы айтқан еді. Ағайындарды он жыл бойына жөндеу көрмеген ауыл ішіндегі жолдың жайы алаңдатады.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
Тұңғыш Президент құрған Қарулы Күштердің бітімгершілік қызметі Қазақ елінің бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық қағидаттарына берік екенін толықтай дәлелдеп берді. 2007 жылдан бері БҰҰ-ның Непал, Кот-д' Ивуар, Батыс Сахара және Ливандағы бітімгерлік миссияларына 35 қазақстандық әскери қызметші қатысса, оның ішінде төрт әйел штабтық офицер және әскери байқаушы ретінде барған. Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік даярлық орталығының бітімгерлік даярлық басқармасының басшысы, полковник Диля Ахметова – сол төртеудің бірі.
Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
Қазақта ақ-адал ісімен құбылыс болған арыстар мен алыптар, тәубе дейік, баршылық. Сондай нағыз жақсылардың жанынан табылып, тағылымын алып, ұлтына шын ниетімен жұтынып қызмет жасаған кісілер кемел болып келеді. Иә, ұлтына мінезімен де, білімімен де елгезектік танытқан сондай тарланбоздар қатарында: «...Телевизияны әдебиеттендіруді бастап беріп жүргендердің бірі де осы Сұлтан Оразалин еді. Шалқайма креслода жайланып жатып алып, аузы алты қарыс Абай ауылының ділмарлығына басып, аузы-аузына жұқпай сөйлей жөнелгенін көргенде, қарадай сенің де арқаң қозады екен. Қаршадай Сұлтанның телевизия тілін еркін меңгеріп, суда жүзген балықтай байпаңдағанына біз де сүйсінетінбіз», деп сөз зергері Әбіш Кекілбайұлы бағалаған тұлпар текті, сүйсінткен көпті, сексеннің сеңгіріне шығып, абыздық жасқа жеткен Сұлтан Оразалы ағамыз да бар.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
Әр қазақстандықтың патриот болуы елдің, мемлекеттің нығаюына бастайды. Жас ұрпақтың бойында ұлтжанды, отаншылдық сезімді тәрбиелеу аттан салып, жалаулатқан айқаймен емес, күнделікті адамгершілікке суарылған кішкентай істерден басталады.