Аймақтар • 16 Шілде, 2019
Кәсіпкерлік белсенділік неге төмен?
Бүгінде кәсібінің нәсібін көруге ниеттенгендердің біразы шағын және орта бизнеспен айналысқанды хош көреді. Өйткені соңғы жылдары бұл бағытқа мемлекет тарапынан жете көңіл бөлініп келеді. Қарастырылған жеңілдіктіктер де қыруар.
Экономика • 16 Шілде, 2019
Сарапшылардың айтуынша теңгенің өзіндік құнына геосаяси ахуал, халықаралық сауда мен мұнай нарығы секілді сыртқы факторлардан гөрі халықтың жалақысы, әлеуметтік жағдай мен «қарапайым заттар экономикасы» көбірек ықпал етіп отыр.
Қазақстан • 16 Шілде, 2019
Тарих • 16 Шілде, 2019
Ұстаздарым ұстаз тұтқан Үсебаев
Мен «Социалистік Қазақстанның» өткендегі тарихын еске алсам, өзім алғаш сол жерге қызметке келген кездегі бас редакторымыз Кеңес Үсебаевтың кескін-келбетін де бірден көзге елестетемін. Сырт бейнесі сұсты, тым ресми, бос сөйлеп, жеңіл әзіл айтпақ түгілі, езу тартып күлу дегенді білмейтін шығар деп ойлайтын бұл басшымызбен рас, мен тым жақын жұмыс істестім, етене таныс-біліс едім деп мақтана алмаймын. Олай болмақ түгілі, аптасына бір рет өтіп тұратын летучканың (лездеме) өзінде де көзіне көрінбеуге тырысып, бөлім меңгерушілері мен замзавотделдердің (аға әдеби қызметкер Тәжібай Битаев ағамыздың шығарған аты) арт жағында бұғып отыратынбыз. Әйтсе де бір-екі айдың ішінде-ақ бас редакторымыздың біраз сырына қаныққандай болдым...
Қоғам • 16 Шілде, 2019
Сейіт Жақыпов: Қазақтың жаны қара домбырада
Күнделікті мақала жазу қамымен компьютер экранының ішіне еніп кетердей болып отырған біздің назарымызды кабинетке жарқын амандаса кірген жасы шамамен алпысты алқалап қалған азаматтың жағымды қоңыр үні өзіне еріксіз аударған. Иығына ілген домбырасы және бар. Соған қарап өнердің маңайында жүрген адам екенін бірден аңғарғандайсың.