Аймақтар • 22 Шілде, 2019
Қазіргі кезде ғылымды дамыту – еліміздегі басым бағыттардың бірі екені белгілі. Ең бастысы ғылыми жаңалықтар экономика мен өндірістің өркендеуіне пайдасын тигізуге тиіс. Алматы мен Нұрсұлтан секілді еліміздің ірі ғылыми орталықтарында ғана емес, сонымен бірге ел өңірлерінде де ғылымды нақты өмірлік қажеттіліктермен байланыстыра дамытудың орны айырықша. Осы орай бұл іс Ақтөбе аймағында оң шешімін тауып жүргенін айтудың реті келіп тұрғандай.
Қоғам • 19 Шілде, 2019
Ғасыр бұрынғы оқулықтардағы ғақлия
«Бұ дүниеден түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақтың арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», депті саналы ғұмырын ұлт қызметіне арнаған Алаш арысы Халел Досмұхамедұлы.
Қазақстан • 19 Шілде, 2019
Асхат Маемиров: «Өнер оқу орнындағы транспаренттілік – заман талабы»
– Асхат Максимұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында биылғы оқуға қабылдау жүйесіндегі айқын жаңалық – академия ғимараты алдындағы алаңға арнаулы LED экран қойылып, 8-13 шілде аралығында өткен шығармашылық емтихан тапсырған талапкерлердің өнерін олардың ата-аналарының, жақындарының және жалпы ықылас білдірген көпшіліктің көріп тұруына жағдай жасалуы болды. Бұл идея әу баста неден туындады?
Аймақтар • 19 Шілде, 2019
Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін
Жаз аптабының кейде апатқа ұрындыратыны бар. Аспан айналып жерге түскен болған ыстықта өрт шығу ықтималдығының жоғары болатыны елдің бәріне белгілі. Әсіресе табиғаттың байлығы саналатын орман алқаптарының да бір сәтте отқа орану қаупі осындайда туындайды. Сонымен қатар табан ақы, маңдай терімен жер жыртып, егін еккен диқандардың да әп-сәтте еңбегі еш, тұзы сор болып шығуы мүмкін.
Әлем • 19 Шілде, 2019
Жасанды интеллект мемлекет басқара ала ма?
Соңғы кездері жасанды интеллект туралы жиі айтылады. Қалай десек те, бұл біздің өмірімізге мықтап еніп келе жатқан құбылыс.