Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында болған жарылыстан бері де ай өтті. Бүгінде үйіне оралған тұрғындар ес жиып, көптің көмегімен қора-қопсысын қалыпқа келтіріп, тұрмыс-тіршілігін жалғастыруда.
Сұхбат • 24 Шілде, 2019
Берік Уәли: Күн тәртібінде – ашықтық және қоғаммен кері байланыс
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне 4 айдан асты. Жалпы, өзіңіз де білесіз, ақпараттық кеңістікте қалыптасқан дәстүр бойынша, үш айдың ішінде атқарылған шаралардың қорытындысы жасалатын еді. Алайда, жаңа Президенттің 100 күндік жұмысы жөнінде көп ресми ақпарат жарияланбады. Мұның қандай да бір себебі болды ма? Әлде Президенттің өзі айтпақшы, сөзден гөрі нақты іске ден қойды ма?
Қазақстан • 24 Шілде, 2019
Браконьерлер қашанғы басынады?
Айдың күні аманында тағы бір табиғат сақшысы суыққол браконьерлердің қолынан қаза тапты. Осы жылдың басында ғана соңғы он жылда бірінші рет браконьерлерді ұстау өлімге соқтырған факті тіркеліп, ақбөкендерді қорғау жолында құрбан болған инспектор Ерлан Нұрғалиевтің қазасы бүкіл қазақ даласын күңіренткен еді. Сол оқиғаның қайғысы сейілместен, көп өтпей суыт хабар тарады. Арыстай азаматтың өмірін жалмаған бұл жолғы оқиға Ақмола облысы, Жарқайың ауданында болды.
Қазақстан • 24 Шілде, 2019
Қолдан жасалған билет тапшылығы
Дәл қазіргі уақытта еліміздегі темір жол вокзалдарында жолаушылар билет таппай сандалып, тіпті болмаса, компьютер алдында тасымалдаушы компанияның сайттарына сүзіліп отырғандар өте көп. Жаз шығысымен және ұлық мерекелер қарсаңында үдей түсетін мұндай сабылыс айналып келгенде қоғам тарапынан құзырлы орындардың жұмысына, тіпті мемлекеттік құрылымға сенімсіздік туғызатыны түсінікті. Оның үстіне пойыз билеттерінің делдалдар қолында жүруі де жұртшылықтың ашу-ызасын үдете түсуде.
Қазақстанда емханаларға тіркелу ХҚКО арқылы жүзеге асырылады
Бұл шара емханалардың өкілеттігін асыра пайдалануына жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр. Өйткені, елімізде тұрғынарды «сырттай» тіркеу фактілері бары жасырын емес. Бұрын заң бұзушылық болған-болмағанын анықтау үшін адамдардың қолтаңбасын салыстырып, құжаттарды тексеру қажет болатын. Қазір қызмет автоматтандырылды, сондықтан бұдан былай оны тексеру қиындық тудырмайды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева мәлімдеді.