Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Елімнің тағдыры – менің де тағдырым деп білетін барлық қазақстандық патриоттар секілді мен де жан-жағымдағы болып жатқан жайттарға бейжай қарай алмаймын. Қоғамда қанша адам болса сонша пікір туады. Сондықтан мені біреулер қолдап жатуы мүмкін, кейбіреулері керісінше әрекет танытуы заңды.
Әлем • 06 Шілде, 2019
Назарбаев қандай құрметке де лайықты – дейді ауғанстандық суретші Робаба Мохаммади
Ауғанстандық суретші Робаба Мохаммадиге тағдыр ана жатырында жатқанда-ақ жылы қабақ танытпапты. Тағдыры ерекше жаратылған жан туралы алдымен Батыс басылымдарынан оқып-білдік. 19 жастағы суретші қыздың галереясында біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті бар екенін білгенде, қызығушылығымыз тіпті арта түсті. Іле-шала Алматыда оқып жатқан ауғандық достарымның көмегімен Робабамен скайп арқылы тілдесудің сәті түсті.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Бітімгерлік еңбегі жоғары бағаланады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап ішкі-сыртқы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесіне баса мән берді. Мемлекет басшысының бұл еңбегі зая кеткен жоқ.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Егемен еліміздің есею жылдары елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының еңсе тіктеуімен қатар сипатталады. Еуразияның жүрегінен орын тепкен астана – Қазақстан дамуының айқын көрсеткіші, айшықты айнасы. Бүгінде халқы миллионнан асып, мегаполис атанған шырайлы шаһардың күннен-күнге келбеті өзгеріп, «ақылды» технологиялардың кеңінен қолданылуы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға сеп болып жатыр.
Қазақстан • 06 Шілде, 2019
Қараөткелде мұнаралы мешіт тұрғызған
Елорда жұртшылығы үшін осынау мерекелі мезетте тағы да бір тамаша игі бастама бой көрсетті. Бас шаһардың тарихы тым әріде екені бүгінде жан-жақты айтылып, жазылып келеді. Ежелгіні айтпаған күннің өзінде Ақмола округінің алғашқы аға сұлтаны, Орта жүздің ханы Сәмекенің шөбересі Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының бұл өлкеге өнеге боларлық істері өте көп болған.