Экология • 12 Шілде, 2019
Экология – ел ертеңі үшін маңызды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек», – деген еді. Көп кешікпей елімізде жаңа министрлік құрылды. Ол – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Үкімет басшысы Арысты қалпына келтіру жұмыстарын апта сайын тексеріп тұрады
Үкімет басшысы Асқар Мамин Түркістан облысына сапары барысында Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. 17 секторды аралап, жөнделіп жатқан үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді. Арысқа осымен екінші мәрте келген Премьер-Министр шаһардағы «Көктем-1», «Көктем-2» ықшам аудандарындағы тұрғын үйлердің, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері мен темір жол вокзалы ғимараттарының құрылыс қарқынын көрді. Айта кетерлігі, бүгінге дейін Арыста 551 нысан қалпына келтірілген.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Би-аға ақындар жырының арқауына айналды
Қазақ әдебиеті классиктерінің бірі Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай өткен «Өзіміздің Би-аға» атты республикалық жыр бәйгесін тамашалауға І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының залы лық толды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекенова мүшәйраның қостанайлықтарды қуантқан сүйінші хабарға ілесе өтіп отырғанын да жақсы ырымға балады.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Студенттерді кәсіпорындарға шақырады
ERG Еуразиялық топтың еліміздегі кәсіпорындарында Ашық есік күні өтті, оған 300-ден астам студент келді. Кәсіпорындардың өкілдері студенттерге өндірістік жұмыстың ерекшеліктерін, Еуразиялық Топтың жетістіктері мен жоспарларын таныстырды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Мұнай компаниясы спорт кешенін сыйға тартты
Халық көп шоғырланған Мұнайлы ауданының ауылдарында әлеуметтік нысандар жеткіліксіз. Маңғыстау өңірінде өткізілетін Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында Қашаған кен орнын игеруші Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының тұрғындарына жаңа көп функциялы спорт кешенін тұрғызып, табыс етті.