Аймақтар • 12 Наурыз, 2021
«Интергаз» Меркіде жаңа стансаны іске қосты
Жаңадан ашылған «Меркі» автоматтандырылған газ тарату стансасы (АГТС) тұтынушыларды жылдың төрт мезгілінде де газбен үздіксіз қамтамасыз етуге қабілетті. Соның нәтижесінде ескі стансада кездескен барлық техникалық кемшіліктер жойылды.
Спорт • 12 Наурыз, 2021
Жасұлан ҚЫДЫРБАЕВ: Өмірде чемпион болудан да басқа құндылықтар бар
Спорт әлемінде Жасұлан Қыдырбаевтың жұлдызы 2014 жылы жарқырай жанды. Жылқы жылы ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем чемпионатында 22 жастағы қазақтың нар тұлғалы жігіті қарсылас шақ келтірмей, 94 кило салмақ дәрежесінде бас жүлдені олжалады. Шыны керек, бұған дейін ересектер арасындағы дүбірлі додаларда көзге түспеген Қыдырбаевтан төрткүл дүниенің мықтылары жиналған жарыста ешкім дәл осындай орасан зор нәтиже күтпеген еді. Тіпті атағы алысқа жайылған зілтеміршілердің өздері таңданыстарын жасыра алмай, бастарын шайқап, оның мықтылығын еріксіз мойындады. Осылайша, Ж.Қыдырбаев әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ зілтеміршісі ретінде өз есімін еліміздің спорт тарихына алтын әріптермен жазды.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2021
2005 жылдан бері «Тамаша адамдар ғұмыры: өмір жалғасуда...» сериясымен әлемнің атақты тұлғалары жайлы еңбектер жариялап келе жатқан, бұған дейін оқырмандарын қазақстандықтар арасынан Тұңғыш Президентіміз –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев (2015) пен қазақтың айтулы ақыны Олжас Сүлейменовтің (2020) саяси өмірбаянымен таныстырған Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасының бұл жолғы таңдауы тағы да біздің отандасымызға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саясат ғылымдарының докторы, дипломат Тайыр Мансұровқа түсіпті. Жыл басталмай жатып қолымызға тиген жаңа кітаптың авторы – бұған дейін оқырмандарға осы сериямен «Столыпин», «Сталин», «Си Цзиньпин. Тағдыр және әлем», «Громыко» деп аталатын еңбектерін ұсынған белгілі жазушы-тарихшы, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, Әскери ғылымдар академиясының құрметті академигі Святослав Рыбас.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2021
Кім «қазақстандық Джек Ма» атанады?
Соңғы елу жылда білікті мамандардың көші-қон үрдісі көптеген мемлекеттерді алаңдатып отыр. Сарапшылар интеллектуалдар эммиграциясын қалыпты құбылыс ретінде бағаласа, зерттеулердің бір парасы оны экономикалық тұрғыдан жағымсыз жайт ретінде қарастырады. Ranking.kz агенттігінің зерттеулері көрсеткендей, өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстаннан 15 жастан асқан 11,4 мың ел азаматы шетел асып кеткен.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2021
Коронавируспен күрес барысында мемлекет қамқорлығы айқын көрінді
Жер-жаһанда коронавирус пандемиясы «үстемдік құрған», ел басына күн туған осынау шырғалаң шақ бірлігіміз бен елдігіміз сыналған кезең болды. Адамзатқа зор зардабын тигізген бұл ортақ «жаумен» бүкіл әлем болып бірігіп күресіп жатқанымызға бір жыл толды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында атап өтіп, пандемия басталғалы бері Қазақстан әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткергенін, мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдағанын мәлімдеді. Өршіген індетті береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында еңсердік. Дегенмен дауасыз дерттің қатері әлі де сейіле қойған жоқ. Ал бұл бәлекеттен біржола құтылудың бірден-бір амалы вакциналау болып тұр. Осыған мән берген Мемлекет басшысы барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырды.