Қазақстан • 13 Мамыр, 2021
Жерді жүйелі пайдаланбай, жайылым мәселесі шешілмейді
БҰҰ жер ресурстарын пайдалану жөніндегі мәліметі бойынша жыл сайын деградацияға ұшыраудан Қазақстан жерінің құны 936 млн, жылына 75 млрд доллар боларлық ресурстары жоғалады екен. Бір шаршы сантиметр топырақты қалпына келтіру үшін бірнеше мың жыл қажет екенін ескерсек, жер мәселесіне мән беретін кез жеткенін түсінеміз. Жалпы шет мемлекеттердің талайы топырақты ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлшегі ретінде қарастыруға көшкен.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
«Малым жанымның садағасы...» деп отырған зайсандықтардың қой-қозысы қынадай қырылып жатыр. Шілікті, Жалши, Қарасай ауылдарында жүздеген бас мал өлген. Шығыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының мамандары малдың күйі болмаған соң қырылды десе, ауылдықтар бұл пікірді жоққа шығарып отыр. Жұқпалы ауру ма деп қауіптенеді.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2021
Біз әрдайым ғылымның дамуы жөнінде жазамыз, айтамыз. Бірақ көбіміз мәселенің түп-тамырына тереңдемейді екенбіз. Елімізге бәсекеге қабілетті, әлеуеті жоғары ғалымдар керек екені сөзсіз. Алайда олар өздігінен қалыптаспайды ғой. Оларды білім берудің белгілі бір сатысында оқытып шығарады. Қазақ «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді. Ғалымдар мықты болуы үшін олардың үйретушісі, оқытушысы, жетекшісі мықты болуы керек қой. Сонымен ғылыми кадрларды кімдер даярлап жүр? Зерттеушілерді былай қойғанда, олардың ғылыми жетекшісінің қарымы қандай? Бәрінен бұрын мемлекет олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасады ма?
Аймақтар • 11 Мамыр, 2021
Жетісуда жер дауы неге жиіледі?
Еліміздегі жер мәселесіне жүрдім-бардым қарауға болмайтынына тұрғындардың да, атқарушы биліктің де көзі анық жетті деп ойлаймыз. Өйткені қазір орталық қалалардың маңында ғана емес, шалғай ауылдарда да жерге қатысты тақырып ең өткір мәселеге айналып отыр.
Спорт • 11 Мамыр, 2021
Жазғы Олимпия ойындары өте ме?
Токио – 2020 Жазғы Олимпия және Паралимпиада ойындары – биылғы жоспарланған әлемдік деңгейдегі ең ірі халықаралық шаралардың бірі екені сөзсіз. Атының өзі айтып тұрғандай, былтыр жазда өтуі тиіс болған XXXII Жазғы Олимпия ойындары дүниені дүрліктерген COVID-19 індетіне байланысты бір жылға шегерілген еді. Олай болса, бүгінгі таңда жапон елінің саяси-әлеуметтік жағдайы қалай боп тұр, жазда әлем жұрты Олимпия ойындарын тамашалай ала ма?! Халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырған бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне қатысты оқырмандарымызбен ой бөлісуді жөн көрдік.