Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Дербестікке көшуіне байланысты бүгінгі күні еліміздегі әрбір жоғары оқу орны өз білім траекторияларын белгілей бастады. Солардың бірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлің мемлекеттік университеті. Мұндағы басты мақсат –сан мен сапаның бірлігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру және бүгінгі заманның өскелең талабынан қалмау болып отыр. Өзіндік білім тұжырымдамасын жасақтап, алға асқақ мақсаттар қоюдың басты мәнісі осында дейді аталған жоғары оқу орнының ректоры Бауыржан Ердембеков. Мұндағы профессор –оқытушылар құрамы мен студенттерге үздіксіз ізденіс үрдісі тән. Жұбановтықтардың Аккредиттеу және рейтингтік тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген рейтингте Қазақстанның ең үздік 20 ЖОО-сы арасында алғашқы төрттіктен орын алуы –осындай тымбай ізденістің нәтижесі екені анық.
Спорт • 05 Шілде, 2019
Жас балуандар елордаға жиналды
Кеше Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігінің жалауы желбіреді. 7 шілдеге дейін созылатын бәсекеге 19 мемлекеттен, яғни Қазақстаннан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Иран, Ирак, Жапония, Сауд Арабиясы, Сингапур, Иордания, Қырғызстан, Түрікменстан, Моңғолия, Солтүстік Корея, Сирия, Тайпей, Тәжікстан, Таиланд және Өзбекстаннан келген 308 балғын балуан бақ сынап жатыр.
Үкімет • 05 Шілде, 2019
Сенат жұмысы жоғары нәтижемен қорытындыланды
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Мәжіліс мақұлдаған «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Сонымен қатар жалпы отырыс барысында кезекті сессия жұмысы қорытындыланды.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Тұтастықтың, татулықтың туын тік ұстайық
Қазақстан – құшағы ыстық, алақаны аялы, мейірімі төгілген біздің Отанымыз. Осы жерде өсіп-өнген, өрбіген қаншама этнос ауызбіршілігінің арқасында осынау алып шаңырағымызды шаттыққа бөлеп отыр. Бірлік пен татулық салтанат құрған мемлекетімізде ел ішін жарастырған келісімнің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Бурабай ауданында шаруа қожалықтары көбейіп келеді
Жуырда Бурабай ауданының бірнеше ауылын аралаудың сәті түскен еді. Арнайы баспасөз турының аясындағы сапарымызда жергілікті азаматтардың мал шаруашылығын өркендетіп жатқанына куә болдық.