Аймақтар • 11 Шілде, 2019
Қаратөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Қаратөбе ауданы әкімдігі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұxит жастары» ЖҚБ, «Ізгілік» ҚБ және аудандық «Руxани жаңғыру» кеңсесінің ұйымдастыруымен «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедиция өтті.
Қоғам • 11 Шілде, 2019
Баланың ойыны – баланың болашағы
Жақында бір педагог балалардың үйренсем, білсем деген құлшынысы жоғалып бара жатқанын айтып қалды. Балалар таңертең мектепке көбіне ұйқылы-ояу күйде келеді. Бірдеңе үйретейін десе, қалғып отырады. Ата-анасынан сұраса, түнімен телефонға телміретін көрінеді.
Қоғам • 11 Шілде, 2019
Құмар ойын құрығы һәм миллиардтар мәселесі
Голливудтың блокбастерлерінде ғана құмар ойынның қызығына түскен бас кейіпкер ақыр соңында қыруар қаражатқа кенеліп, бас антагонистің сазайын тартқызып, бай болып, барша мұратына жетіп жатады. Алайда, бұл кино екені түсінікті. Шынтуайтына келгенде, өмірде барлығы керісінше өрбиді. Құмарлықтың құрығына түсіп, шырғалаңға шатылған жанды құтқару қиынның қиыны. Алда-жалда бірлі-жарымды құмарпаздың қанжығасы майланғанның өзінде, бұдан казино да, букмекерлік кеңселер де ұтылмайтын көрінеді. Неліктен? Міне, осы сұраққа жауап іздеп, отандық гемблинг индустрияның жай-күйін аңдап, айналымдағы қаражат көлемін бағамдап көруге тырыстық.
Қоғам • 11 Шілде, 2019
Nur Suńqar лайықты иелерін тапты
Халық пен мемлекет арасында алтын көпір болып жүрген журналистер қауымының еңбегі жанып, есімі ерекшеленетін сәт – Nur Suńqar республикалық конкурсы. Кеше елорда төріндегі Тәуелсіздік сарайында БАҚ өкілдерінің бағын жандырған осынау мерейлі байқаудың марапаттау салтанаты өтті.
Президент • 09 Шілде, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.