Руханият • 10 Қазан, 2019
Қарашаңырақтағы қарапайым қағида
«Қарашаңырақ» ұғымы өткен ғасырдың еншісінде қалып қойған жоқ па? Бүгінде ол қандай болуы, тәлім мен тәрбиенің ошағынан қандай ұстанымды өзек етуіміз керек? Жыл басында неміс басылымдарының бірінен ата мен немере, балаға бірге тұруға мүмкіндік беретін әлеуметтік жобаның қолға алынғанын оқыдым. Жоба бойынша мегаполис қалалардың айналасынан екі қабаттан тұратын үлкен үйлер салынатын көрінеді. Бұл бастама неміс қоғамы тарапынан қолдауға ие болған. Кейін белгілі болғанындай, мұндай жобалар Оңтүстік Корея мен Жапонияда да жүзеге аса бастаған көрінеді.
Руханият • 10 Қазан, 2019
Ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын сайын Сарыарқаның кенезесін кептірмей, шөліркеген далаға нәр беріп ағатын Есіл мен Нұра өзендерінің арасындағы жалпақ жонда сонадайдан көрінетін жалғыз биік Тайтөбе шығар-ау.
Қоғам • 10 Қазан, 2019
Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті» деп атап көрсеткені баршаға мәлім. Әлбетте, Қазақстан тарихын әлем тарихынан бөле қарастыруға болмайды. Керісінше де солай.
Қоғам • 10 Қазан, 2019
«Жасыл» экономика қалдықсыз технология даму драйвері
Уақыт жүйткіген сайын әлемдегі жаңашылдықтарға ілесу қиындап барады. Рас, цифрлы технология дәуірінде тың жаңалықтар жылдап емес, айлап ашылып жатыр. Бірақ бұл сонымен бірге адамзатқа жаңа сын-қатерлерді алып келіп отыр. Әсіресе барша тіршілік иесінің ортақ мекені – Жер шарының бүгінгі жағдайы алаңдатарлық күйге жетті. Жаһандық экологияның конъюнктурасын реттеу үшін «жасыл экономика» тұжырымдамасы негізгі үрдіске айналды. Бұл трендті дамытуды Қазақстан да қолға алып, әлемдік көшке қосылуға бет алды. Осы орайда экономика ғылымдарының докторы, «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы, Президент жанындағы «жасыл» экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат РАХИМБЕКОВАМЕН еліміздің экологиялық архитектурасы жөнінде әңгімелестік.
Әлем • 07 Қазан, 2019
Жаңа құрылым Сирия дағдарысын еңсере ала ма?
Халықаралық қоғамдастықты 8 жылдан бері алаңдатып келе жатқан Сирия дағдарысының күрмеуін шешу барлық қатысушы тараптарға оңай тиіп жатқан жоқ. Елдегі ауыр жағдайды жеңілдетуге, тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған түрлі келіссөздер жүргізіліп, сириялықтардың үмітін оятқан бірқатар игі қадамдар жасалса да Сирияның аспаны қара бұлттан арылар емес.