Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Таңбалытас тағдыры толғандырады
Маң дала маңғаз қалпынан жаңылмай көсіліп жатып алды. Ұшы-қиыры жоқ ұлан далада біз бабалар ізін іздеп келе жатыр едік. Баялышты, қара жусанды, қызыл изенді, жуалы жазықтың жұпар иісі бас айналдырады. Алдымыздан оқта-текте орғытып ор қоян өтеді. Қарсақ жолымызды кес-кестейді. Кешегі қойдай өріп жүрген киіктерді, ақбөкенді бүгін емге таппайсыз.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Табиғи сүт өнімдерін өндірудің тауқыметі
Көкшетаудың сауда сөрелерінде көршілес облыстардың, іргедегі Ресейдің сүт өнімдері сыңсып тұр. Басым бөлігі құрғақ сүттен жасалған. Облыстағы малсақ қауымның бағымындағы 420 мың бас қара малдың 16 пайызға жуығы ғана асыл тұқымды.
Әлем • 09 Тамыз, 2019
Қайғыға ұшыратқан қару саудасы
АҚШ-тың Огайо штатындағы Дейтон қаласында мылтықты адамның бей-берекет оқ атқанынан өткен жексенбіде 9 адам қаза болып, ондаған адам жараланған.
Сұхбат • 09 Тамыз, 2019
Нұрлан Санжар: Әдебиет – терең әрі мағыналы әлем
– Нұрлан Санжарұлы, жақында жарыққа шыққан «Жошы – күтпеген қонақ» тарихи романыңыздың сюжеті киноға сұранып тұрғанына мазмұнының оқылымды, тартымдылығына қарап аңғардық. «Тарихи роман тақырыбын таңдау ойы қайдан туындады?» деген сұрақтың жауабын өзіңізден естісек деген едік...
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Отырар қайта ойрандала бастады ма?
Дүниежүзіне даңқы кеткен көне шаһарымыздың бірі – Отырар. Ескіше айтсақ, Түркістанда, жаңаша бағамдасақ, Орталық Азияның орта ғасырлық тарихында аса маңызды рөл атқарған қаланың дәл өзі осы «соры қайнаған» Отырар. (Неге соры қайнаған? Оған дабыл мақаланы оқу барысында көз жеткізесіз.) Басқасын былай қойғанда, Отырар ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің Отаны райында да дүние-ғаламға кең танымал. Көне деректер қаланың тарихтың бір кезеңдерінде күллі түріктің, Түркістан атты тарихи аймақтың астанасы болғанын айғақтайды.