Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Жетісу жерінде өткен қазақ-қырғыз зиялыларының форумы «Манас» фестиваліне жалғасты
Алатаудың қос қапталын қатар жайлаған қазақ пен қырғыздың тарихи тамырластығының бір көрінісі екі халықтың ортақ мәдени мұраларымен де айқындалады. Мәселен, қырғыздың ұлттық шежіресіне айналған «Манас» эпосы қазақ арасында кеңінен таралып, рухани құндылық ретінде қалыптасқанына ғасырлар жүзі болды. Бұл сабақтастық қазір де ортақ мәдениет үлгісін қалыптастырып, тың ғылыми зерттеулерге, ғаламдық танымдық жобаларға ұласып отыр. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың хатқа түсіруімен берісі Алаш баласына, арысы түгел түркі жұртына танылған «Манас» жырының әуезді мақамы Тәуелсіз екі елдің азат ұрпағын мәңгілікке әлдилей беретініне кім дау айтар...
Аймақтар • 01 Шілде, 2019
Апат айтып келмейді... Арыстағы көкөніс егіп, мал баққан момын шаруа, тіршілігі темір жолға тікелей байланысты жұмысшылар, ұл-қызының бірыңғай ұлттық тестілеуден қалай өтетініне ғана алаңдап жүрген ата-аналар – ешқайсысы ертеңгі таңда бүкіл қала өмірін күрт өзгертетін апат болатынын білген жоқ...
Президент • 01 Шілде, 2019
Неге 100 күн? Президенттің алғашқы 100 күні концепциясы АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельттен бастау алған деген түсінік бар. Ол 1933 жылы Ұлы тоқырау уақытында билікке келіп, алғашқы үш айдай мерзімде кедейлерге көмек беретін, жұмыссыздықпен күресетін, банктерге сенімді қалпына келтіретін 15 заңды қабылдатып үлгерген екен. Осы саяси дәстүр кейінгі ел басшыларына да әрі мұра, әрі сын ретінде қалып келеді. Кез келген Президент қызметіне кіріскен өзінің алғашқы 100 күнінде мемлекетті басқару, дамыту стратегиясын айқындап, нақты шешімдер қабылдап үлгеруі тиіс. 100 күн. Ұзақ та, қысқа да емес.
Үкімет • 28 Маусым, 2019
Жағдайы төмен отбасыларға жасалған бірегей көмек
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Президенттің «Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру бойынша атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.
Қоғам • 28 Маусым, 2019
Кей салада заң бұзушылықтар азаймай отыр
1 шілдеден бастап пойыз билеттерін заңсыз сату, жолаушыларды темір жол көлігіне орналастыруда заманауи бақылау әдістерін қамтитын, жауапты мамандардың қызметтік бабын пайдалануын шектейтін бағдарлама енгізу туралы шешім қабылданды.