Қоғам • 04 Қазан, 2019
Ата-ана араздығы бала мүддесін аяқасты етпеуі керек
Отбасындағы әлімжеттік, балаға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бүгінге дейін тек құқық қорғау органдары мен қиындыққа тап болған шаңырақ иелерінің мәселесі сияқты қабылданып келді. Шынтуайтында, отбасы мәселесі – ел мәселесі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр ҚОЖАХМЕТПЕН әңгіме барысында осындай ой түйдік.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Талас топырағындағы тас таңбалар
Көне дәуірдің куәгерлеріндей болған Қызыләуіт – Бәзіл петроглифтері ерте ортағасырлық, ерте темір ғасырына жататын тарихи құндылықтардың бірі. Талас топырағында ықылым заманнан бері жасап келе жатқан Қызыләуіт – Бәзіл петроглифтері Ақтөбе ауылынан 2,4 шақырым оңтүстік-батыста, Бәзіл деп аталатын жердегі бос жатқан тасқа салынған. Ал байырғы Бескепе таңбалары Қызыләуіт ауылынан 3,2 шақырым оңтүстік-батыста, Бескепе деп аталатын жердегі аласалау төбедегі үлкен тас бетіне бедерленген. Қазыналы Қаратаудың шатқалдары мен сайларында ерте дәуірлерден қалған петроглифтер көптеп ұшырасады. Сонымен қатар ғылыми айналымға енген суреттер саны бірнеше мың. Тастағы таңбалар сол кездегі бабалар өркениеті мен танымынан да хабар береді.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тұтастай онкүндік шара өткізу жөнінде шешім қабылдаған еді. Бұл бағытта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты тұрғындарды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда облыс аталған реформаны қолдау деңгейі мен дәрежесі бойынша елімізде алдыңғы орындардың бірінде екенін айтқанымыз жөн.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Дүкен Мәсімханұлы: Ынтымақтастыққа оң ықпал еткен сапар
Қазақ пен қытай – жер жаралып, су аққалы бері қарай Азияның шығысы мен кіндік бөлігін ортақ жайлап, бірге жасап келе жатқан халықтар. Тарихтың толқыны бірде толып, бірде ортайып, әртүрлі кезеңді бастан өткердік. Бірақ соған қарамастан Қазақстан өз алдына дербес ел атанғанда алғашқы болып тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің бірі – Қытай Халық Республикасы.
Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019
Сабақтастық сақталады, байланыс нығаяды
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барғаны белгілі. Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттің осы сапарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті.