Аймақтар • 26 Маусым, 2019
Ай, айналайын Арысым-ай... Қасіретті Қайырымдылық жеңеді
Арыстағы апат туралы ести сала Ағыбайға телефон шалдық. Әбдімәлік Ағыбай ғой. Қалалық газеттегі. «Басталғалы біраз уақыт болды, аға. Биіктеу жерде жүрміз. Қиын боп жатыр...» деді ол.
Қазақстан • 26 Маусым, 2019
Карточкамен төлегендерге мемлекет бонус бермек
2021 жылдан бастап елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысқаны үшін азаматтарға мемлекет тарапынан бонус төленуі мүмкін. Қазіргі таңда тиісті министрлік оны жүзеге асыру тетіктерін банктермен бірлесіп қарастырып жатыр. Бұл туралы Forbes.kz хабарлады.
Қазақстан • 26 Маусым, 2019
Қаржы орталығының қызметі ілгерілеп келеді
Елордадағы халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты өтіп, биржалық операциялық қызметі іске қосылғанына бір жыл болды. Былтыр 50-ден астам мемлекет пен халықаралық ұйым басшыларының қатысуымен өткен ауқымды шарада Елбасы Н.Назарбаев: «Астана» халықаралық қаржы орталығы – тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы» деген еді.
Сұхбат • 26 Маусым, 2019
Теңіз астында тарихи қазына жатыр
Каспий аймағында орналасқан елдерге тиесілі су асты мұралары әлемде құпиясын ашпаған таңғажайыптар қоймасы. Алматыда ЮНЕСКО-ның Каспий аймағындағы елдердің су асты мәдени мұраларын қорғау жөніндегі алғашқы өңірлік кездесуге қатысқан мамандар осылай деп отыр.
Руханият • 26 Маусым, 2019
Сайын дала Сарыарқаның бір бүйірінде жатқан Қарқаралының ұлт тарихындағы айрықша орны туралы аз жазылған жоқ. Ғажайып табиғаты қандай көркем болса, Қарқаралының тарихи тұлғаларының да тағдыры күрделі болып қалыптасты. Сондай асылдан туған арда азамат, алаштың айбоз ұлы Аманбай Шегіров жайлы әңгіме өрбітпекпіз. Ғасыр басындағы ділгір мамандық дәрігерліктің оқуын оқып, туған халқының дертіне шипа іздеген абзал жан, саналы ғұмырын сан алуан ауру-сырқаттың жанында өткізген, осынау ұлы кәсібін өлгенше сүйіп өткен есіл ер жайлы қанша айтып жазсақ та, артық болмайды.