Қоғам • 19 Шілде, 2019
Өмір сапасы – әлеуметтік мемлекет кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы билікке бірқатар нақты тапсырма берген-ді. Солардың арасында ел азаматтарының өмір сапасын жақсарту мәселесі бар. Президент халықтың әл-ауқатын жақсартуды өзінің ең басты мақсаты ретінде қарастыратынын айтқан.
Қазақстан • 19 Шілде, 2019
Ауызбірлікке бастайтын алуан пікірлер алаңы
Көп – көреген. Көпке түскен іс анығына барады. Сол үшін де бұлтқа қарамай, жұртқа қарап, бірмен сырласпай, мыңмен кеңеспек ләзім. Қазақ айтады: «Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол». Батыс қоғамы бұл реткі құндылықтарды азаматтық қоғам деп дәріптесе, ұлтымызда дала демократиясы ретінде ертеден қалыптасқан, дәстүрге кірігіп кеткен дүние. Яғни, қазақ халқы кез келген қуаныш пен қиындықты көппен бірге өткергенді жөн санайды.
Аймақтар • 18 Шілде, 2019
Еліміздің барлық облыстарында оңалту орталықтары болуы тиіс - Б. Сапарбаев
Еңбекақы төлеуде кемсітушілікке жол берілмеуі тиіс. Учаскелік комиссиялардың жұмысын күшейтіп, еңбекке жарамды жәрдемақы алушылармен әлеуметтік келісім-шарт жасау керек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Атырауға жұмыс сапары барысында кеңес өткізіп, осы және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.
Қоғам • 18 Шілде, 2019
Бішкекте БАҚ-тың қоғамдағы рөлі талқыланды
17-18 шілдеде Бішкек қаласында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бастамасымен «Бұқаралық ақпарат құралдарының цифрлық трансформация жағдайындағы еркіндігі және пікір алуандығы» атты 21-ші Орталық Азиялық БАҚ конференциясы өтті.
Аймақтар • 18 Шілде, 2019
Түркістан: Алты айда 1 558 құқықбұзушылық анықталған
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан жыл басынан бергі алты айда 32 тексеру жүргізіліп, 1 558 құқықбұзушылық анықталған. Заңсыздықтарды жою мақсатында 98 ұсыныс енгізіліп, 20 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылыпты. Ал 9 лауазымды тұлғаға әкімшілік тарапынан іс қозғалған. Өндірілген айыппұл көлемі - 231 300 теңге.