Қоғам • 19 Шілде, 2019
Мешіттер – пайдаға кенелетін орын емес
Қызыл империяның қыспағынан құтылып, кеңістікке жол тартқан ұлт рухы ізгілік пен мейірімнің шуағына бөленген шақтарда елімізде көптеген мешіттер бой көтерді. Қазақтың қанында бар қарапайым қасиет бүгінгі таңда да болмысынан жоғалған жоқ. Еліміздің қай қиырында болсын, тек қана Алла разылығы үшін мешіт салып, оны халықтың игілігіне беріп жатқан азаматтар жетерлік.
Әлем • 19 Шілде, 2019
Айыппұл салудың әлемдік тәжірибесі
Осыдан бірнеше күн бұрын ақпарат кеңістігінде Финляндия құқық қорғаушыларының көлік жылдамдығын ұлғайтқаны үшін Ferrari көлігінің иесіне көлемді айыппұл салғаны туралы жаңалық таралып кетті. Хабарламаға қарағанда, жарыс көліктері клубының 20 жылдығына орай өткізілген шеру шеңберінде Хельсинки көшелерінде әлгі жүргізуші автокөлік жылдамдығын белгіленген межеден асырғаны үшін он мың еуродан астам айыппұл төлеген.
Аймақтар • 19 Шілде, 2019
Қоғамдық көлікпен тегін жүру – жаңалық емес
Бүгінгідей нарық алқымнан алып тұрған сәтте замандастарымыздың құлақтарына «тегін» сөзі өзгешелеу естілетіні рас. Тіпті қазір белгілі бір тауар немесе қызмет бағасы арзандады десе, сенбейтіндей халге жеттік. Сенгіміз келгенімен, әйтеуір астарынан бір қитұрқылық іздеп тұрамыз.
Қоғам • 19 Шілде, 2019
Сот орындаушыларының жауапкершілігі көбейеді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамында жеке сот орындаушылар институтын дамытып, мемлекеттік сот орындаушыларын біртіндеп қысқартуды тапсырды.
Қоғам • 19 Шілде, 2019
Өзге үшін полицей құрбан болуы тиіс пе?
Полицейлердің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі орнын ешкім жоққа шығара алмайды. Ел арасында келеңсіз жағдай орын алғанда алғашқы болып кеудесін қауіпке қарсы тосатын да, тіпті оқыс жағдайларда алдымен оққа ұшатын да – полицейлер.