Руханият • 29 Шілде, 2019
Қаламгердің қайраткерлік қолтаңбасы
Жуырда бас басылымның ардагері, журналистердің талай буынын тәрбиелеген және еліміздің ұлттық педагогикалық баспасөзін қалыптастыру мен дамытуға табанды үлес қосқан кәсіби редактор, белгілі қаламгер Сайраш Әбішқызының жаңа жинағы оқырманға жол тартты.
Футбол • 29 Шілде, 2019
Командалар жеңіске жете алмады
Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды. Еурокубок ойындарында сынға түсіп жатқан қазақстандық командалар алғашқы кездесулерінде жеңіске жете алмады. Сырт алаңда «Астана» мен «Ордабасы» тең түссе, «Қайрат» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Спорт • 29 Шілде, 2019
Әлем біріншілігіне әлді боксшыларды апарса...
Өткен аптада Орталық Азия мен Еуропа елдерінің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтанда бас қосты. Мақсат – бокстан жетінші рет ұйымдастырылған халықаралық Президент кубогы жарысының бас жүлдесін иелену. Елордамызға кубалық «қара маржандар» келмеді демесеңіз, боксы қарқынды дамып келе жатқан Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Сирия, Филиппин, Тәжікстан және Ресей мен Өзбекстаннан келген 123 боксшы турнирдің көрігін қыздырды.
Аймақтар • 29 Шілде, 2019
Ауаға тарайтын зиянды қалдықтардан қалай арыламыз?
Елімізде экологиялық ахуалды оңалтуға нақты қадам жасала бастады. Президент Қ.Тоқаев ұлықтау салтанатында: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды.
Руханият • 29 Шілде, 2019
Қазақ елінің азаттығы жолында жанкешті қызмет етіп, ұлтының болашағы үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен ұлт зиялыларының бірі – Ғұмар Қараш. XX ғасыр басында Ғ.Қараш қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік өмірдің барлық саласына дерлік белсене араласты. Оны сол тұста жарияланып тұрған «Қазақстан», «Ұран», «Қазақ дұрыстығы», «Дұрыстық жолы», «Мұғалім» атты мерзімді басылымдар деректерінен анық көре аламыз. 1911-1913 жылдары бұл кісі Орда, Орал қаласында Е.Бұйрынмен бірігіп, «Қазақстан» газетін шығарды. 1911 жылы оның алғашқы екі саны Орда ауылында жарық көрді.