Тәуелсіздік • 12 Наурыз, 2021
Мемлекеттің мәртебесін биіктетіп, халықаралық қаржы нарығындағы орнын анықтауда валютаның маңызы зор. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң араға екі жыл салып ұлттық валютасын айналымға қосты. Сөйтіп, ғасырлар бойы аңсап жеткізген азаттық өзіміздің төл теңгемізбен сауда жасап, дербес алтын-валюта қорымызды қалыптастырып, Ұлттық банкімізді құруға ықпал етті.
Қазақстан • 12 Наурыз, 2021
Көгілдір отынмен қамту үлесінің артуы мен балама қуат көздерінің дамуы отандық энергетика нарығында көмірге деген сұраныстың азаюына алып келді. Әйтсе де қатты отынның бұл түрін кәдеге жаратудың басқа да амалдары аз емес. Айталық, ресми сандарға жүгінсек, былтыр қаңтар-желтоқсан аралығында елімізде көмірден 3 млн 797 мың тонна көлемінде кокс өнімі өндірілді. Сөйте тұра 2016-2020 жылдар кезеңінде Қазақстанға 4 млн 500 мың тоннадан артық кокс импортталды.
Қоғам • 11 Наурыз, 2021
Кедейлік факторы бала дамуына кері әсер ете ме?
Қазір елдің демографиялық саясаты екі түрлі көзқарас қыспағында. Гендерлік құқын жаттап алған кейбір келіншектер «бала тусам, Үкімет не береді?» деген сауалға жауап іздейтіні қалыпты құбылысқа айналып келе жатыр. Ертеректе бала тууға бейіл болып келетін замандастарымыз дүниеге келмеген баласының ертеңгі болашағына алаңдайтыны байқалып қалды. Себебі мектеп жанындағы үйірмелердің бәрі ақылы. Ал балаларға берілген жәрдемақы бір баланың аяқкиіміне жетпейді...
Қазақстан • 11 Наурыз, 2021
«Бүгінгі помещиктер» «Жастардың жұмыс істегілері келмейді» деп «жылайды»...
Осыдан он шақты жыл бұрын Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының ғимаратында ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбында өңір активінің жиналысы өткені жадымда.
Руханият • 11 Наурыз, 2021
Жыр Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейі биыл 37 көктемін қарсы алып отыр. Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорғандағы мұражай 1984 жылы ашылған болатын. Ғибратқа толы ғимарат осы мерзім аралығында қаламгер шығармашылығының шырақшысына айналып қана қоймай, өңірдегі руханияттың да қара шаңырағына айналды.