Қазақстан • 05 Шілде, 2019
Темір жол билетін алыпсатарларға тосқауыл қойылды
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ электронды жол құжатын сату жүйесін жетілдірді. Билеттерді сатудың автоматты жүйесі адам факторын азайту мақсатында айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Астана ауыстырудың әлемдік тәжірибелері
Бағзы замандардан басталған мемлекеттердің астана ауыстыру үдерісі бүгін де жалғасын табуда. Оған негізінен елдегі соғыс жағдайы, саяси-экономикалық, экологиялық ахуалы себеп болуда. Көп жағдайда жаңа астананы белгілеуге сол мемлекет басшысының саяси ерік-жігері де әсер етеді. Мәселен, біздің еліміздің астанасын Арқа төсіне көшіруге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болып, бұл шешімнің дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеп берді.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Сегрегацияның тоқтағанына – жарты ғасыр
Осыдан 55 жыл бұрын 1964 жылы 2 шілдеде АҚШ президенті Линдон Джонсон «Азаматтық құқық туралы» билльге қол қояды. Бұл заңға сәйкес, АҚШ-та азаматтарды нәсілге, діни сенімі, әлеуметтік жағдайы, жасы мен жынысына қатысты бөліп-жаруға, қандай да бір дискриминацияға тыйым салынған болатын. Аталған құжат тек Америкада ғана емес, әлемдегі дискриминациялық белгілерді азайтуға ықпалын тигізді.
Әлем • 05 Шілде, 2019
Өзара сенім серіктестікке серпін қосады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның жеке шақыруымен Вашингтонда ресми сапары өтті. Сапар аясында АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонмен және Мемлекеттік хатшы Майкл Помпеомен келіссөздер жүргізді.
Әлем • 05 Шілде, 2019
2017 жылдан бері Еурокомиссиияның төрағасы Жан-Клод Юнкер келесі мерзімге сайланбай орнынан кетуі мүмкін деген болжамдар айтылды. Оның орнына 28 еуропалық елге «билік жүргізетін» үкіметбасы болуға ниеттілер аз емес еді. Соңғы уақытта осы және басқа да орындарға талас Еуропа саясаткерлерінің арасында тіпті өршіп кетті. Міне, осы аптада Еуропалық Одақ ұйымның ең маңызды қызметтеріне жаңа азаматтарды тағайындады. Олар кімдер және алдағы уақытта қандай саясат ұстануы мүмкін?